Мен кіммін? Біз кімбіз?
Білім алушылар жеке тұлғаны; ұстанымдар мен құндылықтарды; жеке, физикалық, психикалық, әлеуметтік және рухани денсаулықты;
адамның қарым-қатынасын, оның ішінде отбасы, достар, қауымдастықтар мен мәдениеттер; адамгершілік нені білдіреді деген ұғымдарды зерделейді.
Зерттеу жүргізуге болатын бағыттар:
Бәсекелестік және ынтымақтастық; командалар, мүшелік және көшбасшылық
Тұлғаны қалыптастыру; өзін-өзі бағалау; мәртебе; рөлдер мен рөлдік модельдер
Өзінің күш-жігері мен іс-әрекеттері; қарым-қатынас, ынталандыру, тәуелсіздік; бақыт және берекелі өмір
Физикалық, физиологиялық және әлеуметтік даму; ауыспалы кезеңдер; денсаулық және әл-ауқат; өмір салты; таңдау жасау
Адамның табиғаты және адамгершілік қадір-қасиеті; моральдық және этикалық пайымдау; сана және ақыл-парасат
Уақыт пен кеңістікте даму
«Қайда» және «қашан» сөздерінің мағынасы қандай?
Білім алушылар әртүрлі жерлерде орын алған жеке тұлғалардың оқиғаларын; адамзат тарихындағы бетбұрыс кезеңдерін; жаңалықтардың ашылуын; адамзаттың зерттеулері мен қозғалыстарын; жеке, жергілікті және жаһандық перспективалар тұрғысынан адамдар мен өркениеттердің қарым-қатынасы
мен байланысын зерттейді.
Зерттеу жүргізуге болатын бағыттар:
Өркениеттер мен әлеуметтік оқиғалар, мұра, қажылық, қоныс аудару, орын ауыстыру және алмасу
Дәуірлер, кезеңдер, шешуші сәттер және «үлкен тарих»