4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер



бет47/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Жоқтау түрлері
Ғалым Тоқтар Арынов жоқтауды үш түрге бөледі. 1 Күй жоқтау - өлген азаматтың балалары (көбінесе қыздары) шығарған, солар айтқан жоқтаулар. 2 Ән жоқтау- өлген азаматтың анасы не жұбайы шығарған жоқтаулар. 3 Жыр жоқтау - белгілі бір ақын, жыраулар шығарған жоқтаулар. Қазақтың салтында «ақтай жоқтау» деген дәстүрде кездеседі.
Мысал: Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»
Түне күнгі кеткеннен
Ғали жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол-жөнекей көрдің бе?
Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйқта дедің бе?
—Қалай қыйып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?
Елжірейді өзегім,
Ауырады белім де...
Қаза болып көзелім,
Халім қыйын менің де...
86. «Аяз би» ертегісіне талдау жасау
Ертегінің басталуы: Ақылы асқан Мадан деген ханның болуы.
Ертегінің дамуы: Құстың, адамның, шөптің жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы; Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі; хан сынағынан сүрінбей өтуі.
Ертегінің байланысы: Жаманның ханға уәзір болуы; Меңдінің жұмбағын шешіп, қызға үйленуі.
Ертегінің шиеленісуі: Қырық уәзірдің ханды Жаманмен араздастыруы; Жаманның Барсакелмеске сапары; Жаманның хан өтірігіне жауабы;
Ертегінің шарықтау: Ханның Жаманды Ақша- шегі ханның еліне көшіріп салуы; Жаманды сағынған ханның уәзірлерін жазалауға тапқан ақылы;
Ертегінің шешімі: Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы; Жаманның хан тағына отыруы.
Кейіпкерлері
Мадан хан
Жаман - Аяз Би
Қырық уәзір
Меңді қыз
Қой жайып жүрген шал
Мақал-мәтелдер:
«Адам тілі тас жарар, тас жармаса бас жарар»;
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»;
«Қылыш үстінде серт жүрмейді»;
«Аға өлсе -іні мұра»;
«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің»;
«Аяз әліңді біл, құмырысқа жолыңды біл»
Портрет: Жаман - үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, ұсқынсыз адам.
87. Қазақтың қаһармандық эпосы
Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет