3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады



бет50/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады дегендей, құр күпсінгенмен бола ма, екі қолға бір жұмыс, неміз күйе кетіп барады, -деп тесігі төбеннің жасуындай мұрны үнемі шуылдап отыратын, танауы құсырылған Боташ деген сөзуарлау мылжың шал басындағы жалбыр тымағын шешіп, құлағын жымқырып қайта киді(«Жапандағы жалғыз үй», 101 бет).

Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады 1. Әдетте, мал бағушы (шопан) көп малдың бас-аяғын жинап, жан-жаққа бытырап кеткендерін қайтару үшін ысқыратыны белгілі. Ал, бес ешкі үшін соншама қатты ысқырудың қажеті жоқ, әрі ол өрескел қылық; 2. Ауыс. Тындырған ісінен де салған байбаламы, бос даурығуы мол[«Халық даналығы», 179 бет].

  1. –Ал енді сайман жағын Күргерей екеуміз жатпай-тұрмай қолға аламыз, көз қорқақ, қол батыр(«Жапандағы жалғыз үй», 102 бет).

Көз –қорқақ, қол –батыр ауыс. Әдетте, істі бірден бастап кету кімге болса да қиын, өйткені ол істің ауыр-жеңілдігін, оңай-қиындығын алдын ала көріп, адамды жүрексіндіріп, тіпті қорқытып тұратын бақылаушы –көз бар; ал ондай істі жеңіл-қиындығына қарамай бастап, бірден әрекетке кірісетін –ол қол (жұмыс құралы). Оның батылдығы, міне, осында. Мақал адамды сақтандырушы көз бен батыл қолдың әрекеті мен қасиетін осылайша аңғартады[«Халық даналығы», 356 бет].

  1. Есік көргенді алма, бесік көргенді ал дейді(«Жапандағы жалғыз үй», 106 бет).

Есік көргенді алма, бесік көргенді ал ауыс. Қазақ қауымында қалыптасқан пікір: үйленетін жігітке «есік көргенді алма» деудің себебі бұрын тұрмыста болған (яғни біреудің есігін көрген, әйелі болған) келіншек жақсы-жаман өмірдің дәмін татқан, біреуге көңіл бөліп, көңілі қалған, қызға тән пәктіктен ажыраған, әйел болу тәжірибесі қалыптасқан жан; оны алған күйеуінің өзінше жөндеп, қайта тәрбиелеу қиындыққа соғады; «бесік көргенді ал» дейтін себебі: бұл тұрмысқа шықпаған, өмірдің ащы-тұщысын көрмеген, жаны да, тәні де таза пәк қыз. Ол жұбайлық өмірді енді ғана бастайтындықтан тұрмыс құруы да жаңаша басталады[«Халық даналығы», 294 бет].

  1. –Е, мың тасқанға да бір тосқын демей ме(«Жапандағы жалғыз үй», 122 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет