Суық 1. Салқын, жылы емес. 2. Ауысп. Ызғарлы, қатаң, салқын[ҚТТС, 745 бет].
–Ал мына беткейді қарашы. Қалың шыққан, бірақ бір тұтас емес. Кей жері биік, кей жері аласа(107 бет).
Биік 1. Асқар, заңғар, зәулім. 2. Төмен емес, жоғары. 3. Өте жоғары, көп қабатты. 4. Ауысп. Атақ-дәрежесі зор, мәртебелі[ҚТТС, 132 бет].
АласаБиік емес, жатаған[ҚТТС, 38 бет].
Кешегі тоқтық тарқап, аш өзек өртеніп барады(116 бет).
Тоқ I 1. Тамаққа тойған, қарны тоқ. 2. Ауысп. Жұп-жуан, толық. Тоқ II Тоя ішіп-жеген астың қуаты[ҚТТС, 806-807 бет].
Аш I Ас ішіп, тамақ жемеген, азықтанбаған. Аш II 1. Жабылған, бекітілген нәрсені ашық қалыпқа келтіру. 2. Екі нәрсенің арасын, жігін ажыратып бөлу[ҚТТС, 75 бет].
Етістіктерге тән антонимдер: Жоқ, өл, тіріл, қайткенде де Халелдің аяғына тұсау салу керек(36 бет).
Өл Жүректің соғуы тоқталып, өмірі таусылу; қаза болу[ҚТТС, 651 бет].
Тіріл1. Жан біту, жан кіру, жандану. 2. Ауысп. Әлдену, күш алу, түрлену[ҚТТС, 847 бет].
Боташ қыбыжықтап, басындағы жыртық тымағын бір шешіп, бір киеді(206 бет).
Шеш I Жіптің байлауын, түйінін тарқату, ағыту, босату. Шеш II Белгілі бір мәселенің мәнісін ашып айқындау, ұйғарымға келу[ҚТТС, 915 бет].
Ки 1. Киім кию. 2. Ауысп. Орану, жамылу, бүркену. 3. Тағу, салу[ҚТТС, 394 бет].
Кейде, қалың батпаққа машина күпшегіне дейін батып, үсті-басың малмандай су болып, бір түсіп, бір шығып қатты кейисің(231 бет).
Түс I Күннің орта мезгілі, сағат бір кезі. Түс II Ұйқы кезінде елестелетін әртүрлі көрініс, бейне.