4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі миф жанры



бет28/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
ха общий

46. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі миф жанры
Миф- грек тілінен аударғанда баян, аңыз, мысал деген мағынаны білдіреді. Халық шығармаларының өте ертеден қалыптасқан ең көне жанрларының бірі.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі миф жанры дегенде, аңыз-әңгімелерді, ертегілерді, содан соң тұрмыс-салт жырларын, эпостарды, ырым-тыйымдарды еске алуға болады.Осылардың ішінде ертегілерде миф көркемдік қызмет атқарады. Мысалы, ертегілерде жануардың адамға, адамның жануарға айналуы, табиғаттың барлық жанды-жансыз затымен тілдесе беру, небір ғажайып оқиғалар- мифтік санадан туындаған сенім.
Қазақ мифологиясында көп кездесетін мифтік қаһармандар Көлтауысар, Таусоғар, Желаяқ т.б. Ал, “Күн астындағы Күнекей”, “Ер Төстік”, “Қара үйрек” ертегілерінде оқиғаға араласып отырады.
Енді, батырлар жырынан мысал келтірейік. Бытырлар жырының ішіндегі ең көнесі болып саналатын “Алпамыс батыр” жырындағы мифологизмнің орны ерекше. Мифтік таным негізінде әр қилы кейіпкер бейнесі жасалды, небір тылсым күш иелері, кереметтер айтылды. Табиғат тылсымы, пайғамбар, әулиелердің кереметі жаратушы күш құдіретіне әулиелердің кереметі жаратушы күш құдіретіне тәуелді деген түсінік тамыр алды. “Алпамыс батыр” жырының осы айтқанымызға нақты мысалдар келтіруге болады. Бұл жырдағы Байбөрі мен Аналықтың құдайдан бала сұрап, әулиеге түнеуі, Баба түкті шашты Әзиздің аян беруі - мифтік желі. Сонымен қатар, Алпамыс батыр тұлғасына мифтік ұғым дарытылған. Оның пірі - Ғайып ерен қырық шілтен. Ғайып ерен қырық, шілтен - мифтік кейіпкер.
Фольклорлық - мифологиялық желілер халықтың рухани әлемін танытып, жалпы адамзаттың дүниетанымының кең шеңбердегі ауқымының көрінісі ретінде ұрпақ санасына орнығып отырды. Фольклорды халықтың рухы деп танысақ, мифология - сол халық рухының тынысы.

47. Ежелгі дәуірдегі түркі әдебиетіндегі фольклор үлгілері
Түркі әдебиетінде фольклор үлгілері кездеседі. Фольклор үлгілерін “Күлтегін” жыры, “Білге қаған”, “Тоныкөк” және сол сияқты шығармалардан көре аламыз. Оның нақты қандай белгілер екендігін ашып жазар болсақ:  
1. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазуларында көне мифтердің бір түрі жасампаздық – әлемнің пайда болуы жөніндегі мифтің сілемі, түркі аңыз, дастандарында жиі кездесетін мифтік эпикалық уақыт пен кеңістік сарындары көрінісі де бар.
2. Фольклордың ертегі, аңыз, әпсана, эпикалық жыр сияқты түрлерінің бәрінде дерлік айрықша орын алатын ғажайып туу мотивінің де түп-төркіні мифтерден бастау алады. Бұл мотив әлем халықтарының фольклорында бар. Ғажайып туу мотивіне А.Н. Веселовский, В.Я. Пропп сияқты ғалымдар назар аударып, ол жөніндегі пікірлерін жазған болатын. Бұл құбылыстың қазақ фольклорындағы көрінісі С. Қасқабасов, Б. Әзібаева, Ш. Ыбыраев зерттеулерінде де қарастырылды.
3. Түркі қағанаты дәуірі жазба ескерткіштерінде тотемизмнің – фольклорлық ғажайып туу мотивінің де көрінісі бар. Ол жазбаларда қағандар Тәңірінің қалаулысы, Көктен жаралды деп көрсетіледі. Қағандардың, батырлардың Тәңіріден жаралуы туралы ұғым ежелгі түсінік – көктен, күн нұрынан жаралуы жөніндегі көне танымның бір көрінісі. Орхон жазбаларында ел билеушінің ерекше жаралатыны жайындағы ежелгі наным айқын бейнеленген. «Бұл – ғайыптан туу мотиві ежелгі тотемизмнің өзгерген түрі» қазақтың көркем фольклорында «бас қаһарманды дәріптеудің бір амалына айналып кеткен».
4. Қазақ мифтерінің ең көне түрлерінің бірі – жан-жануарлар туралы мифтер болса, фольклорда кең көрініс табатын осы дәстүр түркілердің Түркі қағанаты дәуіріндегі киелі кешендерінен, ол дәуір аңыздарынан, Орхон жазбаларында көк бөріге қатысты жайттардан байқалады. Ежелгі түркілердің өздерінің шығу тегін көк бөрімен байланыстыратындығы, қасиетті санайтындығы жөніндегі осы ежелгі түсінігінің ізі Орхон киелі кешендерінде де сақталған. Мысалы: Бұғыты кешеніндегі қасқырды еміп тұрған баланың бедері (барельеф), Күлтегін, Білге қаған, Қарабалғасун (Ордубалық) ескерткіштерінде де бөрі бейнесін тас бетіне түсіргенде мифтік түрде бейнеленуі. 
48
49
50
51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет