4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Рақманқұл Бердібай – фольклортанушы



бет27/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
ха общий

45. Рақманқұл Бердібай – фольклортанушы
Рақманқұл Бердібай- Қазақстандағы аса ірі фольклортанушы. Оның “Жыршылдық дәстүр”(1983), “Сарқылмас қазына”(1983), “Қазақ эпосы”(1982), “Эпос мұраты”( 1997), “Айтыс әлемі”(2000) сияқты ғылыми монографиялары қазақ фольклорын зерттеудің тынысын кеңейтіп, жаңа биікке шығарды. “Қазақ фольклористикасының тарихы” атты ұжымдық еңбектің жетекшісі, әрі авторлардың бірі ретінде ол кісіге “Ш.Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі” сыйлық берілді. Әдеби жұртшылық Рахманқұл Бердібайды қазақтың ең көрнекті әдеби сыншылдарының бірі деп таниды. Бұған ол оның мерзімді баспасөзде жарық көрген жүздеген мақалалары мен “Әдебиет және өмір”, “Социалистік реализм туралы”, “Қазіргі қазақ прозасындағы замандас бейнесі”, “Роман және заман”, “Дәстүр тағылымы” сияқты кітаптары толық дәлел.
Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеу саласына ғалым 1970 жылдары келді. Бұл тақырып аясына кеш келсе де, фольклордың бүкіл ерекшеліктерін тез меңгерген ғалым халық ауыз әдебиеті шығармаларын жаңа методология тұрғысынан зерттеу үлгілерін ұсынды.
Р. Бердібай ұзақ жылдар бойы халықтық мұра сапынан шығып қалған қазақ-ноғайлы жырларын қайта зерттеп, қатарға қосуға зор күш жұмсады. Ол ғылыми мақалалары мен баяндамаларында “Едіге батыр”, “Орақ-Мамай”, “Қарасай-Қази”, “Шора батыр”, “Ер Сайын” жырларын жариялау мен зерттеуді жүйелі түрде ұсынды.
Ғалымның 1982 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген “Қазақ эпосы” атты моногпафиясы қазақ ауыз әдебиетіне үлкен жаңалық әкелді. Осыған дейін “эпос” термині қаһармандық жырларды ғана атауға қолданылып келсе, ғалым бұл сөзді әдеби тек мағвнасында жұмсалатын әлемдік әдебиеттану мен фольклортанудағы мәніне жақындатты. Ол көне ертегілік, қаһармандық, ғашықтық, тарихи жырлардың барлығын осы “эпос” ұғымының аясында, біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Р.Бердiбай ауыз әдебиетiнiң танытқыштық, тәрбиелiк, эстетикалық, танымдық мәнiн сөз ете отырып, фольклортанудың тарихилығы жөнiнде ауыз әдебиетi мұрасьн жинау, зерттеу, жариялау жұмысындағы қалыптасқан түрлi ғылыми мектептер, методологиялық принциптердi айтады. Мысалы, мифологиялық мектеп, оның қағидалары, миграциялық теория, оның заңдылықтары, антропологиялық мектеп, оның тұжырымдары — тарихи мектеп. Ғалым бұл мектептердiң жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн атап көрсетедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет