Жарапазан– қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бірі.Жарапазан «Жа-Рамазан», яғни арапша «Рамазан келді» деген сөзден шыққан. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп жарапазан айтады. Жарапаз мәтіні әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады.
1.Жарапазан желдірмесі яғни үй иесін мадақтау
2.Ислам дінінің шарттарын уағыздау,имандылыққа шақыру.
3.Соңы жарпазан айтып келгендер бата берумен аяқтайды.
Жарапазан желдірмесі: Үйің үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен.
Ақтөбедей көрінген,
Қандай байдың үйі екен !
Жарапазан сөзі: Айтайын/ айт дегенде /жарапазан,/ 11а
Бір келген/ он екі айда/ ораза иман!/11б
Ассалаумағаликұм,/ дәуіт ғалам,/11 в
Ағаға/ осы үйдегі/ бердік сәлем./12 г
Ағаға/ осы үйдегі/ берсек сәлем,/12
Сәлемді/ қабыл көрсін/ хақ Тағалам!/11
Меккеде /бір ағаш бар /иіп тұрған,/
Мәуесі/ жер мен көкке/ тиіп тұрған,/
Ораза/ намазыңды/ күтіп барсаң,/
Алдыңда/ Нұрмұхаммет /күліп тұрған./
Мінгені /Пайғамбардың/ жирен дейді,/
Намазды/ он екіңде/ үйрен дейді./
Намазды/ он екіде/ үйренгесін,/
Тіліңе/ қызыл істік/ түйрелмейді./
Меккеде/ бір ағаш бар/ іші қуыс,/
Ораза/ намазыңның/ несі жұмыс./
Ораза/ намазыңды/ күтіп барсаң,/
Бейіштен/ құрма жейсің/ уыс-уыс/.
Меккеде /бір ағаш бар/ иіп тұрған,/
Бұтағы/жер мен көкке /тиіп тұрған./
Жарапазан батасы: Үйіңіздің артында шатыр болсын,
Балаңыздың үлкені батыр болсын.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
Балаңның батырлығы татыр болсын!
Айтайын жарапазан есігіңе,
Қыз берсін құндыздай ғып бесігіңе.
Қыз берсе құндыздай ғып бесігіңе,
Береді Алла бірге нәсібін де.