Бөлу факторлары: 1) пайданың бюджетке және бюджеттен тыс қорларға бағытталуы;
2) пайданың кәсіпорында қалуы;
3) пайданың қарыздарды өтеу және пайыздарды төлеу үшін банкке бағытталуы;
4) пайданы бөлудің басқа да факторлары.
Өзара әрекет ету факторлары: 1) бағалар, тарифтер, алымдар;
2) салықтар және салық мөлшерлемелері;
3) несиелік пайыз мөлшерлемелері;
4) айналым құралдарының айналымы;
5) өнімнің өзіндік құны;
6) еңбекөнімділігі;
7) қор қайтарымдылығы;
8) қормен қарулану.
Пайдалану факторлары: 1) жинақтау және қорлану (өндірістіжәнеғылымдыдамыту);
2) әлеуметтік мұқтаждықтар;
3) күрделі қаржы салымдары;
4) тұтыну (дивиденд, материалдық көмек, т.б.);
5) басқа да шығындарды өтеу.
Бухгалтерлік пайда жиынтық түсімнен бухгалтерлік шығындарды шегергенге тең.
Экономикалық пайда – жиынтық түсім мен экономикалық шығындар айырмасы. Ол бухгалтерлік пайдадан айқынсыз шығындар мен қалыпты пайда шамасына аз болады.
Фирманың пайдасын мейлінше арттырудың негізгі екі ережесі бар:
Бірінші ереже: фирма жалпы табыс пен жалпы шығындарды салыстырады. Егер сатудан түскен түсім мен жалпы шығындар арасындағы айырмашылық көп болса, онда фирманың пайдасы мейлінше артады.
Екінші ереже: фирма шекті табыс пен шекті шығындарды салыстырады. Бұл жерде үш жағдай қалыптасады:
- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан артып кетсе, онда ол өнім өндіруді қыcқартады;
- егер фирманың шекті шығындары шекті табыстан кіші болса, онда ол өнім өндіруді арттырады;
- егер фирманың шекті шығындары шекті табысқа тең болса, онда ол өнім өндірудің оңтайлы көлемін анықтап, жалпы пайдасын максималды деңгейге жеткізеді: MR = MC.
Бұл теңдік фирманың пайдасын мейлінше арттырудың маңызды шарты болып табылады.