3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Ғалым Оспанова Фарида Амирбекқызының 2006 ж «Фраеологизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі»



бет6/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Ғалым Оспанова Фарида Амирбекқызының 2006 ж «Фраеологизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі» атты диссертациясының авторефераты.Фразеологизмдердің зерттелу тарихы тым әріден басталғанымен ішкі мазмұнын анықтауда уәж, уәжділік, уәжділік арақатынасы, байланысы төңірегіндегі мәселелер әлі де теориялық тұрғыдан кешенді зерттеуді қажет етеді. Фразеологимздер құрамындағы компоненттердің бірнеше мағыналарының ішіндегі негізгісі деп танылған білгісі халықтың өмірінен, қалыптасуына уәж болады. Фраезологизмдердің қалыптасуына қарай да бірнеше топқа бөлінеді: әдет-ғұрып, наным-сенімге орай; тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғаларға байланысты; жан-жануарларға байланысты; түр-түске қатысты; адамның дене мүшелеріне қатысты; теріңдік өлшемдеріне қатысты; уақытқа байланысты т.б. Фразеологизмдердің мағыналық құрылымын терең зерделеу, уәжділік тұрғысынан қарастырып, оларды құрастырушы сыңарлардың қаншылықты дәрежеде уәжділіктің қатысы бар деген мәселелер арнайы зерттелмеген.
Ғалым Қалиева Самал Ерболқызының 2007«Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері» атты авторефератында фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктеріне тоқталады.
«Фразеологизмдердің кейіпкер бейнесін берудегі тілдік-бейнелілік қызметі» атты тараушада қаламгердің қуатты сөз өрнегін кейіпкер бейнесін ашуда қалай қолданылатыны туралы айтылады. Тіліміздегі фразеологизмдер бояуының ерекшелігімен, ұлттық колоритімен кейіпкер бейнесін жан-жақты көрсетуге зор мүмкіндік береді. Бұл орайда фразеологизмдерді шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.

  • фразеологиздердің кейіпкерге мінездеме беруде қолданылуы;

  • фразеологизмдердің кейіпкердің ішкі психологиялық жағдайын беруде қолданылуы;

  • фразеологизмдердің кейіпкер портретін беруде қолданылуы;

  • фразеологизмдердің кейіпкердің нақтылы қимыл-әрекетін беруде қолданылуы.

Ержанова Зохре «Қазақ қолөнеріне байланысты фразеологизмдердің этномәдени аспектісі» 2010 атты авторефератының «Қазақ қолөнерімен байланысты қалыптасқан фразеологиздердің этномәдени негіздері» деп аталатын бірінші тарауында қазақ тіліндегі фразеологизмдердің зерттелу жайы мен қазіргі бағыттары, фразеологизмдерге ұйытқы болған атаулардың бірнеше ғалымдар тоғысында зерттелуі, кәсіби фразеологизмдердің қалыптасу арналары сөз болады. Ғалым фразеологизмдерді

  • Тас өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологизмдер

  • Ағаш өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологимздер

  • Үйге қатысты фразеологизмдер

  • Киіз үйдің құрамдас бөліктеріне қатысты фразеологизмдер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет