50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет13/47
Дата12.03.2017
өлшемі6,59 Mb.
#8987
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47

Әдебиет 

1. Н.А.Оразахынова. «Қазақ тілін сатылай комплексті талдау». А., 1997. 

2. Н.А.Оразахынова. «Сатылай комплексті талдау». А., 1999. 

3. Н.А.Оразахынова. «Сатылай комплексті талдау». (Сөзжасам) А., 2000. 

4. Н.А.Оразахынова, т.б.« Фонетикалық материалдарды сатылай комплексті  

талдау». А., 2001. 

5. Н.А.Оразахынова. «Сатылай комплексті талдау». (Синтаксис) А., 2002. 

6. Н.А.Оразахынова. «Сатылай комплексті талдау». (фонетика) А., 1999. 

7. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. 2005, №10 

 

 

ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗІРГІ 



ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

Б.С. Ашимханова  

Захаровка негізгі білім беру мектебі, Железинка ауданы, Захаровка селосы  

 

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде 

Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педогогика теориясы 

мен  оқу  –  тәрбие  үрдісіне  нақты  өзгерістер  енгізумен  қатар  елімізде  болып 

жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен 

табыстарды  сын  көзбен  бағалай  отырып  саралауды,  оқушылардың 

шығармашылық  әлеуетін  дамытуды,  мұғалім  іс-  әрекетін  жаңаша 

ұйымдастыруды  талап  етеді.  Бүгінгі  таңда  мектептің  оқу  үрдісін  жетілдіру 

үшін  инновациялық  білім  беру  технологияларын  пайдаланудың  тиімділігін 

өмірдің өзі дәлелдеп отыр. 

Инновация  –  латынша  аударғанда  «жаңа»,  «жаңалық»,  «жаңарту» 

дегенді  білдіреді.  Бұрынғының  орнын  басатын.  Бұрыннан  таныс  емес 

енгізілген  жаңалық  болып  шығады.  Бұл  әдістеме  негізінде  үйренушінің 

дербес қабілетін, белсенділігін қалыптастыруына, оқу материалдарын өзінше 

пайдалану арқылы танымдық белсенділіктерін арттыруына мүмкіндік туады. 

Инновациялық технологияларды қолданудың ерекшеліктері мыналар:  

-үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту; 

-оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру; 

-үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі; 

-көрнекілік  құралдарын  көбірек  пайдалану  арқылы  сезіміне,  қабылдау 

эмоциясына әсер ету. 

Технология – шеберлік туралы ғылым. 

Оқыту технологияларының міндеті: 

Оқу процесін ұйымдастыру мен құрастыруға бағытталған. 

Алға қойған мақсатқа жету. 

Оқытуға  бағытталған  әдістер  мен  құралдардың  жиынтығы  болып 

табылады. 

Мектепте  оқытуды  ұйымдастыратын  бірден  –  бір  нұсқа  сабақ  болса, 

сабақтың  нәтижелі  болуына  ықпал  ететін  нұсқа  –  сол  сабақты  өткізудің 


121 

 

әртүрлі  әдіс  –  тәсілдері,  яғни  жаңашыл  сабақ.  Мұғалімдер  сол  түрлі 



технологияның  қолайлы  әдіс  –  тәсілдерін  іздестіріп  сабаққа  қолдану 

барысында  оқу  –  тәрбие  жұмысының  тиімділігін  арттырып,  оқушының 

талантын  ашып,  қабілетін  одан  әрі  дамыту  жолдарын  қарастырып,  зерттеу 

жұмысын жасауға мүмкіндік алады. Инновацияға әдіс – тәсілдерді қолдануда 

мұғалім  сабақты  дайын  күйінде  бағалайды.  Оқушы  өзі  ізденіп,  өз  бетінше 

игеріп, ал, мұғалімнің негізгі міндеті оқушының іс – әрекетін бақылау. 

Қазіргі  заман  талабына  орай  ұрпақтарымызды  парасатты  да,  білікті, 

мәдениетті  де  білімді  етіп  тәрбиелеп,  олардың  дүниетанымын  адамзаттық 

деңгейде  дамытамыз  десек,  бойында  ұлттық  және  азаматтық  намысы  бар 

ұрпақ  өсіргіміз  келетін  болсақ,  онда  білім  берудің  түрлері  мен  әдістерін 

жаңартуымыз  керек.  Сан  алуан  әрекет  арқылы  ақыл-ойды  ұштау,  жетілдіру, 

жеке  тұлғаның  өзіндік  идеясын,  көзқарасын,  сенімділігін,  жауапкершілігін 

біртіндеп  дамыту  жолдарын  іздестіру  –  бүгінгі  қажеттілік.  Қоғамымыздың 

қазіргі  даму  кезеңі  мектептегі  білім  беру  жүйесінің  оқыту  үрдісін 

технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Жаңа  технологияны  жүзеге 

асыруда  мұғалім  белсенділігі,  шығармашылық  ізденісі,  өз  мамандығына 

деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау орын алады. Білім беру 

саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан 

–жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Мектептегі  білім  берудің  қазіргі  таңдағы 

міндеттерінің  бірі  –  оқушының  ақпараттық  кең  ауқымын  талдау  және  тез 

қабылдауға  дайындау,  әртүрлі  пәндік  саладағы  жұмыс  кезінде  оны  қазіргі 

құралдар  және  технологиялармен  қамтамасыз  ету,  оқушыда  ақпараттық 

мәдениетті  қалыптастыру  болып  табылады.  Әртүрлі  пәндерді  оқу  үрдісінде, 

ақпараттық  қатынас  технологияларын  қолдануға  оқушының  белгілі  бір 

қатынасын  қалыптастыруды  көздейді.  Оқыту  технологиясы  мектепте  оқу 

үрдісін қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық 

педогогикалық  іс  -әрекеттердің  жүйелі  кешені  ретінде  пайдаланылады.  Ол 

оқушының  тәртібіне,  оқуға  ынтасына,  оқу-іс  әрекетіне  мұғалімдердің 

интелектуалдық, шығармашылық қызыметі болып табылатын педогогикалық 

іс-тәжірибенің  нәтижелілігіне,  жинақтылылығына  ұтымды  әсер  ететіндей 

оқу-тәрбие  үрдісінің  шығармашылықпен  терең  ойластырылған  көптеген 

факторлардың  үйлесімділігі  оқыту  мен  тәрбиенің  тиімділігін  қамтамасыз 

ететін  жаңа  құрамдас  бөлігі.  Қазіргі  кезде  білім  берудің  көптеген 

технологиялары  қолданылады.  Олардың  бірнешеуіне  тоқталып  өтейік. 



Дамыта  оқыту  технологиясы  –  күрделі  құрылымды,  біртұтас 

педогогикалық  жүйе.  Оның  нәтижесінде  әр  оқушының  өзін  -өзі  өзгертуші 

субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай 

жасалады.  Дамыта  оқытудың  ерекшелігі  көздеген  мақсатында,  мәнінде, 

мазмұнында  дамытушылардың  негізгі  факторында.  Мұғалімнің  рөлі  мен 

атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілінде. 

Бұл  бағдарлы  идеялар  бүгінгі  білім  беру  аясында  қолдау  табуда. 

Педогогикалық  ғылымның  зерттеушілері  тәлім-тәрбие  үрдісінің  негізгі 

мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. 


122 

 

Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, 



әр  адамның  өз  қолында,  оны  сырттан  әсер  ететін  күшпен  дамытуға 

болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру 

мақсатының  басқа  да  тұжырымы  бар.  Оқушы  тұлғасын  дамыту,  ол  оның 

толық  өзіндік  қалыптасуының,  өзіндік  жетілуінің  амалы  ретінде 

қарастырылады. 

Сондықтан  мектеп  мақсаты  баланың  табиғи  күштері  мен  мүмкін-

шіліктерінің  өзіндік  ашылуына  қолайлы  жағдай  жасау  болып  табылады.  Ол 

үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі 

әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. 

Деңгейлеп оқыту технологиясы. 

Деңгейлеп  оқыту  ерекшелігі  –  оқушылардың  сабақ  барысында бірнеше 

жұмыс  жасай  алатындығында,  сонымен  қатар  қазіргі  жаңа  технологиямен 

оқыту  барысында  компьютерлер  мен  оларды  басқарушы  алгоритмдер  біздің 

қоғамымыздың  маңызды  бөлігіне  айналды.  Электронды  оқулықтар 

оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістері мен жаңа мазмұнды қажет 

етеді. 

Оқушыны  деңгейге  бөліп  оқыту  үшін  сабақ  жаңаша  жоспарланып, 



оқушыларға  деңгейлік  тапсырмалар  берілу  арқылы  сан  түрлі  тапсырмалар 

орындалып,  түрлі  жұмыстар  жүргізіледі.  Тапсырманы  орындау  барысында 

оқушының  алған  білімін  жүзеге  асыра  алатындығы  көрсетіледі.  Өз  бетімен 

жұмыс  орындауға  бейімділігі  бақылауға  алынады.  Қорытындысында 

деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  жұмыс  жасаудың  тиімділігі  байқалады. 

Оқушының белсенділігі мен іскерлілігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. 

Деңгейлік  оқыту  барысында  біліктілікке  жетеді.  Деңгейлеп  оқыту 

оқушыларға қойылатын талартардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады, 

оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді. 

Сыни  тұрғысынан  ойлау  технологиясы.  Сыни  тұрғысынан  ойлау 

анықтамасы шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау 

үш бөліктен тұрады. 

Біріншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау  өзіндік  және  жеке  ойлау  болып 

табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принціптеріне негізделетін болса, 

әркім  өз  ойлары  мен  пікірлерін  бағалауларын  басқалардан  тәуелсіз  құратын 

болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін 

жасаймыз. Сонымен, ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан 

ойлағандық  болып  табылады.  Өз  бастарымен  жұмыс  істеп,  ең  қиын  деген 

мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға бостандық берілуі керек. 

Сыни  тұрғыдан  ойлауда  идеяның  ерекше  болуы  міндетті  емес:  біздің 

басқа біреудің идеясын өзіміздікі етіп қабылдауға құқығымыз бар. Басқаның 

пікірімен  келісуіміз  керек  болады  да,  бұл  біздің  құқығымызды  дәлелдейді. 

Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның пікірімен келісе бермейді. 

Екіншіден,  ақпарат  сыни  тұрғыдан  ойлаудың  бастапқы  пункті  болып 

табылады.  Білім  адамның  сыни  ойлауы  онсыз  мүмкін  болмайтын 

дәлелдемелерді тудырады. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер 


123 

 

мен  теориялар,  мәліметтер  секілді  көптеген  «шикізаттарды»  өңдеу  керек 



болады.  Есте  сақтау  қабілеті  төмен  оқушыларды  технологияны  алмастыра 

отырып, ескіден жаңаға көшіру арқылы тәсіл қолданылады. Сыни тұрғыдан 

ойлауда  оқушылар  ең  қиын  түсінікті  қабылдап  қана  қоймай,  әртүрлі 

мәліметтерді естеріне сақтауға дағдыланады. 

Үшіншіден,  сыни  тұрғыдан  ойлау  сұрақтар  қойып,  шешімін  табуды 

қажет  ететін  мәселені  анықтаудан  басталады.  Адамзат  баласы  тумысынан 

білуге  құштар.  Егер  біз  бір  нәрсені  байқасақ,  оның  не  екенін  білуге 

құмартамыз.  Таным  үрдісі  кез  келен  кезеңде  мәселелерді  шешу  мен  өзінің 

жеке  қызығушылығы  мен  қажеттіліктеріне  пайда  болатын  сұрақтарға  жауап 

беруге деген талпыныспен сипатталады. 

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. 

Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, 

сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлеледермен нақтылай алады. Инновация 

жаңалық енгізумен байланысты. Бірақ зерттеушілердің айтуы бойынша, кез-

келген жаңалық әрқашан жоғары нәтиже бермейді. 

1.  Әр  пәнді  зерделеудің  қазіргі  көзқарасын  меңгеру,  осы  пән 

оқулықтарында  берілген  ғылым  немесе  ғылыми  саласының  негіздерін 

зерттеудің қазіргі әдістерін қарастыру. 

2. Болашақ қызыметтің нақты жағдайларын дайындау. 

3.  Ақпараттық  қоғамдағы  тіршілік  әрекетін  тез  арада  өзгеретін 

әлеуметтік жағдайға бейімдеу. 

Ақпараттық технология – өз бетінше оқу, білу, талдау, таңдау, өзгерте 

білу. 


Коммуникативтік технология – адамдармен өзара әрекет, адамгершілік 

қарым – қатынас. 

Уақыт  талабына  сай  білім  мазмұнын  жаңарту  –  бүгінгі  күннің  басты 

міндеті.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  пайдаланатын 

ақпараттық коммуникациялық технолгия түрлері: 

Электронды оқулықтар; 

Бейнетаспалар; 

Компьютерлік ойындар; 

Компьютер; 

Үнтаспалар; 

Диафильмдер. 

Электронды  оқулық  –  ғылыми  педогогикалық  құрал.  Білім  беру 

саласында  электронды  оқулықтарды  пайдалану  оқушылардың  танымдық 

белсенділіктерін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін 

қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электронды 

оқулық  оқу  материалдарын  ұтымды  игеруге  зор  ықпал  етеді.  Онда  пәндегі 

теориялық 

тақырыптар 

кеңінен  беріліп,  түсіндіріледі.  Теориялық 

материалдарды  графикалық  баламалар  –  иллюстрация  түрінде  әртүрлі 

суреттер  –  тәсілдері  арқылы  толықтырып  отырса,  онда  теориялық  білімді 

оқып, көзбен көріп, түсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп 



124 

 

отырады да, материалдарды қорыту үрдісі ұтымды болады. Сабақ барысында 



интерактивті  әдіс-тәсілдерді  енгізудің  тиімділігі  Интерактив  (ағылшын 

тілінде  “inter”-  бірлескен,  “act”-  әрекет)  өзара  әсер  ету  деген  ұғымды 

білдіреді. Оқушының оқу үрдісін ұйымдастыруға толық қатысатын, белсенді 

тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі. 

Интерактивті оқыту анықтамасы: 

“Интерактивті оқыту ” деген бір нәрсе жөнінде немесе біреумен әңгіме 

барысында  табысу  деген  ұғымды  білдіреді.  Осы  дәлелдемеге  сәйкес 

“интерактивті  оқыту  “  технологиясы  барысында  диологтік  оқыту,  басқаша 

айтқанда оқытушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынас жүзеге асады. 

Танымдық  іс  -әрекетті  ұйымдастыруға  бұл  тұрғыдан  келу,  оқытуға  жайлы 

жағдай  жасаудың  басты  бағыты  болып  есептеледі.  Мұнда  мұғалім  оқушыға 

өз  бетімен  ізденуге  бағыт  –бағдар  береді.  Мұғалімнің  міндеті  –  оқушының 

ынта-ықыласына  жағдай  туғызу.  Мұғалім  оқу  үрдісін  ұйымдастыруға 

оқушының тек көмекшісі болады. Оқушының белсенділігін арттырып, алған 

білімін  іс-тәжірибесіне  қолдануға  жағдай  жасайды.  Оқыту  үрдісінде  бұл 

әдістерді  қолдану  үшін  мұғалім  оқушыларды  ұжымдық,  жұптық  топтарға 

бөліп,  өзара  септесіп,  белсенді  жұмыс  жасауына  жағдай  жасайды.  Бұл 

технология  бойынша  оқушыны  ойлау  мен  сөйлеу  дағдыларына  төселдіру 

ойын түрінде ұйымдастыру интерактивті оқыту әдісінің бір түрі. 

Интерактивті әдіс-тәсілдердер арқылы оқытудың кезеңдері: 

Диагностикалық  кезең-  сабақ  түсіндірмес  бұрын  оқушы  өзіне 

бұрыннан таныс білімдерін, тақырып туралы не білетіндіктерін, өзіне таныс 

мәліметтерді “миға шабуыл” әдісі арқылы ортаға салады. 

Ізденіс тенденция кезеңі-оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей 

отырып,  “миға  шабуыл  ”  арқылы  тізген  сөздерді  кеңейтіп  түсіндіру  үшін  өз 

беттерінше оқулықпен жұмыс. 

Тұсау  кесер  кезеңі-  10-15  минуттан  кейін  әр  топ  өз  мәліметтерін 

қорғайды.  Осыдан  кейін  мұғалім  әлі  де  жеткіліксіз  жайттардан  ақпарат 

береді. Жаңа тақырып толық түсіндіріліп біткеннен кейін пікір сайыс, рөлдік 

ойындар,  дебат,  деңгейлік  тапсырмалар,  баспасөз  конференция,  тірек-сызба, 

модель  кұрастыру,  т.б.  Интерактивті  әдістер  арқылы  сабақ  бекітіп, 

пысықтауға болады. 



Интерактивті әдіс – тәсілдер арқылы оқыту мақсатның мәні: 

оқушы интеллектуальді жағдайын, жетістігін сезіне алады. 

-  таным  процесіндегі  біріккен  іс-әрекет  барысында,  оқу  материалын 

меңгеріп, өз пікірлерін ортаға салады. шешімдерін шығара алады. 

-  бір  –бірінің  пікірлерін  салыстыра  отырып,  бір  пікірдің  басқалардан 

артықшылықтарын  байқауға  болады.  Оқу  әрекеті  барысында  жеке  белсенді 

позицияны  қалыптастыруға  жағдай  тудырады,  қарым-қатынас  дағдыларын 

орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. 

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс  -тәсілдер 

қолдану,  оқыту  әдістемесін  жаңартып  отыруына  байланысты.  Қазіргі  таңда 

мұғалімдер  инновациялық  және  интерактивтік  әдістемелерін  сабақ 



125 

 

барысында  пайдалана  отырып,  сабақтың  пайдалы  әрі  сапалы  өтуіне  ықпал 



етеді.  Ал  білім  беру  технологияны  пайдалану  міндетті  деңгейдегі  білімді 

қалыптастыра  отырып,  мүмкіндік  деңгейге  жеткізеді.  Мұғалім  біліктілігін 

көтеріп, 

шығармашылық 

педогогикалық 

әрекетін 

жүйелі 

түрде 


ұйымдастыруда қазіргі педогогикалық технологияны меңгерудің маңызы зор. 

4 - сынып. Қазақ тілі. 

Интерактивті әдіс – тәсілдер арқылы оқытуға арналға сабақ жоспары: 

Сабақ тақырыбы: Жыл мезгілдері. 

Мақсаты: 

Лексикалық  тақырып  бойынша  оқушылардың  тілдік  қорларын 

жетілдіру: 

“Жыл  мезгілдері”  тақырыбы  бойынша  сөйлеу  дағдыларын 



қалыптастыру; 

- Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлем құрау



Оқушы нені білу керек? 

Жыл мезгілдері бойынша әңгімелей білу керек; 

Сурет бойынша сөйлем құрай білу

Өз ойын анық жеткізе білу; 

Жай сөйлем құра білу керек

Берілген мәтін бойынша аударма жұмысын жасай білу керек; 

Сөздің дұрыс жазылу және айтылу нормасын сақтау керек: 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

1- кезең 



Диагностикалық кезең 

Мақсаты: “миға 

шабуыл жасай 

отырып, 


оқушылардың

 

білетінін ортаға 



салу” 

Тапсырма:  

Берілген сұрақтарға 

жауап бер 

“Кім жылдам ?” 

ойыны.  


Жыл мезгілі 

бойынша айларды 

топтастыр 


126 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Әдебиет 

Әдістемелік журналдар: 

1. Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектеп 2009 жыл, № 2, 6, 5 

2. Бастауыш сынып оқыту әдістемелері,  

3. Бастауыш мектеп 2006 № 2, 

 

 



«ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

В.М. Аязбаева 

№ 2 жалпы орта білім беру мектебі, Ақсу қаласы 

 

Қазіргі  кезде  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеуде  алға  қойып  отырған  негізгі 

мақсаттардың  бірі  –  қоғамға  пайдалы  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға 

қалыптастыру.  Жеке  тұлғаның  психологиялық,  рухани,  тәндік,  әлеуметтік 

2 -кезең 

Ізденіс тенденциясы 

1. Оқушылар 

жұппен жұмыс 

жасайды. 

Мәтіндерді 

аударады. 

Жеке жұмыс: 

Электронды 

оқулық. «Жоғалған 

әріптер» ойыны 

2. Топпен жұмыс 

жасайды: Суреттер 

бойынша сөйлем 

құрайды. 

3- кезең. 

Тұсау кесер кезеңі 

Ізденіс тенденциясы 

кезеңіндегі 

тапсырмаларды 

қорғау 

1.Жеке. 


2. Жұппен. 

3.Топпен жасалған 

жұмысты қорғау. 

Өз жұмысын 

бағалау 


127 

 

және  шығармашылық  дамуының  үйлесімділігіне  қол  жеткізуге  мүмкіндік 



беретін рухани- адамгершілік тәрбие, білім беру жүйесінде өзін- өзі тану пәні 

арқылы жүзеге асып отыр. Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі 

жан  –  дүниесін  байытуы  және  өзіндік  қайталанбас  жеке  даралығын 

пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін, ашуға 

бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді.  

Оқу  орындарында  өзін-өзі  тану  пәнінің  талаптарын  толық  іске  асыру 

үшін  жалпыадамзаттық  құндылықтар  негізінде  ерекше  атмосфераны  құру 

керек. Өзін-өзі тану бойынша жеке тұлғаға бағдарланған білім беру процесі: 

 

Балаға  құндылық  тұрғысынан  қарауды,  оның  қажеттіліктері, 



қызығушылықтары мен мүмкіндектерін барынша есепке алуды

 



Тұлғаның  өзін-өзі  тануы  мен  өзін-өзі  жетілдіруіне  арналған 

жағымды жағдайлар тудыруды, 

 

Дамыта оқытудың әдістері мен формаларының әртүрлілігін, пәннің 



мазмұнын  адамгершілік  таңдау  жасау  мен  ойлануға  арналған  өмірлік 

мысалдармен және жағдаяттармен толықтыруды, 

 

Оқушылардың  тұлғалық,  рухани  өсуінің  ішкі  динамикасына  көңіл 



бөлуді, 

 



Білім  беру  процесі  субъектілерінің  тілектестік  диалогын 

ұйымдастыруды, 

 

Мектеп, отбасы, қауымдастықтың өзара бірлесіп, тығыз байланыста 



әрекет етуін, 

 



Білім  мекемелерінде  ізгілік,  сүйіспеншілік,  әділдік  және  өзара 

түсіністік атмосферасын құруды қарастырады,  

 

Өзін-өзі  тануды  оқыту  интерактивтік  әдістеме  негізінде  білім  беру 



процесіне  әрбір  қатысушының  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  мойындай 

отырып жүргізіледі. 

Адамгершілік  құндылықтар  әрбір  жасқа  лайықты  әлемді  қабылдау 

арқылы  меңгертіледі.  Өзін,  өзге  адамдарды  тану,  қоршаған  ортамен  өзара 

қарым- қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты 

мәні тұрғысынан бала ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты 

мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формальды емес, сенімді жағдайда өтеді. 

Өзін-өзі  тану  сабақтарында  мұғаліммен  ашық  диалог  жүргізіледі, 

әлеуметтік  –  рөлдік  ойындар  мен  тренингтерде  адамдардың  өзара  қарым- 

қатынас  әлемі  зерттеледі,  өмірлік  бақылаулары  бойынша  пікір  алмасады, 

қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады. 

Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне 

ие  әртүрлі  стандартты  емес  сабақ  түрлері:  ойын  -  сабақтар,  ойлау  - 

сабақтары, 

пікір 



сайыс 



сабақтары, 

театрландырған 

сабақтар, 

шығармашылық  сабақтар,  конкурс-,  концерт-,  экскурсия-,  саяхат,  т.б. 

сабақтар пайдаланады. 

Өзін-  өзі  тануды  оқыту  процесінде  бірқатар  әдістемелік  тәсілдер 

қолданылады: 


128 

 



 

«Шаттық 

шеңбері»-сабақтың 

бас 


кезінде 

қолданылатын 

әдістемелік  тәсіл.  Мұғалім  балалармен  бірге,  барлығы  бір-  бірімен  еркін 

қарым  –  қатынас  жасайтын  шеңбер  жасайды,  әртүрлі  ән  айтып,өлең  оқиды. 

«Шаттық  шеңберінің»  педагогикалық  мәні-әрбір  бала  өзіне  таныс  үлкен 

достық  шеңберіне  қабылданғанын  сезінеді,  өзіне  сенімі  артып  және 

өзгелердің де сеніміне ие болады. 

 



«Тыныштық  сәті»-релаксацияның  әлістемелік  тәсілі.  Толық 

тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі 

жеңілденеді.  Ол  өз  ойын  жинақтай  алу  мүмкіндігіне  ие  болады,  өзінің  ішкі 

«Менін»  түсіне  алады,  өзінің  сезімі  мен  көңіл  -  күйін  жақсы  сезінеді. 

Мұғалімге  балаларға  осы  жаттығуды  орындату  барысында  олардың  дене 

қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне назар аудару ұсынылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет