3 М. ӘУезов әҢгімелеріндегі тақырып пен идея


Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет2/10
Дата22.05.2023
өлшемі135,34 Kb.
#96172
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-42584 2

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының басты мақсаты - 1920 – 30 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі көркем проза жанрының көркемдік, ерекшелік келбетін, тақырыптық сипатын, шындықтың болмыс – бітімін игерудегі жетістіктерін саралау, Мұхтар Омарханұлы шығармаларының тақырыптық мазмұнын, тарихи шындыққ қатысын, образдар табиғатын ұлттық таным тұрғысында зерделей жүйелі қарастыру.
М. Әуезов әңгімелерінің көркемдік өзінің ерекше даралық стилімен өзгешеленетінін, ерекшеленетінін байқадық.
- М. О.Әуезов әңгімелерінің тарихилық және драмалық негіздерін қаламгердің тұтас шығармашылығы, сондай-ақ ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс контексінде қарастырылады;
- М. Әуезов әңгімелеріне негіз болған оқиғалардың көркемдік берілу нәтижесі арқылы олардың жанрлық табиғатын айқындау;
- жазушы әңгімелерінің әлеуметтік мәселелерді көтеруі, тақырыптарды ашудағы шеберлігі;
- М. О.Әуезов әңгімелерінің жанрлық-стильдік ерекшеліктерін зерделей отырып, сол шығармалардағы көркемдік дәстүр жалғастығы мәселесіне талдау жасау;
- тарихилық мәселесінің көркем әдебиеттегі көрінісін М.О.Әуезов әңгімелері аясында қарастыру;
- М.О.Әуезов әңгімелерінің қазақ әдебиеті тарихындағы орны мен рөлін айқындау.
Диплом жұмысының нысаны. Зерттеу жұмысында негізгі нысанға «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Сөніп-жану», «Қаралы сұлу», «Кінәмшіл бойжеткен», «Жетім», «Қыр әңгімелері»,«Ескілік көлеңкесінде т.б. әңгімелері алынды.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы Жұмыстың ғылыми негізге сүйенген нәтижелері жоғарғы оқу орындарының студенттері мен жалпыға бірдей білім беретін орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына М. О.Әуезов әңгімелеріндегі көркем образ жасаудағы шеберлігі мен көркемдік қуатын таныту мақсатында арнайы семинар пәні ретінде пайдалануға ұсынылады.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес анықталды. Бітіру жұмысында жүйелік - хронологиялық, әдеби - ғылыми аналитикалық талдау, ғылыми тұжырымдарды саралау, жинақтау және қорытындыларды негіздеудің әдіс-тәсілдері қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет