Мәйітті шығару мен жерлеуге апару Мәйітті жуу, кебіндеу және жаназасын оқу сияқты оны жерлеуге иыққа көтеріп апару – парыз кифая. Нәрестені немесе одан үлкен баланы ер кісі қолына алып, мазарға көтеріп апарады. Баланы түсіріп алмау үшін басқалардың демеп жүруіне болады. Баланы ат үстінде отырып та апаруға болады. Мәйітті жерлеуге апара жат-қанда мәйіт табытта селкілде-мейтіндей, орташа жылдамдықпен жүру мустахаб. Әйел табытының үстінен мата не сол секілді, т.б. нәрсемен жауып қою – сүннет. Мәйіт үстін жерлеп біткенше мата, яки т.б. нәрсемен жауып тұру ләзім.
84. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын талдау Әңгіменің басталуы: Қарабай мен Сарыбай аңға шығуымен
Әңгіменің дамуы: Екі бай балаларын айттырады
Әңгіменің байланысуы: Сарыбайдың дүние салуы
Әңгіменің шиленісі: Қарабайдың көшіп кетуі
Шарықтау шегі: Қарабай Қодармен уәделесуі
Әңгіменің шешімі: Қозының Баянды іздеп келуі
Қорытынды: Ғашықтардық қосыла алмаулары
Тақырыбы: Әдеп-ғұрып қиыншылығы, содан туатын ғашықтық. Ол салт-рушылдық феодалдық қоғамдар туғызған заң еткен салт.
Идеясы: Сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды.
Кейіпкерлер: Баян, Қозы, Қарабай, Қодар, Ай Таңсық (Қарабайдың асырап алған қызы), Мамабике(Қозының шешесі), Айбас (Қозы мен Баянға тілеулес), Сарыбай.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырында он бір буынды қара өлең молынан қолданылады. Тармақ үш бунаққа негізделіп,соңғы бунақ төрт буыннан құралады.Қазақтың қара өлеңнің бұл өлшемі-жырдың ұзын ырғағында толығынан сақталып отырады. Жырдың өлең жолдарында оқиғаны нақты жағдайға қарай беру үшін кейде 7-8 буынды өлең өлшемін пайдаланады.
85. Жоқтау Жоқтау немесе элегия— дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой,бауырым" деп ат қойып шауа келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі. Жоқтау – қазақ халқының қазалы жолында, қайтқан, қайтыс болған (өлген) адамның үй-ішіндегі туыстары сол адамды қаралы жыр айтып, жоқтап дауыс қылуы. Мұнда қайтыс болған адамның өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты, жақын жамағайындары, құда жағынан қатысатын қатындар ( әйелдер) сол күні сол үйге жиналады да қолдарына орамал-шыт алып беттерін басып жоқтау жырын айтады.
Жоқтау сөздерге қарсы айтылатын сөздерді – жұбату деп атайды.