3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет22/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Ғалым Анар Салқынбай өзінің «Қазіргі қазақ тілі» атты еңбегінде «Тұлғалық жағынан әр алуан болғанымен, мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздердің жүйелі тобы-синонимдік парадигманы құрайды. Синонимдік парадигманы құрайтын сөздердің ерекшелігі мазмұндары бір-біріне жақын, мәндес, іргелес ұғымдарды анықтайды, семантикалықбелгілері ұқсас болады да, тұлғалану әр түрлі сипатта болып, сырттай дифференцияланып тұрады және лебіздегі қолданысы жағынан стильдік аяда ажыратылады.» Қазақ тіл білімінде синонимдер жүйесі біршама жақсы зерттелген, лебізде және тілімізде кездесетін синонимдер толықтай жинақталып, сөздік ретінде басылып шыққан, көптеген ғылыми зерттеулерде оған анықтамалар беріліп, тілдік сипаты талданған. Синонимдерді алғаш терең зерттегенғ тамаша еңбек жазған ғалым-Ә.Болғанбаев. Ғалымның 1957 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі зат есімдік синонимдер» атты зерттеу еңбегіне бастап, «Қазақ тіліндегі синонимдер», «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» атты еңбектері жарық көрген. «Синоним» терімсөзі тіл білімінде кең мағынада қолданылады;морфемалардың синонимі, синтаксистік құрылымның синонимдік қолданысы, фраеологиялық бірліктердің синонимдес қолданылуы т.б.

Қазақ тіл білімінде арнайы сын есім синонимдерді зерттеген ғалым Фаузия Оразбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» еңбегін айрықша атауға болады. Бұл еңбекте ғалым сын есім синонимдерді мынадай түрлерге бөліп, қарастырады:


1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік – стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық – стилистикалық сын есім синонимдер [Ф. Оразбаева «Қазіргі қазақ тіліндегі синонимдер» 78 бет].
1. Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада бірдей жалпылама қолданыла беретін синонимдер. Мысалы, батыл-өжет-өткір- жүректі деген сөздер қорықпайтын, қамықпайты, тасалмайтын ер деген ұғымды білдіреді.
Мағыналық синонимдер бір-бірінен мағыналық реңктері арқылы ажыратылатындықтан, бір стильдің өз ішінде кезектесіп, кейде қатарма –қатар келе береді. Бұлар әрбір жеке қолданыстағы сөздердің мағынасы жалпы ойды анық, әрі дәлме- дәл нақтылы түрде жеткізу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет