4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Қазақтың әпсана-хикаяттары



бет30/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Байланысты:
ха общий

54. Қазақтың әпсана-хикаяттары
Әпсана – халықтың наным-сенімінен, арман-қиялынан туған прозалық жанрдың бірі, шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер.
Халық прозасының бұл жанры үш түрге бөлінеді:

а)mapuxu-мекендік әпсаналар


ә) әлеуметтік-утопиялық әпсаналар
б) діни-кітаби хикаяттар.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыздар.
1.Қорқыт ата туралы аңыз
2.Асан Қайғы туралы аңыз
3.Жиренше
4. Алдар Көсе
Қорқыттың аты түрік тектес халықтар арасында әртүрлі аңыздар арқылы жақсы танымал. Қазақ аңызы бойыншамҚорқыт – әуен, әннің атасы, аңыз– адам, сыбызғы киесі. Аңыз бойынша Қорқыт жастайынан адам өмірінің сонша қысқалығына налып, қашсаң құтылмас ажалға қарсы күрескісі келеді. Өз ойын іске асыру үшін және мәңгілік өмір туралы арман қуған Қорқыт адамдар ортасынан кетеді, бірақ, қайда барса да, оның алдынан көр, өлім шығады: ормандағы құлап, шіріп жатқан ағаш та, даладағы қураған шөп те, тау да, тас та – барлығы Қорқытты өлім күтіп тұрғандығынан хабардар етеді.“Қайда барсаң да – Қорқыттың көрі” деген халық мәтелі осыдан қалған. Мұны тығырыққа тірелгенде, бір нәрсеге жолы болмағанда қолданады. Қорқыт жан – дүниесінің күйзелгенін басу үшін шырғай ағашынан алғашқы қобыз жасайды да, оған шек тартып, азапқа толы ойы мен сезімі осы сыбызғы арқылы шертеді. Жыршының жан дүниесінен өрілген осы сыбызғы сазы бүкіл әлемге таралды, кереңнің құлағына жетті, – дейді аңыз. Сол ықылым заманнан бері Қорқыт әуені мен қобызы – оның көзіндей, киесіндей халық жүрегінде жасап келеді.

55. Қазақ халық өлеңдерінің үлгілеріне талдау жасау
«Назқоңыр» әні – қазақтың 100 әнінің біріне кіретін халық әні. ХIХ ғасырдың бірінші жартысында Сегіз сері өзінің ақындық, әншілік, композиторлық, күйшілік, батырлық, палуандық өнерімен қазақтың баға жетпес өлеңдер қатарына «Назқоңыр» әнінің сөзін де, өлеңін де шығарып өз үлесін қосқан. Бұрын бұл ән халық аузынан кетпейтін, қазір де жүрегімізде сол заманның естелігі ретінде қалды. Сегіз серінің өлеңдерінің көпшілігі негізінен махаббат лирикасына жатады. Мәселен, «Алқоңыр», «Әйкен – ай», «Гауһартас», «Ғайни», «Еңлік – ай» (Илигай), «Көкем - ай», «Қызға сәлем», « Мақпал», «Назқоңыр», «Сәулем – ай» және т. б. Осы өлеңдерінің ішінде бізге ең кең танылып, қазақ эстрадасында жиі шырқалатын әні – «Назқоңыр».

Тарихы
«Назқоңыр» әні Омбы қаласындағы ауқатты отбасынан шыққан Мүкарамма атты сұлуға арналады. 1833 жылы жаз айларында Мұхамедқанапия Омбыға, үйіне қайтады. Жасы 21-ге келіп қалды, сөйтіп өзіне тең келетін жар іздемекші болады. Осы уақытта Ахметқали деген ауқатты кісінің Мүкарамма атты қызын бір көргеннен-ақ сүйіп қалады да, Қызылжарда оқып жүргенде шығарған өлеңінде сипаттаған сұлудың бейнесін танығандай болады. Мүкараммаға ғашықтық сезімін «Арман» өлеңімен білдірмекші болады. Сөйтіп олар жиі кездесіп, тату-тәтті ғұмыр кешеді. Әрине, Мүкарамма ауқатты отбасынан болған соң әкесі оған Мұхамедқанапиямен кездесуіне тыйым салады да, кедергі болудың бір жолын қарастырады. Сөйтіп Мүкарамманы туысының үйіне жібереді. Бірақ Мукарамма оны қатты сүйеді, сондықтан қай жерге бара жатқанын айтып кетеді. Мұны естіген Мұхамедқанапия Мүкараммаға барар жолда «Назқоңыр» әнін шығарады.

Сөзі
Ай қабақ,алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын аттың терін.
Сарығаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім.

Базардан алып келген күміс құман,


Жігітті адастырған қалың тұман.
Арадан қыл өтпестей тату едік,
Біздерге қастық қылған қай антұрған.
Һә лә ләку лиләй ! Лилә ләку лилай!
Һә лә ләку лиләй! Лилә ләку лилай!

Ай қабақ,алтын кірпік, қызыл ерін,


Кел десең неге аяйын аттың терін.
Сарығаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бураң белім.

Һә лә ләку лиләй ! Лилә ләку лилай!


Һә лә ләку лиләй!Лилә ләку лилай!

Көркем қыз шақырған соң жуықтайын,


Басқаны неге соған жуытайын.
Өзіңе ықыласым ауғаннан соң,
Қалайша сәулем сені ұмытайын.
Һә лә ләку лиләй !Лилә ләку лилай!
Һә лә ләку лиләй! Лилә ләку лилай!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет