3-тақырып Шаруашылық ұйымдардың қаржылық нәтижесі статистикасы


Дағдарысты кәсіпорынның қоршаған ортаға әсер ету схемасы



бет3/15
Дата11.10.2022
өлшемі0,9 Mb.
#42413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
3-лекция ҚБС 2

Дағдарысты кәсіпорынның қоршаған ортаға әсер ету схемасы


дағдарыстық кәсіпорын
бюджет
салықтық түсімдердің қысқаруы
несие ұйымдары
мерзімі өткен берешектердің қалыптасуы
тұрғындар
(қызметкерлер мен олардың отбасы)
еңбекақының төленбеуі, жұмыссыз қалуы
контрагенттер
мерзімі өткен берешектердің қалыптасуы
Кәсіпорынның қаржылық әлеуетін талдаудың басқа негізгі бағыты инвестициялық тартымдылықты бағалау және арттыру болып табылады. Неғұрлым кең мағынада инвестиция - «түрлі саладағы кәсіпорындарға табыс алу мақсатында өз елінде немесе шетелде мемлекеттік немесе жеке капиталдың ұзақ мерзімді салымдары, кәсіпкерлік жобалар, әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар, инновациялық жобалар, инвестициялар салынғаннан кейін елеулі мерзімнен кейін қайтарым береді» деп анықтама беріледі. Инвестициялық қызмет – пайда алу және (немесе) өзге де пайдалы әсерге қол жеткізу мақсатында инвестициялар салу және практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
Кәсіпорын өзінің өмір сүру процесінде негізгі өндірістік қорларды жаңартуды, ауыстыруды және жаңғыртуды, өндірістік базаны кеңейтуді қажет етеді. Кеңейтілген ұдайы өндіруді қаржыландыру көздерінің екі негізгі тобы бар: ішкі және сыртқы. Ішкі көздерге кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы және жинақталған амортизация, сыртқы көздерге инвестициялар жатады.
Ішкі қаржыландыру көздері
Табыс
Амортизациялық аударымдар
Активтерді, қажетсіз мүлікті сатудан түскен қаражат
Сыртқы қаржыландыру көздері
Банктік несиелер
Құнды қағаздар эмиссиясы
Лизингтік, факторингтік операциялар
қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу
Коммерциялық несиелер
Инвестициялар алушы мен инвестор арасындағы өзара қарым-қатынас бойынша инвестициялар екі негізгі сыныпқа бөлінеді:
Үлестік инвестициялар бизнестегі меншік үлесін сатып алуды көздейді. Осылайша, инвестор компанияның ортақ иесі болады. Үлестік инвестициялау жарғылық капиталдағы үлесті сату түрінде де, бағалы қағаздарды сатып алу нысанында де ұсынылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет