Өтелімділіктің қарапайым мерзімі (PB) Өтелімділіктің қарапайым мерзімі (Payback Period, PB) – бұл, инвестициялық жобамен тудырылатын таза ақша ағымы есебінен бастапқы инвестицияларды жабу үшін қажет уақыт.
Өтелімділіктің дисконтталған мерзімі (DPP) Инвестициялар өтелімділігінің дисконтталған мерзімі (Discounted Payback Period, DPP) – бұл ең аз кезең ұзақтығы, оның аяқталуымен ағымдағы таза дисконтталған пайда тұрақталады және әрі қарай оң көрсеткіш болып қалады. Инвестициялар өтелімділігінің дисконтталған мерзімі инвестицияның өтелімділік мерзімінің статикалық әдісінің жетіспеушілігін жояды және уақыт бойынша ақша құнын есепке алады.
Пайда индексі (PI) Пайда индексі (Profitability Index, PI) – бұл дисконтталған ақша кірісінің алғашқы инвестицияларға қатынасы.
Егер PI > 1,0 болса, инвестициялар табысты, таңдалған дисконттау мөлшерлемесіне сәйкес қолдануға жарамды.
Егер PI< 1,0болса, инвестициялар талап етіліп отырған қайтымдылық мөлшерлемесін генерациялай алмайды, демек қолдануға жарамсыз.
Егер PI = 1,0 болса, қарастырылып отырған инвестиция талап етіліп отырған қайтымдылық мөлшерлемесін дәл сол мөлшерде қанағаттандырады және ол IRR көрсеткішіне тең.
Залалсыздық нүктесі Залалсыздық нүктесі (break-evenpoint – BEP) – кәсіпкердің пайдасы нөлге тең болатын өндіру және сату көлемі, бұл нүктеде шығыстар табыстармен толық жабылады, ал әрбір келесі өнім бірлігін өндіру және өткізу кәсіпорынға пайда әкеледі. Залалсыздық нүктесін натуралды немесе ақшалай түрде өлшейді. Бұл көрсеткіш нөлдік нәтижеге жету үшін қанша өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрмету) қажет екендігін анықтауға көмектеседі және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін өте маңызды. Мысалы, егер BEP мәнінің артуы пайда табумен байланысты мәселе туындағанын көрсетеді. Ол кәсіпорын өзі өскенде де өзгеруі мүмкін.
Залалсыздық нүктесі ақшалай түрде келесі формуламен анықталады:
Залалсыздық нүктесі ақшалай түрде келесі формуламен анықталады: