3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру



бет11/14
Дата07.01.2022
өлшемі37,57 Kb.
#17942
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
гандбол

Допқа ие болу техникасы Допқа ие болу техникасы біртұтас және бӛлек әдіспен үйретіледі, бӛлек тәсілдермен үйретіледі: допты тосу, допты беру, оның түрлі тәсілдері, допты жүргізу және лақтыру. Алғашқыда алақанмен допты беруді үйретеді, содан кейін бүгілген және тік қолмен үйретеді. Бастапқыда допты беруді орнында, содан соң допты бергеннен кейін орын ауыстырып, тоқтаумен, бұрылумен және ұмтылып жүгірумен үйлестіріп үйретеді. Допты беруді қарсыласының қарсылық кӛрсетуімен, оқу және ойнау жаттығуларында, қозғалыс ойындарында және эстафеталарда жетілдіреді. Мысалыға жаттығулар:

1. Сол қолмен допты жоғары лақтырып және оны қолды жоғары созып, алақан доптың қалпын сақтап тосып алу керек. допты тосу бастапқыда саусақпен орындалады, содан соң допты алақанмен бақылайды.

2. Оң және сол қолмен жанына және ӛз алдына, қолдың астынан қолдың басымен допты беру.

3. Допты тӛмен және артқа әкеткеннен кейін бүгілген қолмен допты беру, тура солай тік қолмен қашықтықты үлкейтіп.

4. Әр түрлі сапта тұруда, допты бергеннен кейін орын ауыстырып түрлі тәсілдермен допты беру.

5. Шығудан кейін тоқтаумен және бұрылумен үйлестіріп допты беру.

6. Топта 4-6 адамнан бір немесе бірнеше доппен «Допты сол жақтағыға» ойынында алаңда еркін қозғалып доп беру. Доп белгілі ойыншыға беріледі, сол жақ қатарда тұрған ойыншыға беріледі. Допты берудің тәсілі қашықтыққа байланысты таңдалады.

7. Жұпта және үштікте қимылда допты беру. Ойыншының алдынан шығып немесе берген допты алғаннан кейін арқасынан шығып қимылда орын ауыстырып допты беру

8. «Допқа таласу», «Допты берумен ұстап алу» ойындарында доп беруді жетілдіру.
«Допқа таласу» ойынында командалар бірдей құрамда 2 немесе одан кӛп ойыншылар бір команда допты беруге тырысады немесе допты қағып кетуге тырысады. Қарсыласынан бұрын белгілі бір санда доп беруді орындаған команда жеңіске жетеді. «Допты берумен ұстап алу» ойынында 2 немесе бірнеше доп ұстаған ойыншылар қашып бара жатқан команда ойыншыларын доппен ұрып дәлдейді, доппен үш қадамнан артық жасамайды және допты тигізген кезде оны қолынан шығармайды. Допты жүргізуді орнында секірудің биіктігін және бағытын ӛзгертіп үйретеді, содан соң қимылды допты бір қолдан екінші қолға ауыстырып ӛз алдында және артында, жылдам допты жүргізуді үйретеді. Мысалыға жаттығулар:

1. Секіру биіктігін ӛзгертіп оң және сол қолымен орнында допты жүргізу.

2. Секіру бағытын ӛзгертіп ӛз алдында, жанында, доппен ӛзін айналдырып әр жаққа оң және сол қолымен допты жүргізу.

3. Секіру биіктігін ӛзгертіп және допты түрлі жылдамдықта қимылда жүргізу.

4. Әр түрлі бағытта жылдамдықта ӛзгертіп, допты ауыстырып және екпіндеп допты жүргізу кезінде қарсыласын алдап допты жүргізу.

5. Допты жүргізіп келе жатқан ойыншы қорғаушының тұрысында ӛзіне қарсы келе жатқан ойыншыларды ұстауға тырысады.

6. Заттардың арасына ӛтіп және жылдам допты жүргізу эстафеталары.
Лақтыру тірелген қалыптан, содан соң секіріп, құлап, еңкейіп және бұрылып үйретіледі. Тірелген қалыптан лақтыруды үйрету кезінде лақтыру қимылының құрылымы меңгеріледі. Үйрену кезінде дененің бұрылуы мен оның еңкеюіне кӛңіл бӛлінеді, ол қатты лақтыруға мүмкіндік береді. Мысалыға жаттығулар:

1. Денені оң және сол иықпен алға бұру. Денені бұру және еңкейту арқылы оң қолды сілтеп сол аяққа тигізу.

2. Қолды бүгіп және тік қолмен допты алаңнан секіртіп жұпта лақтырулар. Денені шұғыл еңкейту арқылы доп серіктесінен бірнеше метрден алаңға жіберіледі.

3. Бірінші қадамда сілтеп, үш қадамнан кейін лақтыру. Үш қадамның координациясы сол аяқпен адымдаудан басталады.

4. Секіріп лақтыру үшін жоғары секіріп сілтеу. Бұл қалыпта итерілетін аяққа жерге түсу керек.

5. Үш қадамнан кейін секіріп лақтыру, лақтыру кезінде денені белсенді айналдыру қажет. Бірінші қадамда сілтеу орындалады.

6. Қимылда допты алғаннан кейін үйренген лақтыруларды орындау.

7. Қимылдан, допты алып жүргеннен және үш қадамнан кейін допты лақтыру.

8. Тізеден екі қолды тіреп құлау, оң және сол иықтан айналып түсу. Жаттығуды басында матта орындау керек.

9. Үш қадамнан кейін құлап лақтыру.

10. Оң аяқпен оңға ұмтылу және оң аяқтың алдына сол аяқты айқастырып лақтыруды имитациялау.

11. Қимылда допты алғаннан кейін жанына еңкейіп лақтыру.

12. «Атысу», «Айналмалы лапта», «Допты нысанаға» ойындары. «Атысу» ойынында команда құрамы бірдей, олар бір-біріне қарама-қарсы алаңдардың жартысында орналасқан және бірдей санда доп бар. Қарсыласы жаққа барлық допты лақтыра алған команда жеңіске жетеді. «Допты нысанаға» ойынында екі команда баскетбол добын ӛзінің қарсыласы жаққа кіргізуге тырысады, оған гандбол доптарын лақтырады.
Финттер (алдау) ойынының негізгі тәсілдерін игергеннен кейін, әрекеттерді үйлестіру кезінде үйретіледі. Мысалыға жаттығулар:

1. Допты бір жаққа беруден басқа жаққа допты беру финті.

2. Лақтыруға финт жасап, одан кейін допты беру.

3. Лақтыруға финт жасап жанына кету, допты жүргізу, лақтыру.

4. «Допқа таласау», «Ұстап алу» ойындары және олардың нұсқалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет