Оқытудың тұжырымдамалық моделі білім алушылар ды ынталандырады: • фактілерді тұжырымдамалық түсініктің қалыптасуына әкелетін ұғымдармен байланыстыру; бұл синергетикалық ойлау терең ақыл-ой әрекетін қажет етеді;
• өз ғылыми пайымын қалыптастырып, жаһандық мәнмәтінде мәдени түсінігін дамыту;
• оқуға ынтасын арттыру;
• білім алушылар ғылыми терминологияны терең тұжырымдамалық түсініктерін жеткізу үшін қолданатындықтан, ғылыми тілді еркін меңгеруді арттыру;
• сыни, шығармашылық және тұжырымдамалық ойлаудың жоғары деңгейіне қол жеткізу, білім алушылар климаттың өзгеруі, ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері сияқты күрделі жаһандық мәселелерді талдайды, зерттеу арқылы тақырыпты тереңдетеді.