Аш қасқыр құлынды жайратып тастап, бір жерге үйіріле қалған жылқыларды тым-тырақай қуды(«Жапандағы жалғыз үй», 118 бет).
Бес-алты жасқа дейін мешел болып, ақыры жансебіл бала адам болып жүріп кетеді(«Жапандағы жалғыз үй», 130 бет).
Жарым көңілі босап кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 135 бет).
Мына қара жауын астында саясыз қалған Дика, өмірде де еш панасыз екенін ойлағанда іші одан сайын қалтырайды(«Жапандағы жалғыз үй», 136 бет).
Дене бітімі нәзік болғанмен сұңғақ бойлы, сирақты Халел бірінші рет анасының алдына қалқан болып тұра қалды(«Жапандағы жалғыз үй», 140 бет).
Қарасай «сен де мақұлдап, бірдеме десеңші» дегендей Жәмішке оқты көзімен бір қарап қойып еді, ол да жалма-жан қосыла кетті: -Иә, балам, қолға күрек ұстадың не, сауда жасадың не, бәрі бір көмейдің қамы(«Жапандағы жалғыз үй», 145 бет).
Ақбөпені біресе аяйды, біресе әке қосқан қосағынан жас бала қысылады(«Жапандағы жалғыз үй», 147 бет).
Бойы биік болғанмен сүйегі нәзік, қызыл шырайлы Халелдің түсіне қарағанда қыз мінезді, жуас әрі сабырлы екені көрініп тұр(«Жапандағы жалғыз үй», 149 бет).
Жоқ, басқа сөздің қажеті жоқ, -деп, аузымды қағып, енді қалтасынан жарқ еткізіп алтын білезік алды(«Жапандағы жалғыз үй», 156 бет).
Құлағы түскен самауыр, тесік шелек, мойны сынған кәпкір, ожау(«Жапандағы жалғыз үй», 157 бет).
Осы арамен өткен сайын алыстан мұнартқан ақ қайың көзіне оттай басылып, оның селдір бұтақтарының арасында ағасы Жәлел отырғандай сезіледі(«Жапандағы жалғыз үй», 167 бет).
Қысқа жүндері түлеп, жонданып алған азулы қасқырлар жалғыз атты жолаушыны басынып алды-артын орай бастады(«Жапандағы жалғыз үй», 170 бет).
Төрдегі жұпыны стол басында отырған Райхан күнде араласып жүретін адамынша Қарасайға самарқау ғана басын изеп:
Сыртта қалған қара ит арс ете түсті де, лезде қаңқ етіп дыбысы өшті(«Жапандағы жалғыз үй», 184 бет).
Шегін суырып алғандай ішін тартып шыңғырып жылаған ащы дауыстан шырт ұйқыда жатқан Жәміш оянып кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 196 бет).
Бурыл, сұйық шашын жайпақ табанды жұпыны бәтеңке, қоңыр шұлық, қабағы кірбің, бірақ көзі отты мосқал әйелдің алдына Дерягин бұрын жеткен(«Жапандағы жалғыз үй», 222 бет).
Қорыта айтқанда, С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» шығармасының тілін талдау барысында 47 эпитет теріліп, талдауға түсті. Жазушы эпитеттерді ұтымды пайдалана білген.