2-бөлім. Докторантура
1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (бұдан əрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əзірленді жəне жоғары
оқу орындарында, оның ішінде əскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан əрі -
ƏАОО) олардың типтеріне, түрлеріне жəне меншік нысандарына, сондай-ақ
оқыту
тіліне
қарамастан PhD докторантурасының
білім
беру
бағдарламаларының мазмұнына, докторанттардың білім траекториясына, білім
беру құрылымы мен мазмұнына, докторанттардың дайындық деңгейін жəне
дəрежесін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сəйкес терминдер қолданылады оларға қосымша мынадай терминдер мен
анықтамалар қамтылған:
1) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD),
бейіні бойынша доктор дəрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік жəне
(немесе) кəсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру;
2) докторант – докторантурада білім алушы тұлға;
3)
докторлық диссертация – теориялық ережелер жиынтығын жаңа
ғылыми жетістік ретінде тануға болатын немесе ғылыми мəселе шешілген, не
енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми
негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер
баяндалған, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс;
4) кəсіптік құзыреттілік – құқық қорғау органдары жүйесіндегі жəне
тиісті лауазымдағы кəсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім,
шеберлік жəне дағды;
5) біліктілік сипаттамасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі жүйесіндегі жəне тиісті лауазымдағы кəсіби қызметті тиімді жүзеге
асыру үшін қажетті білім, шеберлік жəне дағды;
6) біліктілік талаптары – құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдары
жүйесіндегі жəне тиісті лауазымдағы кəсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін
қажетті білім, шеберлік жəне дағды.
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан əрі – ЖОО)
философия докторы (PhD) жəне бейіні бойынша докторларды даярлайды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі
білім мамандықтарының жіктеуішіне;
2) осы стандартқа жəне докторантура мамандықтарының үлгілік оқу
жоспарларына;
3) академиялық күнтізбеге;
4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;
24
5) оқу жұмыс жоспарларына;
6) пəндер бойынша оқу бағдарламаларына;
7) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырады.
ƏАОО философия докторларын (PhD) жəне тиісті сала бойынша
докторларды даярлауды:
1) ƏАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша
мамандықтар жəне біліктілік тізбесіне;
2) осы стандартқа;
3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарына;
4) пəндер бойынша үлгілік жəне жұмыс оқу бағдарламаларына;
5) академиялық күнтізбеге;
6) докторанттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес жүзеге асырады.
3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұны мен оқытуды
анықтайды;
2) магистранттардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын
талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) оқу жұмыс жоспарларын;
4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына;
5) пəндер бойынша оқу бағдарламаларын;
6) докторанттардың жеке жоспарларын əзірлеу кезінде міндетті.
5. Докторантураның білім беру бағдарламаларын ведомостволық
бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, докторантураның тиісті
мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін
лицензияның жəне аккредиттелген əріптес ғылыми ұйымдармен бірлескен
ғылыми жəне білім беру бағдарламаларын орындау, зерттеу базаларын ұсыну
бойынша ынтымақтастық туралы шарттардың негізінде жоғары оқу орындары
жүзеге асырады.
6. «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген
бөлімде
оқыту
нəтижелері
Дублин
дескрипторларының 3-деңгейі
(докторантура) негізінде анықталады жəне құзыреттер арқылы көрінеді. Оқыту
нəтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пəн модулінің
деңгейінде де сипатталады.
Үшінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерді, осы салада қолданылатын
зерттеу əдістерін қолдану шеберлігін көрсету;
2) ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, əзірлеу, іске
асыру жəне түзету;
3) өзінің ұлттық немесе халықаралық жариялануға тұрарлық ерекше
зерттеулерімен ғылыми саланың шекараларын кеңейтуге үлес қосу;
25
4) жаңа жəне күрделі идеяларды сыни тұрғыда талдау, бағалау жəне
жинақтау;
5) өзінің
білімін
жəне
жетістіктерін
əріптестеріне, ғылыми
қоғамдастыққа жəне қоғамға жеткізу;
6) білімге негізделген қоғамның дамуына септігін тигізу қабілеттерінің
болуын қарастырады.
7. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беретін оқу
бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, жоғары оқу орындарында
білім алушылардың міндетті меңгеруін, олардың типіне, түріне жəне меншік
нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан міндетті түрде меңгеруі тиіс
мазмұнның көлемі көрсетілген.
8. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын
талаптар» деген бөлімде докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу
жылы бойына əрбір пəн немесе оқу жұмысының түрін игеретін кредиттермен
өлшенетіні көрсетілген.
9. Осы стандарт докторанттарды даярлау деңгейіне жəне жоғары оқу
орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптар негізінде
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді көздейді.
2. Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім философия докторы (PhD) жəне
бейіні бойынша доктор дəрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға
бағытталған.
11. Кəсіптік құзыреттіліктер магистратураның əрбір мамандығы бойынша
кəсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның
əлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталады.
ƏАОО-да оқу нəтижелері кəсіби құзыретке (біліктілік сипаттамаларына,
біліктілік талаптарына) сəйкес бітірушінің құзырет моделіне сəйкес келуі
қажет.
12. Ғылыми жəне педагогикалық кадрларды даярлау докторантурада
кемінде үш жыл оқу мерзімімен философия докторы (PhD) мен бейіні бойынша
доктор дəрежесін бере отырып жүзеге асырылады.
13. Докторантурада білім алу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде
тек күндізгі оқыту нысанында жүзеге асырылады. Бұдан басқа докторантурада
білім алу ақылы негізде:
1) шетел азаматтары үшін;
2) жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының,
кəсіпорындар мен ұйымдардың өтінімдері бойынша;
3) жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша бейіні бойынша жəне DBA
жəне докторантурада жүзеге асырылады.
26
ƏАОО-да докторантураға оқу күндізгі нысанда жүзеге асырылады. Білім
алушылардың санатына байланысты қашықтықтан білім беру технологияларын
қолдана отырып оқытуға жол беріледі.
14. Докторантураның оқу жоспарларының барлық нысандарында
пəндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
Əрбiр пəн қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс. Ол бiр академиялық
мерзiмде меңгеріліп, аяқталған соң докторанттар емтихан нысанындағы
қорытынды бақылауды тапсырады, ал кəсіптік практиканың барлық түрлері,
курстық
жұмыстар (жобалар), докторанттардың
ғылыми-зерттеу
(эксперименттік-зерттеу) жұмыстары, тағылымдама бойынша дифференциалды
сынақ тапсырады.
15. Базалық пəндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті
пəндерінен тұрады.
ƏАОО-да базалық пəндер циклі (БП) міндетті пəндерден жəне жоғары
оқу орны компоненттерінен тұрады.
16. Базалық пəндер (БП) циклінің міндетті компоненті көлемі үлгілік оқу
жоспарының жалпы көлемінің 4%-ын немесе 3 кредитті құрайды.
Таңдау компонентіндегі докторанттың білімге қажеттілігі оқудың
қосымша түрлері есебінен іске асырылуы мүмкін.
ƏАОО-да БП циклінің пəндер көлемі үлгілік оқу жоспарының пəндік
жалпы көлемі кемінде 4% немесе кемінде 3 кредит болады. ЖОО
компонентіндегі докторанттың білімге қажеттілігі оқудың қосымша түрлері
есебінен іске асырылуы мүмкін.
17. Бейіндеуші пəндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы
көлемінің 16%-ын немесе 12 кредитті құрайды.
Бейіндеуші пəндер циклінің пəндері таңдау компонентіне жатады жəне
оларды жоғары оқу орны өзі айқындайды.
ƏАОО-да бейіндеуші пəндер (БП) циклінің көлемі үлгілік оқу жоспары
пəндерінің жалпы көлемі кемінде 16% немесе кемінде 12 кредит болады. БП
циклінің пəндері ЖОО компонентіне қатысты болады жəне ƏАОО дербес
айқындайды.
18. Міндетті компонент пəндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен
айқындалады. Міндетті компонент пəндерінің көлемін қысқартуға жол
берілмейді.
19. Таңдау компоненті пəндерінің тізбесін докторанттың, жұмыс
берушілердің сұраныстарына жəне еңбек нарығының қажеттіліктеріне сəйкес
жоғары оқу орны өзі айқындайды.
ƏАОО-да ЖОО компоненті пəндерінің тізбесін ƏАОО дербес
айқындайды.
20. Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны осы
стандартқа 12-қосымшаға сəйкес белгіленеді.
ƏАОО-да докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұны осы
стандартқа 13-қосымшаға сəйкес белгіленеді.
27
21. Докторанттың ғылыми зерттеулерінің нəтижелері білім беру
саласындағы уəкілетті орган бекіткен Ғылыми дəрежелер мен ғылыми атақтар
беру қағидаларына сəйкес ғылыми, ғылыми-талдау жəне ғылыми-практикалық
басылымдарда жариялануы тиіс.
3.Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мақсаты жоғары рухани
жəне өнегелі қасиет иесі болатын тұлғаның дамуында перспективаларын ескере
отырып еліміздің бəсекеге қабілетті, жоғары білікті, өзіндік ойлау қабілетті
жəне қоғамның прогрессивті техникалық, ғылыми, əлеуметтік-экономикалық
жəне мəдени дамуын қамтамасыз ететін кадрларды дамыту жəне даярлау болып
табылады.
ƏАОО-да өз бетінше ойлауға, басқаруға жəне елдің қорғаныс жəне
ұлттық қауіпсіздігін, құқық қорғау қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге
қабілетті, моральдық-адамгершілік қасиеті жоғары, жоғары білікті кадрларды
даярлау жоғары білімнен кейінгі білім беру мақсаты болып табылады.
23. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнында айқындалған
негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) ашықтық.
24. Докторантураның негізгі құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:
1) мынадай:
ғылым эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы мен дамуының
негізгі кезеңдері туралы;
жаратылыстану (əлеуметтік, гуманитарлық,
экономикалық)
ғылымдарының пəндік, дүниетанымдық жəне əдіснамалық ерекшеліктері
туралы;
білімнің белгілі бір саласындағы ғылыми мектептер мен олардың
теориялық жəне практикалық жаңалықтары туралы;
белгілі бір саладағы əлемдік жəне қазақстандық ғылымның ғылыми
тұжырымдамалары туралы;
ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы;
ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы;
ғалым-зерттеушінің педагогикалық жəне ғылыми əдебі туралы түсінігінің
болуы;
2) мыналарды:
жаһандану мен интернационалдандыру жағдайында отандық ғылымның
дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын;
ғылыми танымның əдіснамасын;
белгілі бір саладағы əлемдік жəне қазақстандық ғылымның жетістіктерін;
28
ғылым мен білімнің əлеуметтік жауапкершілігін (сезінуі жəне
қабылдауы);
халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты жүзеге асыруға
мүмкiндiк беретін кемінде бір шет тiлiн кəсiптік деңгейде білуі қажет;
3) мыналарды:
ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыруды, жоспарлауды жəне іске
асыруды;
зерттеу саласындағы əртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауды,
бағалауды, салыстыруды жəне қорытынды жасауды;
əртүрлі деректерден алынған ақпараттарды талдауды жəне өңдеуді;
заманауи теориялар мен талдау əдістері негізінде академиялық
тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеулерді өз бетімен орындауды;
ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің жаңа ғылыми
ойларын айтуды, өзінің білімі мен ойларын ғылыми қоғамдастыққа жеткізуді;
зерттеудің заманауи əдіснамасын таңдап, оны тиімді қолдануды;
өзінің кəсіби дамуын жоспарлауды жəне болжауды білуі тиіс;
4) мынадай:
əртүрлі ғылыми идеялар мен теорияларды сыни тұрғыда талдау, бағалау
жəне салыстыру;
ғылыми қызметте талдау жəне эксперимент жүргізу;
зерттеулер нəтижелерін жоспарлау жəне болжау;
халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда
шешендік өнер жəне көпшілік алдында сөйлеу;
ғылыми хат пен ғылыми байланыс;
ғылыми зерттеулер процестерін жоспарлау, үйлестіру жəне іске асыру;
зерттеу саласында жүйелі түсінік пен таңдап алынған ғылыми əдістердің
сапалылығы мен нəтижелілігін көрсете білу;
ғылыми іс-шараларда, іргелі ғылыми отандық жəне халықаралық
жобаларға қатысу;
көшбасшылық басқару жəне ұжымды басқару;
ғылыми жəне ғылыми-педагогикалық қызметке жауапкершілікпен жəне
шығармашылықпен қарау;
заманауи ақпараттық жəне инновациялық технологияларды қолдана
отырып, патенттік ізденіс жүргізу мен ғылыми ақпаратты беру тəжірибесі;
ғылыми жаңалықтар мен əзірлемелерге зияткерлік меншік құқығын
қорғау;
шет тілінде еркін сөйлесу дағдысының болуы тиіс;
5) мынадай:
ақпараттар ағымының жедел жаңару жəне жедел өсу жағдайындағы
ғылыми жəне ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
теориялық жəне эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізуде;
ғылыми зерттеуде теориялық жəне қолданбалы міндеттерді қою мен
оларды шешуде;
тиісті саладағы мəселелерге кəсіби жəне жан-жақты талдау жүргізуде;
29
тұлғааралық
қарым-қатынас
жəне
адам
ресурстарын
басқару
мəселелерінде;
мамандарды жоғары оқу орнында даярлау мəселелерінде;
ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жүргізуде;
үнемі кəсіби өсуді қамтамасыз етуде құзыретті болуы қажет.
25. Философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша білім алушының
ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы:
1) докторлық
диссертация
қорғалатын
мамандықтың
негізгі
проблематикасына сəйкес болуы;
2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының
болуы;
3) ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, əдістемелік жəне
технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
4) компьютерлік технологияны пайдалана отырып мəліметтерді өңдеудің
жəне интерпретациялаудың заманауи əдістеріне негізделуі керек;
5) ғылыми зерттеулердің қазіргі əдістерін қолдана отырып орындалуы;
6) қорғалатын негізгі ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (əдістемелік,
практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.
26. Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының
эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:
докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы:
1) докторлық
диссертация
қорғалатын
мамандықтың
негізгі
проблематикасына сəйкес келуі;
2) өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының
болуы;
3) ғылымның, техниканың жəне өндірістің заманауи жетістіктеріне
негізделген жəне нақты практикалық ұсыныстары, кешенді сипаттағы басқару
мəселелерінің өзіндік шешімдерінің болуы;
4)
алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып
орындалуы;
5)
қорғалатын негізгі ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу
(əдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы тиіс.
27. Докторантура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары
Ұлттық біліктілік шегіне, кəсіптік стандарттарға сəйкес жəне Дублин
дескрипторларымен жəне Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру
бағдарламаларын өз бетінше əзірлейді.
докторантураны
мамандандыру
шеңберінде
ƏАОО-да
кəсіби
құзыреттерге сəйкес (біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына) түрлі
білім беру бағдарламаларын ƏАОО дербес əзірлейді.
Білім беру бағдарламалары оқыту нəтижесіне бағдарлануы тиіс.
28. Бейіні бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының
мазмұнын жоғары оқу орны белгілейді.
30
Докторантураның білім беру бағдарламалары модульді білім беру
қағидаларымен құрылады.
29. Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы
ғылыми-педагогикалық бағытқа ие жəне жоғары жəне жоғары оқу орнынан
кейінгі білім мен ғылым салалары үшін іргелі білім беру, əдіснамалық жəне
зерттеушілік даярлық пен ғылымның сəйкес бағыттары бойынша пəндерді
терең оқытуды қарастырады.
30. Бейін бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық
экономика салаларына, əлеуметтік салаға: білім беру, медицина, құқық,
мəдениет, қызмет көрсету, бизнес-əкімшілендіру жəне қорғаныс пен ұлттық
қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі салалары үшін іргелі білім беру, əдіснамалық
жəне зерттеушілік даярлық пен ғылымның тиісті бағыттары бойынша пəндерді
тереңдетіп оқытуды қарастырады.
31. Білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен
деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уəкілетті
орган бекітеді.
32. Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы маңызы
бірдей екі білім жəне ғылым компоненттерінен тұрады.
33. Докторантураның білім беру бағдарламасында:
1) базалық жəне бейіндеуші пəндер циклдерін меңгеруден тұратын
теориялық оқыту;
2) докторанттардың практикалық даярлығы: кəсіби, практика ғылыми
тағылымдамалар түрлері;
3) докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу
(эксперименттік-зерттеу) жұмысы;
4) аралық жəне қорытынды аттестаттау қамтылады.
34. Жұмыстың барлық түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу
меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады жəне оқудың нақты
нəтижелеріне жетуге қажетті докторант пен оқытушының еңбек шығынының
өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. Бұл ретте алдыңғы
білім деңгейінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе
қолданылады.
Докторанттың докторантураға түсер алдында докторантураның тиісті
кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы
тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі айқындайды.
Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда докторантқа оларды ақылы
түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда докторантурада білім алу
докторант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.
ƏАОО-да оқуға түсу үшін пререквизиттерді игеру тəртібін тиісті
уəкілетті органдар белгілейді.
35. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру
кезінде оқу пəнінің көлемі кредиттердің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте əр
пəн, əдетте кемінде 2 немесе 3 кредит көлемімен бағаланады.
31
ƏАОО-да əрбір пəннің көлемі кредиттердің толық санын құрайды жəне
пəнді 1 кредитке бағалауға жол беріледі. Оқу пəнін бірнеше академиялық
кезеңде игеруге рұқсат етіледі.
36. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін жəне білім беру
мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тəсілдерін, докторанттың өзіндік
жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау түрлерін таңдау
арқылы жүзеге асады.
37. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш
құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне,
академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу
материалының көлеміне жəне т.б. қойылатын талаптарға сəйкес айқындалады.
38. Доктор даярлаудың білім беру бағдарламасына оқу жоспары,
пəндердің оқу-əдістемелік кешендері, практикалар (педагогикалық, зерттеу
немесе өндірістік) бағдарламалары жəне ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары
кіреді.
39. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру мен
өткізу тəсілін кредиттік оқыту технологиясы негізінде жоғары оқу орны өз
бетінше жүргізеді.
40. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарлары
негізінде жүзеге асады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) жəне жұмыстық (ОЖЖ)
болып бөлінеді.
ƏАОО-да оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ) жəне жұмыс (ЖОЖ) жоспары
болып бөлінеді.
41. ҮОЖ осы стандарт негізінде докторантураның нақты мамандықтары
бойынша əзірленеді жəне оны білім саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
ƏАОО-да ҮОЖ осы стандарттың негізінде докторантураның нақты
мамандықтары бойынша əзірленеді жəне білім беру саласындағы уəкілетті
органмен келісу бойынша тиісті уəкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің əрбір оқу пəнінің еңбек сыйымдылығы
жəне əрбір оқу қызметінің түрі (практика, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешендi емтихан,
докторлық диссертацияны ресімдеу жəне қорғау) кредитпен айқындалады, ал
оқу пəндерінің əр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы
санымен көрсетіледі.
ƏАОО-да міндетті компоненттің əрбір оқу пəнінің еңбек сыйымдылығы
жəне оқу қызметі əрбір түрінің əрбір оқу пəнінің көлемділігі (практиканың,
МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтиханын, кредиттердегі магистрлік диссертацияны
ресімдеу жəне қорғау ҮОЖ-да айқындалады, ал ЖОО компоненті оқу
пəндерінің əрбір циклі бойынша кредиттердің жалпы санын көрсетеді.
42. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орындары таңдау
компоненті бойынша ƏАОО-ны қоспағанда барлық пəндердің жүйеленген,
аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пəндер каталогын (ЭПК)
жасайды.
32
ЭПК-да əр оқу пəні бойынша пререквизиттер мен постреквизиттер
көрсетіледі. ЭПК докторанттарға элективті оқу пəндерін баламалы таңдау
мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
43. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде ƏАОО-ны қоспағанда
докторанттарға ЖОЖ құрады. ЖОЖ əрбір докторанттың жеке бiлiм
траекториясын айқындайды.
ЖОЖ-ға міндетті компонент пəндері мен ҮОЖ-дан алынған оқу
əрекеттерінің түрлері (практикалар, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешенді емтихан,
докторлық диссертацияларды ресімдеу жəне қорғау) жəне ЭПК ішінен таңдап
алынған пəндер компоненті енеді.
ƏАОО-да докторанттың білім беру траекториясы ЖОЖ жəне
докторанттың жеке жұмыс жоспарымен анықталады.
44. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен докторанттың
ЖОЖ-ы негізінде жасалады жəне оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім
беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пəндер тізбесі жəне олардың
кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының
түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері
(практикалар, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешенді емтихан, докторлық диссертацияларды
ресімдеу жəне қорғау) анықталады.
ЖОЖ жəне ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын жобалау, бекіту тəртібін
жоғары оқу орындары өздері анықтайды.
ƏАОО-да ЖОЖ мамандықтың ҮОЖ негізінде оқудың жалпы мерзіміне
əзірленеді жəне білім беру мекемесінің басшысы бекітеді. ЖОЖ-да пəндердің
тізбесі жəне олардың кредиттегі еңбек көлемі, зерттеу тəртібі, оқу
сабақтарының түрлері жəне бақылау түрлері, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да
түрлері (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), тағылымдама, кешенді емтихан, магистрлік
диссертацияны ресімдеу жəне қорғау жəне т.б.) анықталады. ЖОЖ
оқытушының сабақ кестесін жəне оқу жұмысының еңбек көлемін есептеуін
жүргізу үшін негіз болып табылады. ƏАОО-да ЖОЖ əзірлеу жəне бекіту түрі,
құрылымы, тəртібін ƏАОО дербес анықтайды.
45. Барлық оқу пəндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады.
Оқу бағдарламалары үлгілік жəне жұмыс (силлабустар) болып бөлінеді.
Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пəндері бойынша
əзірленеді жəне оларды білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
ƏАОО-да ҮОЖ міндетті компонент пəндері бойынша əзірленеді жəне
оларды тиісті уəкілетті орган бекітеді.
Оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) оқу жоспарының барлық
пəндері бойынша əзірленеді жəне оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте,
олар міндетті компонент пəндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары
негізінде əзірленеді, ал таңдау компоненті пəндері бойынша жоғары оқу орны
өзі əзірлейді. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустардың нысанын,
құрылымын, əзірлеу жəне бекіту тəртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.
33
46. Докторант ғылыми консультанттардың жетекшілігімен жасалатын
жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
47. Докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне арналып
жасалады жəне мынадай бөлімдерден тұрады:
1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
2) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу
бағыты, мерзімі жəне есеп беру нысаны);
3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі жəне есеп беру нысаны);
4) негіздемесі мен құрылымы бар докторлық диссертация тақырыбы;
5) докторлық диссертацияны орындау жоспары;
6) ғылыми жарияланымдар жəне тағылымдамадан, оның ішінде шетелдік
тағылымдамадан өту жоспары.
ƏАОО-да докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың жалпы кезеңіне
жасалады жəне мынадай тараулардан тұрады:
1) ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу
жұмысы (зерттеудің
тақырыбы, бағыты, есептілік мерзімі жəне түрі);
2) практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі жəне түрі);
3) негіздемесі жəне құрылымы бар магистрлік диссертацияның
тақырыбы;
4) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;
5) ғылыми
жарияланымдардың
жоспары, ғылыми-практикалық
конференцияларға қатысу (ғылыми-теориялық конференцияларға) жəне т.б.
48. Докторантурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен
оқытудың интерактивті əдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
49. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа
14-қосымшаға
сəйкес докторантураның білім беру бағдарламасының
компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
ƏАОО-да оқу процесін жоспарлау барысында ƏАОО осы стандартқа
15-қосымшаға сəйкес докторантураның білім беру бағдарламаларының
компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
50. Докторантураның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламасын меңгерген жəне докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаға
философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дəрежесі
нормативтік мерзімі кемінде үш жыл мерзіммен беріледі.
51. PhD доктор дəрежесін алушы тұлға арнайы тақырып бойынша
ғылыми білімді тереңдету, ғылыми жəне қолданбалы міндеттерді шешу үшін
докторлықтан кейінгі бағдарламаны орындауға немесе таңдаған ЖОО-ның
жетекші ғалымының басшылығымен ғылыми зерттеуді жүргізуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |