Дос 1. Сырлас, жора-жолдас, жақын адам. 2. Ауысп. Жанашыр, қамқоршы, ақылгөй[ҚТТС, 205 бет].
Жау I Бір елге шабуыл жасаушы, шапқыншы, дұшпан. Жау II Жаңбыр не қардың аспаннан жерге түсуі; нөсерлеу[ҚТТС, 281 бет].
–Суыр екеш суыр да жаз бойы шөп тамырын жиып, қыс бойы қоңын бермей шығады(101 бет).
Жаз I Көктемнің кейінгі жыл мезгілі. Жаз IIОй-пікірді жазу таңбалары арқылы қағазға түсіру. Жаз II Жаймалап, тегістеу, жою, жайып салу. Жаз IV Ауру-сырқаттан емдеу, дерттен жазып жіберу, сауықтыру. Жаз V Ризық, несібе, бұйрық[ҚТТС, 245-246 бет].
Қыс I Бір нәрсені екі заттың арасына салып сығу, жаншу. Қыс II Ең суық жыл мезгілі[ҚТТС, 564 бет].
«Қап, тым құрымаса ұзай алмадым-ау» деген өкінішті ала құладым. Одан арғысы өң мен түстей: ет қызумен атып тұра бергенімде екпіндей жеткен бір ат омырауымен қағып өтті...(159 бет)
Өң 1. Ажар, көрік, жүз, реңк, бет-пішін. 2. Заттың теріс жағына қарама-қарсы жылтыр жағы; оң жағы. 3. Ауысп. Адамның ұйықтамаған, ояу кезі[ҚТТС, 655 бет]. Түс I Күннің орта мезгілі, сағат бір кезі. Түс II Ұйқы кезінде елестелетін әртүрлі көрініс, бейне. Түс IIIӘртүрлі, алуан бояу. Түс IV Адамның кескін-келбеті, бет пішіні. Түс V Биіктен, жоғарыдан, төмендеу, жерге түсу[ҚТТС, 835 бет].
Біреудің өлімі оттан, біреудікі судан(169 бет).
От I 1. Қызуы аса күшті алаулаған жалын. 2. Ауысп. Күш-қуат, қажыр-қайрат, жігер. От II Малға азық боларлық шөп[ҚТТС, 642-643 бет].
Су 1. Өзен, көл т.б.түзетін мөлдір сұйық зат. 2. Құрғақ емес, ылғал[ҚТТС, 742 бет].
Әйтеуір бай аулы күнде әбігер де, кедей аулы тыныш(183 бет).