4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер



бет18/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
ха общий

32. Көркем фольклор жанрлары
Қазақ фольклоры жанрға аса бай. Музыкалық фольклор жанрларын есепке алмағанның өзінде ауызша сөз өнерінің елуге жуық жанры бар. Олар: тұрмыс-салт жырларының: жар-жар, беташар, сыңсу, тойбастар, қоштасу, естірту, көңіл айту, арбау, дұға, бәдік, бақсы сарыны, бата, жарапазан сынды үлгілері; 
Көне жыр, батырлар жыры, тарихи жыр, ғашықтық жыр, тарихи өлең, қисса, дастандар;
Жыр додасы айтыс (айтыс өз ішінде: ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, бәдік айтыс, қайым айтыс т.б. деп бөлінеді); шешендік сөздер, толғау, терме, желдірме, арнау, қара өлең, тақпақ;
Қара сөз түрінде айтылатын миф, ертегі, әңгіме, аңыз,әпсана, хикая, хикаят, шежіре; шағын жанрлар: жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл, жаңылтпаш, мазақтама т.б. 
Қазір фольклор жанрларын ғұрыптық және көркем фольклор деп екіге жіктейді. Бұлай жіктеуді ең алғаш ұсынған - А.Байтұрсынов. Ғалым «Әдебиет танытқышында» (1926) қазақ фольклорын «сауықтама» және «сарындама» деп екіге бөледі.

Фольклор туындыларының тарихи шындық негізінде қорытылып, суреттелуі де әр жанрларға байланысты әр түрлі деңгейде болатындығын білеміз. Қазақ фольклорына да осы қағидаттар тән.Ауыз халықтық өнер – ғасырлар бойы қалыптасқан орыс мәдениетінің кең қабаты. Фольклордың жанрлары халықтың өмір сүруіне байланысты бөліне береді.


Олар қазақ халқында: Миф, аңыздар,
Мал түліктеріне байланысты,
Батырлық жырлар,
Лиро эпостық жырлар,
Тарихи жырлар мен тарихи өлеңдер,
тұрмыс салтқа байланысты жырлар деп бөліне береді.

33.Әлкей Марғұлан – қазақ фольклорын зерттеушілердің аса ірі өкілдерінің бірі
Ә.Х. Марғұланқазақ фольклорын, оның ішінде, қазақтың тарихи жыр-аңыздарына сүйене отырып, тарих пен этнографияны байланыстырып, тарихи фольклорды алғаш рет кешенді түрде зерттеген ғалым. 
Отызыншы жылдардан бастап Ә. Марғұлан эпостық жырлар, ауыз әдебиеті үлгілерін, оның ішінде ертегілер мен жырларды өзара салыстыра отырып, жыр мотивтерінің ұқсастық, ерекшелік жақтарын, мотивтің алғашқы және кейінгі іздерін халықтардың қоғамдық, экономикалық тарихын негізге ала отырып зерттеген.
Фольклордың этнографиямен тығыз байланысты екенін, олардың өзара этностың тарихын зерттеуде бірін-бірі толықтырып отыратындығын академик Ә.Х. Марғұлан өз зерттеулерінде дәлелдеді. Бұған ғалымның 1946 ж. қорғаған «Қазақ халқының эпикалық әңгімелері (миф, легенда, ертегі-жыр, аңызды әңгімелер) туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер» атты докторлық диссертациясы [4] және 1985 ж. жарық көрген «Ежелгі жыр-аңыздар» атты ірі монографиялық еңбегі дәлел . Бұл еңбектерде Әлкей Марғұлан алғаш рет халықтың жыр-аңыздарын тарихи дерек ретінде пайдаланып, кешенді тұрғыдан зерттеген. Сонымен қатар осы тарихи жыр-аңыздарында қазақ халқының генезисін және өсіп-өрбу жолдарын кеңес дәуірінде алғаш айтқан ғалымдар қатарына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет