3 М. ӘУезов әҢгімелеріндегі тақырып пен идея



бет9/10
Дата22.05.2023
өлшемі135,34 Kb.
#96172
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қорытынды
Диплом жұмысында стиль категориясы мен тарихилыққа байланысты, оның обьектісіне қатысты қозғалған ойлар мен пікірлер, көзқарастар қортындыланды. Көркем тарихилықтың жалпы әдебиет пен соның ішінде қазақ әдебиеттану ғылымы саласындағы зерттелу дәреже-деңгейі, бүгінгі жай-күйі баяндалды, яғни біздің әдебиетіміздегі орны, маңызы әңгіме болды. Стиль категориясының қазақ әдебиеттану ғылымында әлі толық зерттеліп, шешімін таппаған сала екендігіне ой жүгіртілді.
Бірінші тарауда жазушы шығармаларының жанрлық сипатына сай тарихилық қызметін айқындау мақсат етілді. Алдымен тарихилық сөзінің мәніне, оған байланысты айтылған ғалымдардың пікіріне шолу жасалды. Жазушы шығармаларының көркемдік ерекшеліктері, тақырып талдау, кейіпкер психологиясын ашу, сөз саптау, сюжет құрау бір сөзбен айтқанда жазушылық стилі қамтылды. Шығарма тілінің әдемілігі, түсініктілігі, әсерлілігі тіл арқылы өлшенеді де тілдік амал-тәсілдер, көріктеуіш-бейнелеуіш құралдар арқылы жүзеге асады. Жеке сөздердің эстетикалық, стильдік аясын аша түсу қаламгердің сөз қолданудағы талғамына, шеберлігіне байланысты. Автордың өңдеп, сұрыптауынан өткен сөз шығарма мазмұнының мәні мен көркемдік дәрежесін ұлғайтады. Осындай мақсатта М. Әуезовтың шығармаларын талдау барысында көркем тарихилыққа енетін жазушы тілі, сөйлем құрылысы, мәнері, шығарманың композициясы, оқиға дамыту әдістері, тақырып таңдаулары, жанрлық ерекшеліктері сияқты компоненттердің стильдік қызметі сараланып, мысалдармен дәлелденді. Бұл амал-тәсілдердің тарихилықтың қызметін арнайы зерттеушілердің теориялық тұжырымы арқылы басшылыққа алынып қарастырылды. Тарихилық ұғымына енетін компоненттердің ең ортақ мәселе – идеялық мазмұн болғандықтан, жалпы жазушы прозасының идеялық мазмұны қарастырылды. Туындылардағы суреткердің ойды нақты, анық суретттермен беруге ұмтылысы., сөз кестесіндегі жаңашыл ырғақтарды қос сөздер мен ойды үстемелеп, мағынасын күрделендіріп беруі айтар ойының ыңғайына қарай өзіндік дамыту тәсілін қолданудағы ерекшелігі, стильдік шеберлігі мысалдармен талданып көрсетілді.
Екінші тарауда М.Әуезов әңгімелері мен повестерінің өзіндік көріністері тек Әуезовке тән стильдік мәнермен бейнеленгендігі шеберлік өрімдері-кейіпкердің психологиялық ашылуы, табиғаттың адам көңіл-күйі мен қатыстырылып, (психологиялық параллелизм) берілуі, символды образдардың сан сала қырларының ашылуы, этномәдени кеңістіктегі ұлттық мінездердің көрініс беруі баяндалды.
Жазушы шығармаларын идеялық – көркемдік бірлікте талдауда тілдік өзгешеліктерінің бай көріністері де сөз арқауына айналып отырды. М. Әуезов шеберлігінің бір қырын оның тұңғыш әңгімесі «Қорғансыздың күнінен» көреміз. Ол жаратылыс құбылыстарын өз кейіпкерінің күйініш-сүйінішімен байланыстырып суреттегенде олардың тек сыртқы көрінісін ғана алмай ішкі мазмұнын да қоса алып отырады. Табиғаттағы кейіпкерінің ішкі жан құбылыстарының эмоциясымен сәйкес суреттеу, қатар өру Әуезовтың пейзаждық палитрасы бай жазушы екеніне көз жеткіздік. М. Әуезов қазақ тіл өнерінің қазынасын байытып, ауқымын кеңейтті., сөздік қорын молайтты. Сөйлемдеріндегі кейбір жеке сөздерге тың ой, жақсы сурет қосты. Бұдан жазушының сөз қолдану кезінде әрбір сөзге талғаммен, ұқыптылықпен қарағанын сөйлем ішіндегі мүлде тың жаңа тіркестерден көріп отырамыз. Сөз кестесіндегі ерекшеліктер жымдасып, бірге қабылданып, сөйлемге жат сынбай еніп кетуі әдемі кестелі сөз өрімдерінің ылғи жаңа формаларын тауып отырады. Сондағы сөздері мен сөйлемдері ойды ширатып жетілдіре түседі. Бұдан келетін қорытынды сөйлем құрылысына тың ізденіс, соны сурет береді. М. Әуезов бұған дейін бізге кезікпеген күрделі тың тіл шеберлігін қалыптастырды. Сөз орамдарының баға жетпес лирикалық эстетикалық тамаша үлгілерін жасап, сол үлгісімен ол қазақ әдебиетінде сөз мәдениетінің жаңаша бағытын бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет