Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизм құрамындағы сөздер бір –бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымымен беретін мағынасына ой жіберсек, оларды құрастырушы сөздердің бірде-бірінің лексика-семантикалық мән мағынасына ешбір қатысы болмай, мүлде басқаша мағынаны білдіреді. Құрамындағы сөздердің мағыналық жігін ажыратуға болмайды.
Фразеологиялық бірлік. Мұнда да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыспалы мағынадан қолданудан шығады. Кейде фразеологиялық тұтастық пен бірліктің арасында айырмашылық байқалмай тұратын фразеологизмдер бар. Фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден өздерінің семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгешеленеді.
Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шыққан. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылғанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Фразеологиялық тізбектердің құрамындағы сөздердің образды мағынада жұмсалуы олардың теңеу, салыстыру сияқты көркемдік мағынада айтылуына байланысты. Алайда ауыспалы мағынада аталған тұрақты сөз тіркестерінің бәрін бірдей фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды.
І. Кеңесбаев фразалық тұлғалардың басты үш белгісіне сүйене отырып, қазақ тілінің құрамындағы фразеологизмдерді үлкен екі топқа: фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық тіркестер деп бөледі. Және дәстүрлі термин атауларына сай фразеологиялық түйдекке идиом сипатындағы фразеологизмдерді жатқызады. Ал фразеологиялық тіркестердің өзін екіге бөліп:
түйдек тіркеске –оған әуел бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада ұолданудан туған, әрі о бастағы мағынасы жоғалмаса да көмескіленген деп айтады.
түйін тіркеске әуел бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада қолданылатын, бірақ ФТ сыңарларының бастапқы мағынасы көмескіленбей әнтек солғын айтылады деп, мынадай мысалдарды келтіреді.
[Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» 99,104-бет].
Қазақ фразеологиясының теориялық мәселелеріне арналған зерттеулерде көрініс тапқан фразеолгизмдерді сөз табына топтастыру туралы пікірлерде негізінен бірізділік байқалады.
Ә. Қайдар, Р. Жайсақовалар фразеологизмдерді сөз табына қатысына қарай 5 топқа бөледі.