4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер



бет44/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
ха общий

81. Қиял-ғажайып ертегілер
Қиял — ғажайып ертегілер. Ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік – кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып ертегі — әңгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жаулары жайында да, сол жауларды жеңу жолдары туралы да әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді дәу, жын – пері, мыстан кемпір, жезтырнақ, жеті басты айдаһар, әбжылан т. б. бейнесінде алған. Бұлардың бәрі адам баласына қастық жасаушылар, керемет күші, айла – амалы барлар деп түсінген. Ол түсініктері көбінесе мифтік ұғымға, бұлдыр сезімге ертедегі адамдардың өздері иланған көп құдайларға байланысты болады. Ертегілердің оқиғасы фантазиялық түрде айтылады. Мұндай ғажайып ертегілердің туу себебі : “бұрынғы кезде экономикалық дамудың төмен сатыда болғандығына байланысты”.
Мысалы: Ер Төстік ертегісін алсақ
Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі, осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар. Ал жер астында Төстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер – мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың "иелері" болған. Кейінгі замандарда олар көркемдік сипат алып, "достар осындай болса екен" деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер ретінде қабылданған.
Ер төстік ертегісінің идеясы барлық қиыншылықты жеңуге болатынын, үмітті өзбей күрессе мақсатына жетуге болатыны жайлы айтылады. Адал достық туралы да айтылады.
82.Бәдік айтысының бір үлгісін талдау
Бәдік айту дәстүрі жайында Әбубәкір Диваев, Сәкен Сейфуллин т.б. зерттеп жазған. Бәдік өлеңін айту себебі адамда немесе малда ауру кездессе, оны өлеңмен аластап қуып шығу, өзге жерге көшіру мақсаты көзделген. Ерте кезде адамда қауіпті ауру кездессе, «малға көш, алыс жерге көш, түрлі заттарға көш»,- деп аластамақ болған. Ал мал ауырса ауыл адамдары, қыз-келіншектер жиналып, ауырған малды қоршап бәдік өлең айту дәстүрге айналған. Әуелі бақсылардан басталған ғұрыпты кейінде ақындар, жиын-тойға жиналған жастар айтатын болған. Тіптен ақындар да бәдік өлең айтысып, сайысқан. Онда қыз-жігіттің қалжыңы, ол ауылдағы жамандықты көшіру, аластау қажеттігі айтысқа тиек болған. Бәдік өлеңдерді көпшілік жиын-тойда да жырлап, көңіл көтерген. Жамандықты, ауруды қуу мақсатында бәдік өлең айту үшін жастардың, елдің жиналып қызықты кеш өткізуіне де себеп болған. 
Мыс: Көш-көш!
Аспандағы ақ бұлтпен көш!
Зияныңды тигізбе, сақтықпен көш!
Бірдеңеден қалғандай тез-тез басып,
Қарайламай артыңа аптықпен көш.
Тақырыбы: Бәдік жыры
Идеясы: Жамандықтан аластау
Шумақ: 1
Тармақ: 4
Буын: 10-11
Бунақ: 1
Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы (а.а.б.а)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет