Профессор Ф. Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында антонимдердің өзіндік ерекшелктерін атап көрсетеді. Антонимдердің өзіндік ерекшеліктері бар:
Антоним сөздер арасындағы ұғымдық жақындық болады.Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама- қарсы бағасының атауы болып табылады.
Антонимдер кезкелген сөздермен тіркесе бермейді.
Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отырушы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай-ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі.
Антонимдер – семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама-қарсылыққа негізделеді.
Антонимдер лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады.
Ғалым Анар Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында антонимдік парадигма жайында сөз қозғайды. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздердің жүйелі тобы- антонимдік парадинманы құрайды. Болмыстағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары арасында қарама –қайшылықтың болуы диалектиканың даму заңдылығы. «Қарама-қайшылық –әлемді қозғаушы..., кез келген қозғалыстың, өмірдің түп тамыры; қандай да бір нәрседе қарама-қайшылық болғанда ғана ол қозғалады » Антонимдік қарама-қарсылық заттар арасындағы қарама-қарсылық емес, олардың қасеттерінің, сапаларының, белгілерінің арасындағы қарама-қарсылық. Тілдік антонимияны логикалық категория саналытын қарама-қарсылық ұғымы арқылы түсіндіру қажет. Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың қарама-қарсылығы оларды салыстыру кезінде ғана көрінеді.
Ғалым Жүсіпов Асқар Елтайұлы «Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары» 2004жатты диссетациясының авторефератында Антонимдердің зерттелуі туралы айтылады. «Антоним терминінің өзін әр зерттеуші әр түрлі түсіндіреді. Антонимдерге түрлі анықтама бергенмен де, олардың табиғатын түсінуүшін ең алдымен, осы қарама-қарсылық дегенді анықтап алу қажет.Антонимдер сөздің бүкіл мағынасында емес, тек белгілі бір мағынада ғана жақындасады. Демек антонимдерді қарастыру да, антоним таңдауда да сөздің көп мағыналылығын ескеру қажет».