Тұжырымдар – көптеген мысалдары бар, кең ауқымды, абстрактілі, уақыттан тыс, әмбебап идеялар (Линн Эриксон). Мысалы, жүйе, өзгеріс, байланыстар, қатынастар және т.б. ұғымдар. Мұндай ұғымдар пәндік мазмұн аясынан ауқымды болып келеді.
Тұжырымдар:
ақпаратты жүйелеуге және топтастыруға мүмкіндік береді.
Бір-бірімен байланысты екі немесе одан да көп тұжырым (концепт) тұжырымдаманы құрайды.
Түйінді тұжырымдар – пәндік мазмұннан тыс кең ауқымды, ұйымдастырушылық, маңызды идеялар. Түйінді тұжырымдар кең ауқымды түсінікті қамтамасыз етеді. Мысалы, «өзгеріс» түйінді тұжырымы әмбебап және дерексіз. Ол математикада ұзындықтың, массаның өзгеруі ретінде, биологияда жасуша құрылымдарының өзгеруі ретінде, химия мен физикада энергия түрлерінің өзгеруі ретінде қолданылуы мүмкін. «Өзгеріс» - бір формадан екінші қалыпқа ауысу, түрлендіру немесе қозғалыс.
«Жүйелер», «қатынастар» сияқты тұжырымды ұғымдар әмбебап және дерексіз болып табылады.
Жүйелер – құрылым мен тәртіпті қамтамасыз ететін өзара әрекеттесу немесе өзара тәуелді компоненттер жиынтығы (мысалы, тыныс алу жүйесі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі, Күн жүйесі және т.б.).
Қарым-қатынас – қасиеттер, заттар, адамдар мен идеялар арасындағы байланыстар мен бірлестіктер, оның ішінде сыртқы әлеммен байланыс (фотосинтездің қарқындылығы және көмірқышқыл газының шоғырлануы, жылдамдық пен қашықтық).
Әртүрлі пәндік топтарға (нақты, тілдік, әлеуметтік ғылымдар және басқалар) топтастыруға болатын 16 негізгі тұжырымды ұғымдар бар, олар пәнаралық байланысты қамтамасыз етеді. Бөлімді жоспарлау барысында оқу материалының мазмұнын зерттеу бағытын айқындайтын бір негізгі тұжырым (концепт) қолданылады.
Пәндік тұжырымдар нақты пәндердің пәндік мазмұнына жатады және пән мазмұнын түсінуде назар аудару ауқымы мен тереңдігін қамтамасыз етеді. Пәндік тұжырымдар.
Бір-бірімен байланысты тұжырымдар зерттеуді тереңдетуге ықпал етеді және оқу материалының мазмұнын түсінуде бірізділікті қамтамасыз етеді.
Биологияда 12 пәндік тұжырым (концепт) бар. Бөлімді жоспарлау кезінде екі немесе одан да көп тақырыптық тұжырымдар қолданылады. Мысалы, өзара байланысты «энергия» және «трансформация». Биологияда қолданылатын пәндік тұжырымдарға мыналар кіреді:
Биологияда қолданылатын пәндік тұжырымдар (М.В. Гасинец және т.б., 2020)