3 М. ӘУезов әҢгімелеріндегі тақырып пен идея


М.ӘУЕЗОВ ПРОЗАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЖӘНЕ ТАРИХИЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ



бет6/10
Дата22.05.2023
өлшемі135,34 Kb.
#96172
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-42584 2

М.ӘУЕЗОВ ПРОЗАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЖӘНЕ ТАРИХИЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

М.Әуезовтің «Қыр суреттері» мен «Қыр әңгімелері» атты екі шығармасы іштей бірнеше суреттемелерге құрылған. Ұлы суреткер көңіл-күйін, оның қайғысы мен қуанышын жалпы адами сезім құбылыстарын табиғат суреттерімен шендестіре, байланыстыра суреттеуде өте-мөте даралық сипатқа ие. Өйткені таза табиғаттың барлық суреттері аса дәлдікпен, бояуының қалың болып келуімен ерекшеленіп коймай, әнгімедегі сюжеттік құрылымға тікелей ықпалы күшті. Мәселен, «Қыр суреттері» деген дербес атпен, ешқандай қосымша тақырып қойылмай, баспа бетінде жарық көрген бұл әңгіме алғаш рет «Жас қайрат» журналының 1924 жылғы 1-санының 43-48 беттерінде жарияланған»[ 35,3 ]. Әңгіме төрт бөлімнен тұрады. Әр бөлім уақыттың нақты өту процесіндегі тіршілік мәселесін қозғайды. Мезгіл жазғытұрғы таңның атысы. Таңмен бірге «Тоқаң да оянып далаға шыға сала, ұйқыда жатқан ауылды «тұрындардың» астына алатын» [35, 125] қыр казағына тән, әйтеде байбалам мінез (этнопсихология) оқырманның өзіне де ұдай қоймайды, бірақ ақырын езу тартатыныңыз шындық. Ал таңертеңгі табиғат көрінісінің сұлулығымен коса шынайылығы ауыл өмірімен салыстырыла суреттеледі. Қыр тұрмысының, қыр мінезінің жазушы дүниетаным кеңістігіндегі бейнесі әңгімеде былайша баяндалады. «Ауыл әлі ұйқыда жатқан жерінен тұрып, өруге бет алса да, ерінгендей, бір басып қана қайырылып, керіліп, қасынып, күйсеп, ертеңгі әуеге есінеп тұрған малдың түрі, үйқыға беріліп бұйығып жатқан ауылдың жанымен ырғақтасып» [35, 126] тұрғаны этнопсихологиялық тұрғыдан да әдемі штрих. Мінез бен болмыстың нәзік те берік әрі нанымды үйлесімі көшпелі қазақ халқының ғасырлық ұлттық болмысы. Осыны М.Әуезовтің творчестволық танымы тап басқан. Ары қарай Тоқаңның «қараша күркенің кемпіріне» кейігені, Мамыққа зекігені сюжеттік уакыттың жылжуына аз кідіріс енгізеді. Міне осы кезде автор Мамықтың аянышты халін, ауыр тұрмысты, ауру бала Мұқаштың қорғансыздығын айтып өтеді. Әлеуметтік теңсіздік. байға кіріптар уақыттың барлық шындығы, жәрдемсіздігі жаңағы табиғат суретінің көлеңкелі жағындай әңгіме өзегіндегі қара сызық сияқты. Сонымен, күн де көтерілді. Енді екінші бөлім бай ауылының көші. Барынша барлықка малынған, сәнді көштің этнографиялык көрінісіне кішкентай Мұқаштың ішкі жан-күйзелісі, өзінің қоршылық өміріне налуы әңгімеде өзара шендестіріле суреттеледі. Бұл Мұқаш өмірінің таңы болса, сәскесі жылау, түсі тән жарақатынан сыздаған аяғының ауырғаны, қозының жамырағаны. Ал Мамық пен Мұқаштың кеші тағы да қасіретті жылау, бір аяқ асқа байлаулы кіріптарлық болса, ақыры «өліп-таусылу қаупі». Әңгіме-суреттемедегі бір күннің өту кезеңіндегі байдың тірлігі мен жарлының талай заманадан бері тартып келе жатқан тағдыр тауқыметтері осылай баяндалады. Адам өмірінің таңы, түсі, сәскесі және кеші деген философиялық тұжырымдама осы әңгімедегі кейіпкерлердің өмірлерімен іштей тығыз байланысты бола отырып, осы ойдан өзек тартқандай. Уакыт пен кеңістіктің үлкен ауқымдағы тұрмыстық суреттерінің сығымдалған (хронотоптық) баяны көркем шындыққа осылай айналған. Бұл көркем прозаның жанрлык (әңгіме-суреттеме) мүмкіншіліктерінің молдығын ғана байқатпайды, жазушының талант кеңістігіде көп қырлылығын да мойындатады.
«Қыр суреттері» деген ортақ атпен топтастырылған шағын әңгімелер топтамас; «Шолпан» журналының 1922 жылғы 2-3 жәй 1923 жылғы 4-5 сандарында жарияланады» [36, 388]. Бұл екінші әңгіме-суреттемелері. «Кешкі дөң басында», «Түнгі ауыл», «Қысқы түн», «Қысты күнгі дала» деген тақырыптар әңгіме суреттері де осы тақырыптан тікелей өрбиді. Кеңістіктің уақыт арқылы ұғылуы -месе керісінше. Айталық, «Кешкі дөң басын бөлімінде үлкен оқиға жоқ. Соған сай кейіпкерлер де айтылмайды. Бірақ тіршілік жақтарының мезгілге сәйкес көріністері, шылықтың бір үзік суреттері романтикалы леппен баяндалады. Оқырман сезіміне лиркалық нәр беретін уақыттың кешкілік пейзаж автор суреттеуінде ерекше құлпырып көрінген. Автор окырманды белгілі бір кеңістікке аты шығады (дөң басына) да табиғатты тамашалатады. Жаздың кеші, дөң, күннің батуы, қыздың хатты оқуы, бүркіт салған бозбала бас да этномәдени кеңістіктегі ұлттык мінездері өзгеше көрінісі деуге болады. Күннің батуы «Жас баланың үзілген жердегі түсіндей болі қаны тамған қызыл бетке аз-аздап көк: сұрғылт өлім таңбасы араласканға ұқсайды» [36, 131] деп кешкі апақ-сапак мезгілдің суретін осылайша шендестіреді. Жалпы түсінікте ымырт жабылар кез жақсы айтылмайды. Неше түрлі бәле-жала, жыншайтандар мен жағымсыз нәрселер осы шакта танылады. Міне осы сарынды М.Әуезов әр қырынан кеп танытады. Оны өліара сәттегі теңестіреді. Ал «Түрілген суық қабақты анда-санда бір қағып, өзен бойына кадалып көзі жатқан Саршегірдің алтындай сары көзі от бүркіп тұрғандай»[36, 132.] дейтін жерде күрделі эпитеттер мен бейнелеуде поэзия-ырғақ бар. Енді бір сәтте баяндау уақытының шапшаң динамикаға түсіп, уақыт ағысының жылдамдықта ұғылатын сәті Саршегірдін дақтың оғындай суылдайтын» көзі. Тіпті ойы көз ілеспес жылдамдықтағы кілт бұрылыстары-«машинаның айналысындай» деген сөзбен " уақытты калыпты жағдайға келтірген кеңістіктің кешкі көрінісіне картиналық сурет береді. Бұл әңгіме ұлттық нақыштағы сөзбен салынған дайын сурет.
Әңгіме-суреттеменің екінші-үшінші бөлімдері «Түнгі ауыл» және «Қысқы түн» деп аталады. Мұнда да мезгілдің нақты көрінісі күрделі теңеу, айшықтау, құбылтуларға негізделе отырып суреттелген. Табиғаттың осы мезгілін жазушы «өлі ұйкыға» теңейді, «түнді» -кара үңгірдей үңірейіп», «түнергендей» деп сипаттаса, ал «Қысқы түнде» бұдан да тереңдеп кетеді. Айталық, қысқы түннің қашаннан егізі сияқты боран, жел, қарлы бұрқақтар «...кішкене-дара көрінсе де екпіндеп келіп, кеудесімен соғып, ақ түтек боранның киыршықтанған ақ тозаңын шашып...», «...жын-перінің күйіне билегендей..», «...өзектегі жас тоғайға келіп, жерге шейін басын игізіп, тәжім еткізіп, арасынан суылдап бұраң қағып, ойнап өтеді» [38,133-137] деп құбылыстың күрделі метафорасын жасайды. Осы бейнелеу құбылтудағы адамға тән алмастырулар табиғаттың мезгілдік суретін дәл беріп қана қоймай, фабуладағы баяндауға да өз ықпалын тигізіп тұр. Суреттемедегі авторлық баяндау оқырман көңіліне тағы бір қайғылы көріністің белгісін уақыттың қатал мезгілімен өзара шендестіре отырып, сездіреді. Осы көрініске, үй ішінің жүдеу халін, қураған кемпір мен шал және ауру бала, аштық, жетімдікті қарсы қоя отырып, қысқы түннің мейрімсіз бейнесін ашады. «Зәрлі түн әлсіз жанды жұтқалы жалана берді» [ 38,137] деп табиғаттың қатал райын адам өмірінің таусылар шағына себепкер етеді. Мұндағы перцептуалды уақыт пен кеңістіктің өту процесі мен оның нақты мекені оқырман үшін аса күрделі емес. Ол түнгі мезгіл, сол түнгі дала. Нақты географиялық ендікті анықтаудың қажеті жоқ. Бұл әрбір уақытта, қандай да бір жерде болып жататын құбылыс. Міне, осы құбылыстың оқырман уақытына, әңгімені оқып шығу уақытына, дүниетаным кеңістігіне әсер етер батпан салмағын аралау, әрине көркемдік уақыт пен кеңістіктің аясында сезінудің мүмкін болғанымен бағалануға тиісті. Жазушы болмысқа сай нәрселерді табиғат құбылысымен байланыстыра отырып, негізгі ойды уақыт пен кеңістіктің бойына осылайша топтайды. Мұнда уақыт та, кеңістік те көмескіленеді, бірақ осы арқылы оның оқиғадағы көрінісі анықталады.
Мәселен, осы әңгіменің соңғы бөлімі «Қысқы күнгі далада» табиғаттың көрінісі жағымды жағынан суреттелмейді. Дала суреті - «Ақ кебін», «жайылған кебінге»; тау - «тіршілікті көмген молаға»; аспандағы бұлт - «кір басқандай» [ 38,137] деп салттық-ғұрыптық түсінікке лайықталып баяндалады. Міне, осы көрініс Рабиғаның бұған дейін көрген корлығы мен зұлымдығын, ақыры үйден қашып шыққан жайына параллель алынады. Автор оқырманды алда болар көнілсіз көрініске бірден дайындайды. Бұл М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен таныс және өзгеше ғана тән өзгеше ерекшелігі. Осы әдісті жазушы өте еркін пайдаланады. Бұл да шығармадағы ой-сезім арқылы ұғылатын және ондағы нақты оқиға ма, сюжет пе, фабула ма, тіпті шағын эпизод па бәрібір, бұлар авторлық баяндауда көмескіленіп, сығымдалып кеп, оқушыға танылатын басты кілті - көркемдік уақыт пен кеңістіктің хронотоптық сипаты болып табылады.
Осы аталған әңгіме-суреттемелер оқырманды кейбір детальдарымен (қозышы бала, Рәбиғаның қашып шығуы) өткен уақытқа бойлатқанымен, кеңістік реалды сипатымен жақындайды. Кеңістіктегі мезгіл суреттемелері барлық уақытқа сәйкес. Мұнда тарихи уақыт пен кеңістіктің кейбір белгілері бар, керісінше реалды уақыт пен кеңістіктің де жалпы көріністері кездеседі. «Қыр әңгімелері» деген біріккен атпен жарияланған «Сыбанның моласында», «Текшенің бауырында» деп аталатын қос әңгіменің сюжеті айтушының баяндауына лайықталып, тыңдаушыны баурап алатын көркемдік қуаты - ондағы уақыт пен кеңістіктің нақтылығы мен үздіксіз ілгерінді-кейінді жылжымалылығына тікелей байланысты. Мұнда фольклорлық баяндаудың үздік үлгілері мен осы жанрға лайық сарындардың мол пайдаланылуы, әңгіменің градациялық әдіспен тыңдатпасын тосын уақиғалар тізбегіне батыратын сезімдік қуаты өзгеше көркем құралдардың көптеп кездесуімен дараланатын жақтары бар. «Сыбанның моласында» әңгімесі реалды уақыт пен кеңістіктен (жайлау кеші және құдықтың бас жағындағы тастақ төбе) сюжеттік желі тартқанымен, ондағы Жортар аксақалдың хикаясы басталған сәтте мезгіл мен мекеннің алшақтығы тындаушысына көп кедергі келтіре қоймайды. Жазушы бұл жерде де өзінің машығы табиғат суреттерін III жақтан баяндай отырып, оқиғалар жігіне нәзік жымдастырып жібереді. Өткен шақтың баяндаушы мен тындаушы уақытының бойында суретеліп кеп, өзара бір оқиға мен бір сюжеттің ырқында танылатын географиялық кеңістік («Тарбағатайдан асып барып, Қара Керейді, Семіз Найман - Мұрынды торимыз») циклды уақыттың («Қарашаның кезі еді») [ 35,141] шынайы көрінісімен танылып кетеді. Бұдан соң кеңістік жалпыдан жалқыға қарай жылжып кеп, «Сыбанның моласына» кірген кезде, кеңістік тұрақтылыққа, айқындылыққа ие болады да енді баяндау уақыты үстемдік алады. Айтушының баяндау уақыты тындаушының көңіл-күйін шытырман оқиғалар тізбегіне жетелеп, әңгіменің көркемдік қуатын сезімнің ширыққан сәтіне егіздей отырып өрнектейді. Тындаушы эпостық әлемнің әлдебір қаһарманы бастан кешкен оқиғаны тыңдап отырғандай, сол уақыт пен кеңістікте өмір сүре бастайды. Бұл эпостағы айтушы мен тыңдаушы немесе автор мен оқырманның жазба әдебиеттегі көркемдік уақыт пен кеністікте игерілуін андатады. Айтайық, фольклорлық баяндау үлгісіндегі айтушының сезімге әсер ететін бір-бірінен бояуы қалың сөздер тізбегі оқырманға ежелден таныс. Көркем прозаға лайық оқырман уақыты бұл жерде көмескіленген, ол басы бүтін айтушы уақытының ырқында. Және екеуі де өткен заманның уақыты мен кеңістігіне еніп кеткен. «Сыбанның моласындағы» негізгі сюжеттік уақыт пен кеңістік Жортар ақсақалдың әңгімесі басталғанда-ақ, екінші планға сыргып кетті де, хикая аяқталар тұстағы женіл юмормен («Ол күнде сіріңке куды кім білген?...Сөйтіп мені қорқытып жүрген - жаман сіріңке болып шыққаны деп, -ақсақал мәз болып күліп, әңгімесін тоқтатты» [35, 145]), шат күлкіге біткенде қайта қалыпқа келді. Оқырман-тыңдаушы да, автор-айтушы да әңгімеде көркемдік уақыт пен кеңістіктің бойында жылжымаллыққа түсуі баяндау уақытының хронологиялық мүмкіншіліктері арқылы жүзеге асты. Бұл әңгіме сюжетінен түпжелі-эпостық кейіпкерлер бастан кешер«ғаламат-тарға» құрылмайтынын, бірақ соның баяндалу элементтерін бойына сіңіре отырып, жазба прозаға лайық көркемделетінін мол байқауға болады. Мысалы, әгіме басталғанда Жортар ақсақал тыңдаушысына «Өзімнің бір қатты қорыққан жерім болды, соны айтайын - деді» [35, 141] деп, эпос батырларына «лайық емес» мінез көрсетеді. Бүл көркем прозаға, эсіресе, психологиялық әнгімеге лайық сарын болып табылады. Бірақ, автор-айтушыны әңгімесінде «кектесу», «жолға шығу» мотивін, сосын жауына кездескенде оның бейнесін «жын-пері, жезтырнақ», «шайтан», «жалмауыз», «Бойы еңгезердей үлкен, биіктігі кісі бойы - кол-сұғымдай шашы бұрқырап тұр», «Жалмауыз, не айдаһардың аузы», «Қолдарынын ұзын салалы қап-қара саусақтары бүркіттің тұяқтарындай болып... Қапқалы келе жатқан қасқырдың аузындай» [35, 141-144] деген ертегі-хикаят жанрына лайық сөздермен баяндайды да оқырман-тыңдаушысын ілкі уақыт пен кеңістікке психологиялық тұрғыдан дайындайды. Солай бола тұрса да әңгіме өзінің жазба прозаға сәйкес көркемдік тәсілдерін: әрбір деталь, оқиға, сезім толқыныстарын қалдырмастан суреттеп отырады. Айтайық, кейіпкердің қорқуы, күн райы, мезгілдің күз екені, нақты ру-ұлыстардың аталуы, заманның барымта-сарымтаға лайықты кезі (жаугершілік емес), кейіпкердің молап түнеуі, т.т.
Бұдан шығатын қорытынды: жазушы «Сыбанның моласында» мен «Текшенің бауырында» атты қос әңгімесінде өз дәуірі мен өткен оқиғаларын суреттеуде эпостағы айпушы тыңдаушы уақытын пайдалана отырып, көркем уақыт пен кеңістіктің жазба прозаға лайық танылған әдеби әдіс-тәсілін мол меңгерген жазушы суреттеуінде өткен шақтың баяны оқушыға танымдық-тәрбиелік жағын баса әнгімелеуімен ерекшеленеді. Екі әңгімедегі шын мәніндегі өз дәуірінің анық қаһармандар айналып келгенде ұсақ-түйек тұрмыстық, рулың жеке бастық мүдделерге түсіп кеткен-меңзейді. Айталык, «Сыбанның моласыңдап:. Жортар ақсақал, «Текшенің бауырындағы Сұлеймен ақсақалдардың соңы «Барымтадан Қалбағайлардың тағдырымен аяқталып жатқан емес пе?! Заманның ұсақ мінездерге, рушылдыққа, партиягершілікке, итаршылыққа айналып-бара жатқан істері жазушы тұрғысынан Жортар Сүлеймендердің аузымен өткен уақытты-бұлардан да «көш ілгері» жайларын баяндаумен өрнектелсе, осылар эпос қаһармандарының ұлттық, халықтық, отаншылдық жорықтары жанында не болып шығады!? М.Әуезов өз тарапынан оқырманға ой тастауға, уақыт пен кеністіктің ара-жігіндегі адамдық арман-мақсаттарды пайымдауға, заманға сай әр нәрсеге сын көзбен қарау, өткеннің бәрі «ерлік» де таныла бермеуді көркем прозаның өмір -шындығына түбіне дейін қопара көрсететін психологиялық амалдары арқылы оқырманға астарлап көрсеткен. Әйтпесе, Жобалай «батыр інісінің кегін алу үшін Найманның қалындығы-тартып ап «төрт күн» ұстағаны, анау Төбет, Би: - Алтаяқтардың рулық намыстың мүддесі үшін қандасын қан қылып кететіні, баяғы келмеске кеткен батырлық дәуірдің мінбесінен қарасақ масқара емес пе? Ал осыны баяндап отырған жазушының дүниетаным кеңістігіндегі өткен уақыттардың ерлігі, ұраны сөз жоқ, ойын сынды. Бұл жазушының осы әңгімелерді жазып отырған талай уақытының беталысына алаңдаушылық білдіретін саяси ой-пікірлерінің сұлбасы сияқтанған көркем әңгімелер тізбегінің бір парасы еді.
Түйіндеп келсек, «Қыр әңгімелеріне» жазушының уақыт пен кеңістік жағынан қаттылығы өте алшақ. Мұнда автор-тындаушы:автор-баяндаушы бар. Әңгімеде болып отырған-жәйттарға жазушының қатыстылығы алып болғандықтан, аңыздық баяндаулардың фольклорлық элементтері мол пайдаланылған. Және баяндаушының көркем прозаға лайық сөйлеу мәнері автор-тындаушының бейнесін де аңдатып отырады. Бұл әңгімелер циклы өткен уақыт пен казіргі уақыт және оқырман үшін тарихи уақыттардың барлық болмыстарын өзара жинақтай отырып, моральдық пайымдауларға бағыт сілтейтіңдей. Әр заманның мұң-мұқтажын, ерліктері мен ездіктерін, қайшылықтары мен қарым-қатынастарын оқырман талқысына салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет