3-тақырып Шаруашылық ұйымдардың қаржылық нәтижесі статистикасы


Таза келтірілген құн (NPV)



бет5/15
Дата11.10.2022
өлшемі0,9 Mb.
#42413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Таза келтірілген құн (NPV)
Таза келтірілген құн (Net Present Value, NPV) – бұл әрбір жылдағы оң ақша ағымы мен теріс ақша ағымының арасындағы айырманың дисконтталған құны. Дисконттау – бұл келешектегі құнды қазіргі сәтке келтіру. Келтіру (дисконттау) коэффициенттерінің мәндері әр түрлі дисконттау мөлшерлемелері мен жоспарлау интервалдары үшін алдын ала есептелген арнайы кестелер бойынша анықталады.
Егер NPV < 0 болса, инвесторлар шығын шегеді.
Егер NPV > 0 болса, инвесторлар пайда табады.
Егер NPV = 0 болса, инвесторлардың әл-ауқаты өзгермейді, бірақ өндіріс көлемі өседі.

Келешек құн

  • Келешек құн – бұл ағымдағы ақша ағынының болашақтағы эквиваленті.
  • $100-дың t жылдан кейінгі келешек құны (FV) :
  • FV=$100*(1+r)t

  • Мысалы: $100 000-дың 1 жылдан кейінгі келешек құны жылына 5% пайыздық мөлшерлемемен қанша болады?
  • FV=$100 000*(1+0,05)=$105 000

  • 2 жылдан кейінгі келешек құны қандай болады?
  • FV=$100 000*(1+0,05)2=$110 250

Келтірілген құн

  • Келтірілген құн – бұл келешектегі ақша ағынының бүгінгі эквиваленті.
  • t жылдан соң алынған $100-дың келтірілген құны (PV) :
  • PV=

  • Жалпы түрде келтірілген құн мынаған тең:
  • PV=

    PV=дисконттау факторы*

  • Дисконттау факторы – бұл 1 ш.б.-тің келтірілген құны.
  •  

Келтірілген құнды есептеу, яғни келешектегі құнды ағымдық құнға айналдыру дисконттау деп аталады.

Дисконттау мөлшерлемесі


Дисконттау мөлшерлемесі (r) дисконттау факторын есептеу үшін қолданылатын пайыздық мөлшерлеме болып табылады.
Дисконттау мөлшерлемесі (r) инвесторлар кейінге қалдырылған төлемдердің өтемі ретінде талап ететін сыйақы (талап ететін табыстылық).
Инвесторлар дәл сондай тәуекел деңгейінде жасалатын балама инвестициядан алуы мүмкін табыс мөлшерінде сыйақы талап етеді.
Сондықтан да дисконттау мөлшерлемесі ретінде капиталдың балама құны қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет