4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер



бет50/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
ха общий

Өлең құрылысына талдау:
Шумақ: 8
Тармақ- 4
Бунақ-3
Буын саны-11-12
Ұйқас-
Мақтау сөздер:
Үйің үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Діни сөздер:
Ораза- таң атқаннан күн ұясына батқанға дейін ауыз бекітіп, нәпсіні тиып,Аллаға сыйынып,кешірім сұрау.
Иман- Алла тағалаға сену және сенгендігін тілімен айтып растау және тиымдарын толық қабылдау .
Хақ Тағалам- Алла Тағалла
Намаз- бес уақыт оқылатын парыз.
Пайғамбар –Алла Тағаланың елшісі
Бейіш- Жұмақ
Нәсіп-бұйыру
Діни қалалар: Мекке
Бата сөздері:
Үйіңіздің артында шатыр болсын,
Балаңыздың үлкені батыр болсын.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
Балаңның батырлығы татыр болсын!
Көркемдегіш құралдар:
Теңеу: Ақтөбедей-
Құндыздай
Гипербола: жер мен көкке тиіп тұрған
Эпитет: дәуіт ғалам, қызыл істік.
Мақал-мәтел: Жау жағадан алғанда, бөрі етектен

89. Хайуанаттар туралы ертегілер
Хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі.
Жануарлар туралы ертегілер, негізінен, үш топқа бөлінеді:
-этиологиялық жануарлар туралы ертегілер,
-классикалық жануарлар туралы ертегілер
-мысал ертегілер (аполог).
Этиологиялық жануарлар туралы ертегілер — өзінің шығу мерзімі жағынан мұндай ертегілердің ең көнесі. Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады. Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және байырғы синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі — аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі, аю — икемсіз, қарабайыр, т.б. Шығыс және Еуропа халықтарының жануарлар туралы ертегілерінің көпшілігін классикалық жануарлар туралы ертегілер құрайды. Олардың сюжеті де ұқсас болып келеді. Өйткені, бұл ертегілердің көпшілігі әр халықтың тарихында болған ұқсас жағдайдан туған. Ал біразы арғы тегі бір түркі халықтарының ежелгі дәуірінде пайда болған. Енді бір бөлігі мәдени, сауда, т.б. қарым-қатынастар арқылы ауысқан. Бұлардың моральдік және әлеуметтік мазмұны аса терең. Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жануарлар кедейлерді еске түсіреді. Олардың іс-әрекетімен қатар мінездері де шебер сомдалады. Классикалық жануарлар туралы ертегілердің құрылымы онша күрделі емес. Олардағы сюжет хайуанаттар арасындағы кездесулер мен қақтығыстарға құрылады. Бір сарынды эпизодтардың өзгермей, үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары ертегілерінде бар. Олардың үлгілері — “Қотыр торғай”, ”Кім неден күшті”, т.б. ертегілер. Мысал ертегілерде — баяндау белгілі бір моральдік қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады. Қазақ халқының мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Мысалы, Орталық Азияға кең тараған “Қалила мен Димна”, “Тотынама”, т.б. Жануарлар туралы ертегілер адам болмысының ертедегі тотемдік сенімдермен байланысты пайда болған. Жануарлар туралы ертегілердің прозалық баяндаудан өлеңге көшіп отыратын үлгілері де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет