№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет


Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан



Pdf көрінісі
бет26/41
Дата06.03.2017
өлшемі4,84 Mb.
#8317
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан

Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру

қағидаларын бекіту туралы

«Халықтың  көші-қоны  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  9-бабының  10)  тармақшасына  сәйкес 



бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша 

және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік 

тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он 

күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 

Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік 

кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік 

органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары поли-

ция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы 

департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр полиция генерал-полковнигі  Қ.ҚАСЫМОВ.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрығымен 

бекітілген

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және 

тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары

1. Жалпы ереже

1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты 

тұруға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі 

Заңына (бұдан әрі – Заң) және Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша 

және тұрақты тұруға рұқсаттар беру және оны жою тәртібін айқындайды. 

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттiң 

азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелерi жоқ адам; 

2) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған 

немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам; 

3) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-

анасы бөлек әкесi немесе анасы ортақ ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi;

4) жол жүру құжаты – шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасы таныған, мемлекет 

немесе халықаралық ұйым берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін 

шетелдік паспорты немесе өзге құжаты;

5) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шетелдегі 

мекемелері)  –  Қазақстан  Республикасының  шетелде  орналасқан  дипломатиялық  және  оларға  теңестірілген 

өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;

6) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы 

мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол 

визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның 

аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;

7) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша не-

месе тұрақты тұру үшін келуі;

8) көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе 

азаматтығы жоқ;

9) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан 

Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер 

немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды 

тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған 

филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын 

мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

10) оралман - тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда 

белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерге тұрақты 

тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және 

тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;

11) тұрақты тұруға арналған рұқсат - көшіп келушілерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі беретін 

және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат (бұдан әрі - рұқсат);

12) уақытша орналастыру орталығы – этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін 

алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын жай;

13) уақытша тұруға арналған рұқсат (тіркеу) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талап-

тарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан 

Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін қ ұжат;

14) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттің азаматтығына 

тиесілігінің дәлелдемелері бар адам;

15) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

3. Рұқсаттарды қабылдауды, қарауды және беруді Астана, Алматы қалаларындағы және облыстардағы ішкі 

істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) көші-қон полициясы басқармалары және Ішкі істер министрлігінің (бұдан 

әрі – ІІМ) өкілдігі, аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдері (бұдан әрі – ҚАІІб) жүргізеді.

2. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға 

рұқсаттар беру тәртібі

4. Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру үшін 

негіз Қазақстан Республикасының визасы, ал Қазақстан Республикассында кіру және болудың визасыз тәртібі 

белгіленген шетелдіктер үшін қабылдайтын заңды, жеке тұлғалардың немесе көшіп келушінің өзінің өтініші (ерікті 

нысанда) болып табылады.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам 

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар келген жері бойынша 

ішкі істер органдарында тіркелуге жатады, осындан кейін шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның уақытша тіркелуі 

туралы анықтама осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес беріледі.

6. Көшіп келушінің Қазақстан Республикасында болу мерізімі және олардың паспорттарының тіркеу жарамдылығы 

визалардың жарамдылық мерзімінің соңғы күні, ал визасыз тәртіппен шыққандар үшін – тіркеу жарамдылық 

мерзімінің соңғы күні тоқтылады.

7. Уақытша тұруға рұқсатты ішкі істер органдары өтініш негізінде (ерікті нысанда) мынадай адамдарға:

отбасына  біріктіру  мақсатында  Қазақстан  Республикасында  тұруға  құқығы  бар  көшіп  келушілерге  Заңда 

айқындалған мерзімге;

білім алу мақсатында келгендерге қабылдаушы білім беру ұйымы растаған жағдайда оқуды аяқтауға қажетті, 

бірақ бір жылдан аспай тын мерзімге жыл сайын ұзартып отырады. Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы 

Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің 

уақытша тұруына арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес 

беріледі;

шетелдік жұмыскерлерге шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс 

күшін тартуға, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде алдағы жылға рұқсаты болған кезде бір жылға 

ұзартылады;

Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден 

келген маусымдық шетелдік қызметкерлерге уақытша тұруға арналған рұқсатты ішкі істер органдары климат неме-

се өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің (маусымның) ішінде 

атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін береді

тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен жүгінген көшіп келушілерге уақытша тіркеу мерзімі өтінішті қарау 

үшін қажетті кезеңге, бірақ күнтізбелік 90 күннен асырмай ұзартылады;

көшіп келушінің немесе оның жақын туысының ауыр сырқатына байланысты, сондай-ақ форс-мажорлық жай-

күйлердің туындауына байланысты ұзартылады.

3. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға 

Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру және оны жою тәртібі

8. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат 

беру туралы өтініш береді.

9. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен 

кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы 

жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтар тұрақты тұруға 

рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) алу үшін ішкі істер органдарына өтініш береді. Қазақстан Республикасында тұрақты 

тұруға рұқсат алу үшін:

1) бес тәуліктен аспайтын мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін;

2) Қазақстан Республикасына туризм, емделу, жастардың, студенттік және мектептік алмасу бағдарламаларына 

қатысу, гуманитарлық көмекті алып жүру, келіссөздер жүргізу, шарттар жасасу, аудиторлық және консультациялық 

қызметтер көрсету мақсаттарымен, сондай-ақ іссапарға келген;

3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте жүрген;

4)  дипломатиялық  өкілдіктердің,  консулдық  мекемелер  мен  Қазақстан  Республикасында  аккредиттелген 

халықаралық ұйымдардың құрамына енетін;

5) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып 

табылатын;

6) теңіз және өзен кемел ері, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуе, теміржол және автомо-

биль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын;

7) Қазақстан Республикасының аумағына діни және (немесе) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында 

келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды.

10. Рұқсат алу үшін шетелдік және азаматтығы жоқ адам болу орны бойынша ішкі істер органдарына мына-

дай құжаттар ұсынады:

1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты 

беру туралы өтініш-сауалнама.

2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ 

адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;

бірлескен өтініш берген кезде баланың туу туралы куәлігі немесе 16 жасқа толмаған баланың жеке басын рас-

тайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы;

3) Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі;

4) оны ң азаматтығы бар мемлекеттің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға шығуға арналған 

рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында 

пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, 

Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);

5) өз қолымен толтырылған өмірбаян;

6) этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында 

туған  немесе  бұрын  оның  азаматтығында  болған  адамдарды  және  олардың  отбасы  мүшелерiн  қоспағанда, 

«Қазақстан  Республикасында  тұрақты  тұруға  рұқсаттар  алуға  үміткер  шетелдіктердің  және  азаматтығы  жоқ 

адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту 

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем 

қабілеттілігін растау туралы құжат;

7) азаматтығы тиесілілігі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) ту-

ралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат;

8) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 10-нан 16 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған 

келісімі;

9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен 

нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім.

10) «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым 

салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 

30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7274 

тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы 

туралы Қазақстан Республикасы медициналық мекемесі берген шетелдіктің медициналық куәландыру анықтамасы;

11) мөлшері 35х45 мм 1 фотосурет;

12) азаматтығы жоқ адамның өтініш берген кездегі тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің 

азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы құжат.

11. Осы Қағиданың 10-тармағының 4), 6), 7), 9),10), 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық 

мерзімі 180 күннен аспауы тиіс.

12.  Шет  тілінде  жасалған  құжаттар  мемлекеттік  не  орыс  тіліне  аударылуы  тиіс.  Аудармашы  қолының 

түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылуы тиіс.

13.  Осы  Қағиданың  10-тармағы  4),  7)  тармақшаларында  көрсетілген  құжаттар  «Консулдық  заңдастыру 

ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 

бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 қаңтарда №1350 болып тіркелген) 

сәйкес заңдастырылуы тиіс. 

14. Қазақстан Республикасы аумағына ата-анасынан бөлек, жасы он төртке дейін келген балалар не егер 

ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған жағдайда осы қағиданың 6 және 

7) тармақшаларын қоспағанда, осы Қағиданың 6-тармағына сәйкес ішкі істер органдарына құжаттарды ұсынады.

15. Қазақстан азаматтығынан шығуды ресімдеген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі 

бар не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдар шетелдік не азаматтығы жоқ адам ретінде 

қайта тіркелуі үшін ішкі істер органдарына осы Қағиданың 10-тармағының 1), 2), 5), 10), 11), 12) тармақшаларында 

көрсетілген құжаттарды ұсынады.

16. 1974 жылғы үлгідегі паспорты бар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын не азаматтығы Қазақстан 

Республикасынына азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілілігін ішкі істер органдары 

анықтамаған адамдар тұруын не Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын қосымша құжат 

ұсынады (еңбек кітапшасы, үй кітабы, мекенжай анықтамасы, туу, неке қию туралы куәлігі, білім туралы аттестат 

немесе диплом).

Адамдардың жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша 

жауап алудың толық хаттамасын құрайды, онда тексерілетін адам қашан және қайда туылғаны, олардың туу сәтінде 

ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжат бойынша келгені, туыстарының 

қайсысы және қайда тұрғаны, қазіргі уақытта қайда тұратыны, олардың азаматтығы және мән-жайларға және т.б. 

қарамастан басқа мәселелер көрсетілуі тиіс. 

Барлық қажетті іс-шаралар өткізілгеннен кейін өтініш білдіруші адамға азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру ту-

ралы осы Қағиданың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды шығарылады, ол есепке алу ісіне жинақталады.

17. Рұқсатты беру туралы өтініш қарауға материалдарды толық көлемде ұсынған жағдайда қабылданады.

18. Қабылданған материалдар тұрақты сақтау мерзімімен жеке есепке алу ісінде қалыптастырылады.

19.  Есепке  алу  ісі  осы  Қағиданың  4-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  тұрақты  тұратын  шетелдіктерді, 

азаматтығы жоқ адамдарды ісін есепке алу журналында тіркеледі. Кітап бойынша реттік нөмірі біруақытта істің 

реттік нөмірі болып табылады.

Өтініш және оған бір отбасының мүшелеріне қоса берілген құжаттар бір есепке алу ісінде қалыптастырылады, 

оған отбасы қожайының реттік нөміріне сәйкес тіркеу нөмірі беріледі.

20. Өтініш берушіге осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарауға тұрақты тұруға рұқсат бе-

руге құжаттар қабылданғаны туралы талон беріледі.

21. Өтінішті қарау мерзімі құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 60 күн құрайды.

22. Материалдарды тексеру нәтижелері бойынша рұқсатты беру не осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес 

нысан бойынша қорытынды түрінде ресімделетін оны беруден дәлелді бас тарту туралы қорытынды шығарылады.

23. Қорытындыға қол қойғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға/не рұқсатты беруден бас 

тарту өтініш иесіне жазбаша түрде 3 жұмыс күні мерзімінде осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бой-

ынша жолданады.

24. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не 

оның күшін жою үшін негiздер Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

25. Өтінішті оң қараған жағдайда шетелдік және азаматтығы жоқ адам тұрақты тұру орны бойынша тіркеуге 

жатады.


26. Тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда өтініш иесінің талабы бой-

ынша анықтамалардың түпнұсқалары қайтарылады, есепке алу ісінде көші-қон полициясының қызметкері растаған 

анықтамалардың көшірмелері тігіледі.

27. Рұқсатты жою үшін негіз болып табылатын шетелдіктер әрекеттер жасау туралы жазбаша ақпарат алған 

жағдайда ІІД, ҚАІІБ(б) тексеруді жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес 

нысан бойынша тұрақты тұруға рұқсатты жою туралы дәлелді қорытынды шығарылады.

28. Шетелдік осындай рұқсатты ұсынудан бас тарту немесе оны жою туралы шешім қабылдаған күннінен бастап 

бір жылдан ерте емес рұқсат ьеру туралы өтінішті қайта береді.

29. Шетелдік рұқсатты жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасында оның тұратын жері туралы мәліметтің бол-

мауы туралы мәселені қарау үшін ішкі істер органдарына келмеген жағдайда тұрақты тұруға рұқсатты жою туралы 

шешім шетелдік болмағанда қабылданады.

30. Рұқсаты жойылған шетелдік қабылданған шешіммен танысу және Қазақстан Республикасының аумағында 

жеке басын куәландыратын құжатты тапсыру үшін ішкі істер органдарына келеді, ол туралы оған осы Қағиданың 

9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама жолданады.

31. Шетелдік ішкі істер органдарына хабарламада көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда рұқсаттың күшін 

жо ю  туралы шешіммен оны таныстыру күні болып оған хабарлама жолданған күн есептеледі.

32. Тұруға ықтиярхаттың күшін жою туралы қорытынды және шешім қабылдауға негіз болып табылған өзге де 

материа лдар есепке алу ісіне жинақталады.

33. Шетелдікке қатысты рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылданған шетелдік осы шешімнің көшірмесін 

алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстаннан шығады.

Егер бұл уақытта шетелдік Қазақстаннан шықпаса, ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық 

туралы кодексінде көзделген тәртіппен елден шығарылуға жатады.

Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі болған шетелдікке қатысты оған рұқсат ұсынғанға дейін рұқсат 

жойылған жағдайда ол шығарылмайды немесе нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық (тиесілілігі) белгісі, белгілі 

бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси наным бойынша оның өміріне немесе бостандығына қауіп төнген 

елге мәжбүрлеп қайтарылмайды.

Егер шетелдік сотта рұқсаттың күшін жою туралы шешімге шағымданса оны елден тыс жерге шығару туралы 

шешім сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін қабылданбайды.



Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты 

тұруға рұқсат беру қағидасына 1-қосымша

Нысан

ШЕТЕЛДІКТІ УАҚЫТША ТІРКЕУ ТУРАЛЫ

№____ АНЫҚТАМА

Т.А.Ә (бар болған жағдайда):____________________________________________________

Паспорт №:___________________________________________________________________

Азаматтығы:__________________________________________________________________

Тіркеу мерзімі

20__жылғы «__»__________.бастап 20__жылғы «__»_________ аралығында

20__жылғы «__»__________ дейін ұзартылды

Қазақстан Республикасына келу мақсаты__________________________________________

Тіркелу мекенжайы____________________________________________________________

Жауапты қызметкер:

Күні____________

Қолы _________________________________________

 

     Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)



Анықтама жеке басты куәландыратын құжатты ұсынған кезде жарамды

Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты 

тұруға рұқсат беру қағидасына 2-қосымша

нысан

ӨТІНІШ – АНКЕТА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ

____________________________________________________________________

(ішкі істер органының (ІІД, ІІБ, АІІБ) атауы)

Тіркеу нөмірі _______________________________________________________

(уәкілетті лауазымды адам толтырады)

 

 



 

 

 



 

Фотосуреттің орны

 

 

 



 

 

 



       (35 x 45 мм)

Маған  және/немесе  менің  ұлыма,  менің  қызыма,  менің  асырап  алған  балама/менің  қамқорлығым 

(қорғаншылығым) белгіленген балаға/мемлекеттің қамқорлығындағы балаға (қажет емесі сызылсын) Қазақстан 

Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруді сұраймын.

20__ жылғы «___» _______ бастап 20__ жылғы «___» ________ дейін

_________________________ мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасында уақытша тіркелгенмін.

Осы өтінішпен жүгінуге себеп болған уәждер

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1. Тегі, аты (аттары), әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________________________________

________________________________________________________________________________________________

(тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда бұрынғы тегін, атын, 

әкесінің атын (ол болған жағдайда),

________________________________________________________________________________________

өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты 

____________________________________________________________________

орыс және (латын алфавиттерінің әріптерімен жазылады)

2. Туған күні, айы, жылы және жері _________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

3. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар

(бұрын болды ма) ________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

                                        (қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)

4. Жынысы ____________________________________________________________________

                                                                                (ер, әйел)

5. Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________________________

                                                                       (құжаттың нөмірі және сериясы,кім

____________________________________________________________________

                                           және қашан берді)

6. Ұлты ____________________________________________________________________

                                                          (қалауы бойынша көрсетіледі)

7. Діни нанымы __________________________________________________________________

                                                            (қалауы бойынша көрсетіледі)

8. Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз ба және КСРО азаматтығында тұрдыңыз ба немесе Қазақстан 

Республикасының аумағында тудыңыз (қажет емесі сызылсын) __________________________________________

____________________________________________________

(көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)

9. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған еңбекке жарамсыз ата-анаңыз бар ма 

____________________________________________________________________

                   (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні,

____________________________________________________________________

                                  еңбекке жарамсыздығын растайтын құжат)

10. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат және тұруға ықтиярхат беру туралы бұрын өтінішпен 

жүгіндіңіз бе       ____________________________________________________________________

                             (егер иә болса, қашан және қандай органға, қандай шешім қабылданды)

11. Отбасы жағдайы ____________________________________________________________________

                                                      (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),

____________________________________________________________________

               ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)

12. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы, қарамағындағы) балаларын қоса 

алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркеуі бар отбасы мүшелері:

Өтініш берушіге 

қатысы


Тегі, аты, әкесінің аты 

(ол болған жағдайда)

Туған жылы 

және жері

Азаматтығы 

(тиесілігі)

Тұратын, оқитын 

жерінің мекенжайы

Жұмыс 

орны


13. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Күні 


(айы және жылы)

Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, 

жұмыстан шығуы 

Жұмыс орнының 

мекенжайы

14. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса_____________________________________________________ 

                                                                               (куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)

15. Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік елден шығаруға не болмаса өтініш берудің ал-

дында бес жыл ішінде елден қууға ұшырадыңыз ба __________________________________________________

                                                                                             (егер ұшырасаңыз, неше рет және қашан)

16. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не болмаса қауіпті деп танылған қылмысты қайта жасағаныңыз 

үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба

____________________________________________________________________

                                егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)

17. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе аса ауыр 

қылмыстық әрекет жасағаныңыз үшін жабылмаған немесе алынбаған соттылығыңыз бар ма 

____________________________________________________________________

                                         (егер болса, неше рет және қашан)

18. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу (тұру) режимін қамтамасыз ету бөлігінде 

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба

____________________________________________________________________

                                  (егер тартылсаңыз, неше рет және қашан)

19. Сізде мынадай сырқаттар болды ма: нашақорлық, психикалық ауытқулар (сырқат); туберкулез; лепра 

(Гансеннің сырқаты); жыныс жолдарымен арқылы берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) – мерез, мерез лимфогранулемасы 

(донованоз), шанкроид; жіті инфекциялық аурулар (жіті респираторлық вирустық инфекциясы (тыныс органдарының 

жіті вирустық инфекциясынан) және грипптан басқа)._____________________________________________

                                                                                                             (егер иә, онда қандай түрімен

20. Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған кезде жазылатын/дер-

бес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы)

___________________________________________________________________________________________

Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, азаматтығы, 

тұрғылықты жері) ____________________________________________________________________________

21. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны _______________________________________________

_______________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________

Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:

______________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________

Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы 

Заңының  49-бабымен  көзделген  жағдайларда  рұқсат  беруден  бас  тартылуы  не  болмаса  берілген  тұруға 

ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін екені туралы ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған 

мәліметтердің шынайылығын растаймын.

20__ жылғы «___» _________________________.

_______________________         ____________________________________________________________

(өтініш берілген күні)                     (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде қойылады)

20__ жылғы «___» _________________________ ___________өтініш қарауға қабылданды.

Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім, 

өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын 

____________________________________________________________________

                               (арнаулы атағы (егер бар болса),

____________________________________________________________________

құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)

__________________________

(лауазымды адамның қолы)

Өтініш  қысқартуларсыз,  аббревиатураларсыз,  түзетулерсіз  және  шимайсыз  қолмен  немесе  техникалық 

құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады. Сұрақтарға жауап жан-жақты 

болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.

Өтінішті қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің мөртабаны қойылады.

Осы тармақты толтырған кезде мекемелердің атауы өтініш беруші сонда жұмыс істеген кезеңде қалай аталса 

солай аталуы тиіс.

Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің 

нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.

Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігінің нөмірі, оны кім және қашан 

бергені көрсетіледі.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20 __ жылғы «__» ____ __________ (қолы)



Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты 

тұруға рұқсат беру қағидасына 3-қосымша

Нысан

 

 



 

 

 



 

Бекітемін

 

 

 



 

 

Бастық не орынбасары



 

 

 



 

 

_____________________



 

 

 



 

 

_____________________



 

 

 



 

 

(арнаулы атағы)



 

 

 



 

 

____________ ___________________



 

 

 



 

 

(қолы) тегі, а.ә (бар болса)



 

 

 



 

 

20___ жылғы «____» _____________



Адамға азаматтығы жоқ адамның мәртебесін беру туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

___________________________________________________________________

             (лауазымы, арнайы атағы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

___________________________________________________________________,

___________________________________________________________________

                    (өтініштің негіздемесі, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

___________________________________________________________________,

                             рұқсатты жою кезінде органның хабарламасы)

                                                                                БЕЛГІЛЕЙДІ:

Мыналар:

өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, өтініш берушінің уақытша тіркеу орны, өтінішпен жүгінуге 

себеп болған;

білім, кәсібі, бұрын Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған кезеңде айналысқан ісі, тұрғылықты 

жері, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы, шығу мерзімдері;

өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, жүзеге асыруға қаражат көзі, отбасы жағдайы, туысқандары 

туралы қысқаша мәлімет;

адамды ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері бойынша тексеру нәтижелері, 

әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет;

балалары және толық айқындамалық деректер туралы мәлімет;

өтініш берушінің мінездемесі;

азаматтығы жоқ адамның мәртебесін беру үшін негіз

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Азаматтығы жоқ адамның мәртебесін беру туралы оң немесе теріс шешім қабылдауға дәлелді негіздеме 

жазылады.

2. Қабылданған шешім туралы хабарлама жолданатын ішкі істер органының атауы көрсетіледі.

3. Есепке алуға өзгерістерді қамтамасыз ететін бөлініс көрсетіледі.

______________________________________________________  

______________________

(лауазымы, арнаулы атағы, қызметкердің тегі,аты, әкесінің аты)  

                (қолы)

«КЕЛІСЕМІН»

Көші-қон полициясы бөлінісінің басшысы не орынбасары

_______________________________________  

 

______________________



(арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты)    

 

                 (қолы)



20__ жылғы «__» ____________

--------------------------------

Бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 

Заңының нақты бабына (бөлік, тармақ) сілтеме міндетті. 

Қол қою құқығы берілген орынбасар шешімге қол қойған жағдайда оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар 

болған жағдайда) және арнаулы атағы көрсетіледі.



Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты 

тұруға рұқсат беру қағидасына 4-қосымша

Нысан

Тұрақты тұратын шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың істерін есепке алу журналы

Істің нөмірі

Істі 


бастаған 

күн


Есепке алу ісі 

басталған адамның 

тегі, аты, әкесінің аты

Туған 


күні

Азамат-


тығы, 

ұлты


Тіркеу ме-

кенжайы


Есепке алу 

ісін бастауға 

негіз

Істі қайта жіберу 



немесе жою ту-

ралы белгі



Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты 

тұруға рұқсат беру қағидасына 5-қосымша

нысан

Тұрақты тұруға арналған рұқсат беруге құжаттарды қабылдау туралы

№ ________ТАЛОН

________________________________________________________________

Өтініш берушінің Т.А.Ә.(ол болған жағдайда)

Қабылданған құжаттар тізбесі:

1.______________________________________________________________

2.______________________________________________________________

3.______________________________________________________________

4.______________________________________________________________

5.______________________________________________________________

6.______________________________________________________________

7.______________________________________________________________

8.______________________________________________________________

9.______________________________________________________________

Қабылдаған:_____________________________________________________/

                                              (ІІД КҚПБ қызметкерінің лауазымы)

______________/__________________________________________________

           (қолы) 

            Т.А.Ә. (ол болған кезде)

20_______ ж. «___» _______________________

Берілген күні және уақыты: ______ жылғы «___» _______ __ сағ. __ мин.



Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты тұруға рұқсат 

беру қағидасына 6-қосымша

Нысан

 

 



 

 

 



Бекітемін 

 

 



 

 

 



Бастық ________________

 

 



 

 

 



___________________________

 

 



 

 

 



             (арнаулы атағы)

 

 



 

 

 



________ _________________________

 

 



 

 

 



      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

 

 



 

 

 



20__ жылғы «__» ______________

ҚОРЫТЫНДЫ

____________________________________________________________________________________________

                                       (лауазымы, арнайы атағы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

                                         (өтініштің негіздемесі, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

____________________________________________________________________________________________

                                                        рұқсатты жою кезінде органның хабарламасы)

БЕЛГІЛЕЙДІ:

Мыналар:

өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, өтініш берушінің уақытша тіркеу орны, өтінішпен жүгінуге 

себеп болған;

білім, кәсібі, бұрын Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған кезеңде айналысқан ісі, тұрғылықты 

жері, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы, шығу мерзімдері;

егер  біруақытта  Қазақстан  Республикасында  тұрақты  тұруға  рұқсатты  өтініш  берушімен  бірге  балалары 

алса, онда бұл туралы айқындамалық сияқты қаулы ету бөлігінде де көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған 

жағдайда, оның тегі көрсетіледі;

өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, жүзеге асыруға қаражат көзі, отбасы жағдайы, туысқандары 

туралы қысқаша мәлімет;

адамды ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері бойынша тексеру нәтижелері, 

әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет;

балалары және толық айқындамалық деректер туралы мәлімет;

өтініш берушінің мінездемесі;

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұруға ықтиярхатты жоюға 

негіздеме.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Тұруға ықтиярхат беру/ бұрын берілген тұруға ықтиярхаттың күшін жою туралы оң немесе теріс шешім 

қабылдауға дәлелді негіздеме жазылады.

2. Қабылданған шешім туралы хабарлама жолданатын ішкі істер органының атауы көрсетіледі.

3. Есепке алуға өзгерістерді қамтамасыз ететін бөлініс көрсетіледі.

_______________________________________________________          ______________________

(лауазымы, арнайы атағы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)                               (қолы)

«КЕЛІСЕМІН»

Көші-қон полициясы бөлінісінің басшысы не орынбасары

_______________________________________ ______________________

(арнайы атағы, тегі, аты, әкесінің аты)                            (қолы)

20__ жылғы «__» ____________

--------------------------------

Егер шешім қабылдау құқығы ұсынған орынбасары бекітсе, оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және ар-

найы атағы көрсетіледі.

Егер  біруақытта  рұқсатты  өтініш  берушімен  оның  кәмелетке  толмаған  балалары  алса,  онда  бұл  туралы 

айқындамалық және белгілеу бөлігінде көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі.

Тұруға  ықтиярхатты  беруден  немесе  бұрын  берілген  рұқсаттың  күшін  жоюдан  бас  тарту  туралы  шешім 

қабылданған жағдайда «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нақты бабына (бөлік, 

тармақ) сілтеме міндетті.

Қол қою құқығы берілген орынбасар шешімге қол қойған жағдайда оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және 

арнайы атағы көрсетіледі.



Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты 

тұруға рұқсат беру қағидасына 7-қосымша

Нысан

 

 



 

 

 



________________________________

 

 



 

 

 



________________________________

 

 



 

 

 



_______________________________

 

 



 

 

 



            (ІІД, ІІБ бөлінісінің атауы)

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат/не рұқсат беруден бас тарту

___________________________________________________________________шешіммен хабарлаймын

   (шешім қабылдаған органды, күнді және шешім қабылдау нөмірін көрсету)

__________________________________________________________________

Сізге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берілді/ тұрақты тұруға 

рұқсат беруден бас тартылды/ тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі 

________________________________________(қажет емесін сызыптастау) негізінде ұзартылды.

(заңның тармағын, бөлімін, бабын көрсету)

Тұруға ықтиярхатты ресімдеу/тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін 

Сіз_________________________________________________________________

                                           (ІІД, ІІБ мекенжайы, қабылдау күндері

___________________________________________________________________

                                        және қабылдау сағаты, қызметкердің Т.А.Ә.)

___________________________________________________________________

                                                              өтініш білдіруіңіз қажет.

ІІД, ІІБ көші-қон полициясы бөлінісінің (бөлімнің, бөлімшенің) бастығы

_______________________________________  

 

         ____________________



      (арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты) 

 

 



(қолы)

20__ жылғы «__»____________ М.О.



Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша және тұрақты 

тұруға рұқсат беру қағидасына 8-қосымша

Нысан

 

 



 

 

 



Бекітемін 

 

 



 

 

 



Бастық ________________

 

 



 

 

 



___________________________

 

 



 

 

 



             (арнаулы атағы)

 

 



 

 

 



________ _________________________

 

 



 

 

 



      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

 

 



 

 

 



20__ жылғы «__» ______________

ҚОРЫТЫНДЫ

____________________________________________________________________________________________

                                       (лауазымы, арнайы атағы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

                                         (өтініштің негіздемесі, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

____________________________________________________________________________________________

                                                        рұқсатты жою кезінде органның хабарламасы)

БЕЛГІЛЕЙДІ:

Мыналар:

өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, өтініш берушінің уақытша тіркеу орны, өтінішпен жүгінуге 

себеп болған;

білім, кәсібі, бұрын Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған кезеңде айналысқан ісі, тұрғылықты 

жері, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы, шығу мерзімдері;

егер  біруақытта  Қазақстан  Республикасында  тұрақты  тұруға  рұқсатты  өтініш  берушімен  бірге  балалары 

алса, онда бұл туралы айқындамалық сияқты қаулы ету бөлігінде де көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған 

жағдайда, оның тегі көрсетіледі;

өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, жүзеге асыруға қаражат көзі, отбасы жағдайы, туысқандары 

туралы қысқаша мәлімет;

адамды ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері бойынша тексеру нәтижелері, 

әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет;

балалары және толық айқындамалық деректер туралы мәлімет;

өтініш берушінің мінездемесі;

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұруға ықтиярхатты жоюға 

негіздеме.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Тұруға ықтиярхат беру/ бұрын берілген тұруға ықтиярхаттың күшін жою туралы оң немесе теріс шешім 

қабылдауға дәлелді негіздеме жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет