3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы



бет12/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

1.5. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы


Антонимдер
Тіл –тілімізде тілдік бірліктердің мағыналары кейде бір- біріне қарама-қарсы келіп жатады. Антоним термині –әлем тілдерінің бәрінде бар құбылыс. Антоним термині-гректің «onty»-қарсы деген сөзінен шығып, қарама-қарсы есім дегенді білдіріп, қарама-қарсылықты зерттейтін лексикологияның антонимика саласында қарастырылады.Антонимдер айналадағы заттардың, құбылыстардың сын- сапасын, артық-кем, мөлшер –көлемін салыстырып, бірі-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ә.Болғанбаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын- сапасын, артық-кем қаситеін, мөлшер- көлемін салыстырып, бір –біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Зерттеуші ғалым К.Қ.Есіркепова өзінің “1960 – 1980 жылдардағы әйел – ақындар поэзиясының тілі (Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, А.Бақтыгереева, К.Ахметова шығармалары негізінде)” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. “Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын – жазушылар өзара қарама – қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама – қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.
Ғалым Т. Бекниязов: «антонимдер ақынның айтар ойын нақ түйіп, тұжырымдап, байлауын айқындап,өлең әсерін күшейтумен қатар оқырман мен авторды бір ұғымға ортақтастырып тұратынына» назар аударған.
Ғалым К.Аханов «Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама –қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық-айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді» деген.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Антонимия құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен,оның тіл- тілде синонимия, полисимия құбылысына қарағанда, өрісі тар болды. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті.Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады.
Белгілі лексколог ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы» деп, антонимдерге анықтама беріп, антонимдерді сын есімге тән антонимдер, етістікке тән антонимдер, зат есімдерге тән антонимдер, үстеуге тән антонимдер деп жікке бөліп, қарастырады [Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» 117-бет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет