3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер



бет10/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

1.3. Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер:
1. Енді, міне, соңғы кезде өз-өзінен қоңылтақсып, көңілі құлазып, үй ішінде бір бұраудың басын сындырмай, тапжылмастан жатып алатынды шығарды(«Жапандағы жалғыз үй», 26 бет).
Бір бұраудың басын сындырмады Қол ұшын қимылдатпады, бос жүрді[ҚТТС, 155 бет].
Бір бұраудың басын сындырмады тіркесіне негіз болған бір сөзі болса, сол бір саны қазақ халқында киелі сан есімдердің қатарын бастаушы. Ол туралы қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдердің табиғатына ғылыми талдау жасаған ғалым К.Қ. Рысбаева бір санының «құдай, алла, жаратушы ием» сөздерімен тіркесіп келетінін айтады. Бір құдірет –он сегіз мың ғаламды жаратушыжалғыз Алла, бүкіл дүниені, адамзат пен тіршілікті жаратушы жалғыз –құдай немесе алла болса, бір саны жалғыз сөзімен мағыналас келеді. Бір саны соматизмдермен тіркесіп соңғы, қорытынды деген мағына береді. Мысалы: бір ауыз сөз «соңғы сөз», бір беткей «айтқанынан қайтпайтын», бір ауыздан «түгел, тегіс» т.б. Сонымен қоса, бір санымен тіркесіп заттың, нәрсенің мөлшерінің, арасының аз, жақын екенін білдіретін тіркестер де қазақ тілінде көптеп кездеседі[«Фразеология теориясы» Р.Авакова 167 бет].
2. Қолына қыз тиген жігіттер мұндайда жерден жеті қоян тапқандай, қашан аяғы салдырап қалғанша тоқтамай, самайынан тарам-тарам тер ағып, тоқтаусыз билейді(«Жапандағы жалғыз үй», 78 бет).
Жерден жеті қоян тапқандай қуанды. Қатты шаттанды[ҚТФС, 259 бет].
«Қуану» мағынасын беретін жерден жеті қоян тапқандай тұрақты тіркесінің қалыптасуына қоян мен жеті саны негіз болса керек. Мұндағы қоян береке, молшылықпен байланыстырылады. Ал жеті саны мұндағы дыбыстық үйлесім негізінде немесе қазақ халқындағы киелі жеті санымен байланысты.
Түркі халықтарында жеті санымен астрономиялық терминдер мен түсініктер қалыптасқан.Сонымен қатар, жеті саны түркі тілдерінде туыстық қатынастарды да білдіреді. Мысалы, «жеті ата» қазақтың ескі рулық жігінде ата, аталастық негізгі орынға ие болған. Бір кісіден тараған аталас қауым жеті атаға жеткенде ақ түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасап, бұдан былайғы жерде қыз алып, қыз берісуге болған. Осыдан бері «жеті атадан әрі ғана қыз алысу» заңы Тәукенің тұсында шыққан. Бертін келе алыс-жақындық өлшемі де осы жетімен өлшеніп, мұсылман дініндегі елдер ең болмағанда әр рудың жеті атасынан бергі шежіресін білуге міндетті болған. Жеті ата қазақ халқы үшін –бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата. Халық әдет-ғұрпында өлген адамның жетісін өткізу салты бар. Қазақ тіліндегі жетісін өткізу фраземасы «өлген кісінің артын күту» мағынасында қолданылады. Қайтыс болған кісіге жеті күн өткен соң, құдай садақа береді, оны еске алу үшін жұртты жинап ас береді. Жеті санының «молшылық, байлық, баршылық» мағынасын беретін тілдік фактілер бар. Сонымен қоса, жеті ғалам «бүкіл әлем» фраземасының мотиві, халық танымындағы жеті ғалам болып саналса, халық дәстүрінде жеті қазына тіркесі де қолданылып жүр[«Фразеология теориясы» Р.Авакова 178-180 бет].
3. Бұл кезде совхоз басшыларының төрт көзі түгел екен(148 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет