50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет10/47
Дата12.03.2017
өлшемі6,59 Mb.
#8987
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47

 

Литература 

1.

 



Амонашвили А. Педагогические условия развития школьников. – М.: Проспект, 

1994. – 325 с. 

2.  Доронова  Т.Н.,  Якобсон  С.Г.  Психология  личности.  3-е  изд.  –  М.:  Просвещение, 

2000. – 391 с. 



89 

 

3. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь: Для студ.  высш. 



и сред. пед. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 176 с. 

 

 

ХАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

 

Е.Б. Альханов 

Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, 

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы 

 

«Халық  пен  халықты,  адам  мен  адамды  теңестіретін  –  білім  »  деп  ұлы 

жазушы  Мұхтар  Әуезов  айтқандай,  тәуелсіздік  туын  тіккен  елімізді 

өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп. 

Қай  елдің  болмасын  өсіп-өркендеуі,  өнуі,  дүниеде  өзіндік  орын  алуы 

оның  ұлттық  білім  жүйесінің  қалыптасуына,  даму  бағытына  тікелей 

байланысты. 

Қазіргі  таңда  білім  саласында  жүргізіліп  жатқан  реформаның  басты 

мақсаты  –  ой-өрісі  жаңашыл,  шығармашылық  деңгейде  қызмет  атқара 

алатын,  дүниетанымы  жоғары,  жан-жақты  қалыптасқан  жеке  тұлға  даярлау 

болса,  Қазақстан  Республикасы  білім  жүйесін  2015  жылға  дейін  дамыту 

тұжырымдамасының  басты  мақсаты  –  терең  білім,  кәсіби  шеберлік,  өзін-өзі 

дамыту,  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қаблетті 

жеке  тұлға қалыптастыру  болып  отыр. Міне,  осыдан  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев 

өз  Жолдауында  атап  өткеніндей,  «Ұлттың  бәсекелестік  қабілеті  бірінші 

кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады» деген болатын.  

Қазіргі  таңда  еліміздің  көптеген  қазақ  мектептерінде  оқушыларды 

ұлттық қолөнерге үйрету қолға алынуда. 



Халық  қолөнері  –  ғасырлар  бойы  дамып,  қалыптасып  келе  жатқан 

халық  шығармашылығының  сарқылмас  қайнар  көзі,  халық  мәдениетінің 

айнасы.  Ол  талай  ғасырлар  кезеңінен  өтіп,  жаңарып  түрлене  келіп,  атадан 

балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер. 

Қандай  халықтың  қолөнері  болса  да,  оның  тарихы  мен  қоғамдық 

құрылысы әдеп-ғұрып, салт-санасымен үндесіп қатар өркендейді. 

Ол  адам  баласының  әсемдікке,  нәзіктікке  деген  ұмтылысын,  сұлулыққа 

құштарлығын  танытады.  Біз  сол  арқылы  үлкен  рухани-эстетикалық  тәлім-

тәрбие алып, өнер әлеміне қанат қағамыз. Өйткені адам мен табиғат егіз. 

Кіп-кішкентай  түймеден  бастап  толып  жатқан  үй  жиһаздары,  ат 

әбзілдері,  қару-жарақ,  музыка  аспаптары,  кілем,  киім-кешек,  ыдыстар, 

әсемдік-сәндік  бұйымдардың  барлығы  да  халық  қолөнерінің  туындылары 

болып саналады. Сондықтан да біз қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне тән 

өнер деп осы қолөнерін айтамыз. 

Адам қажетіне керекті затты өңдеу арқылы түрін өзгертуге бағытталған 

қызметті еңбек дейді. Еңбек етуге әуелі оған қажетті заттар, өңдеуге арналған 



90 

 

құрал-жабдықтар, мақсатқа сай қызмет және осы затты өңдеуге жұмсалатын 



еңбек  керек.  Енді  еңбекті  сәндік-қолданбалы  өнерге  байланыстыра  айтсақ, 

бұрын  шеберлер  жұмыс  істеуге  қажет  ағаш,  тас,  сүйек,  металл  секілді 

заттарды, құрал-саймандарды қолданып, түрлі ұлттық бұйымдарды әдемілеп 

жасаған.  Сондай-ақ  олар  күнделікті  жұмысқа  қажетті  бұйымдарды  жасап 

қана қоймай, оларды түрлі ұлттық ою-өрнектермен әшекейлеп, безендірген.  

Оқушыларды  еңбекке  баулуда,  конструкциялық  материалдарды  өңдеу 

технологиясымен қатар, ұлттық қолөнерге баулудың маңызы ерекше.  

Алдыма  қойған  мақсатым:  Оқушылардың  ұлттық  қолөнерге 

қызығушылығын арттыру, халқымыздың өнерін, мәдениетін дәріптей отырып 

эстетикалық талғамын қалыптастыру. 

Осы мақсатқа жету үшін міндеттер қойылады: 

1.

 

Оқушылардың бойындағы ұлттық өнерге деген құлшынысын ояту. 



2.

 

Қол икемділіктерін дамыту, шеберлікке үйрету 



3.

 

Шығармашылық қабілетін дамыту 



Сәндік-қолданбалы 

өнер 


негіздерін 

оқушылар 

бастауыш 

сыныптарында  бейнелеу  өнері  мен  еңбек  сабақтарында  танысып  әртүрлі 

тұрмыстық,  т.б.  бұйымдарды  қағаз,  ермексаз  сияқты  жеңіл  материалда 

орындап көреді. 

5-сыныпта  мектеп  шеберханасына  алғаш  кіргеннен  ағаш,  металл, 

пластмасса,  т.б.  конструкиялық  материялдармен  танысып,  алдымен  өңдеу 

тәсілдер: өлшеу, сүргілеу, кесу, шабу, өңдеу-тазалауды үйренеді. Осы сияқты 

әр  материалға  тиісті  өңдеу  әдістерін  үйренуді  міндетті  түрде  меңгергеннен 

кейін ұлттық өнер туындыларының жеңіл үлгілерін көшіріп үйренеді. 

Мысалы:  “Қошқар  мүйіз”  ою  үлгісін  ағаш  бетіне  пышақтың  жүзімен 

ойып-кесіп түсіруде, оқушы бірнеше міндеттерді орындайды: 

1)  Алдымен  кесуге  жарайтын  ағаш  түрін  анықтау  (ағаш  мықты,  әрі 

жұмсақ болу керек, мысалы, қарағай). 

2) Ағаш бетін тазалап, өңдеуді үйрену. 

3) Таза ағаш бетіне түсіретін ою үлгісін әдемі талғамды етіп суреттеу 

(бейнелеу өнері). 

4) Ағаш бетіне салынған ою үлгісін, пышақ-қашау арқылы ағаш бетіне 

із сала бедерлеу. 

5)  Ағашты  бедерлеп  өңдеудің  біренеше  түрлері  бар:  жасықтау,  қиып 

ою, кертіп ою, т.б. 

6)  Бедерлеп  оюдың  әдіс-тәсілі  барлық  халықта  бірдей.  Сондықтан 

берілген  тапсырмаға  байланысты  оқушы,  бедерлеудің  бір  түрін  немесе 

аталған тәсілдің бірнешеуін қолдану арқылы көп әдіс-тәсілдерді меңгереді. 

Сонымен,  бір  “қошқар  мүйіз”  оюын  ағашқа  орындау  арқылы  оқушы 

бірнеше  әдіс-тәсілдерді  үйренеді  екен.  Сол  сияқты  зергерлік  бұйымды 

металға  орындауды,  оқушы  әртүрлі  металл  қасиеттерімен  қатар,  өңдеу 

әдістерін үйренеді. 

Әр  сынып  оқушыларына  берілетін  тапсырма  жас  ерекшеліктеріне 

байланысты жасалады.  


91 

 

Мысалы ағаш өңдеуде: 



5-сыныпта:  жұқа  ағаш  бетіне  ұлттық  ою  үлгісін  орындап  үйрену 

(рельеф) жеңіл түрін. 

6-сыныпта: күрделі ою үлгілерін орындау. 

7-сыныпта:  күрделі  топтасқан  немесе  маска  сияқты  (баральеф)  үлгісін 

ойып үйрену. 

8-сыныпта:  механикалық  әдіспен  ағашты  көркемдеп  өңдеу  (майшам 

тұғыры, оқтау, т.б.). 

9-сыныпта:  осы  аталған  әдістердің  жиынтығы  және  конструкциялау 

арқылы (сандық, бесік, стол, т.б.) орындау. 

Жоғарыда  аталған  бөлімдерді  меңгергеннен  кейін  шығармашылығын 

дамыту  негізінде  оқушыларды  топқа  бөліп,  жұмыстар  беріледі,  яғни 

оқушылар  керекті  материалдарды  таңдай  отырып,  өз  беттерінше  кебеже, 

бесік,  алтыбақан  және  т.б.  бұйымдардың  технологиялық  картасын  сызып, 

орындай бастайды. Өңделген жұмыстар көрмелерге ұсынылады.  

Оқушылар  технология  сабақтарында  қазақ  халқының  тұрмыста 

қолданатын  бұйымдар  мен  оларды  ою-өрнектермен  қалай  әшекейленетінін 

біліп,  ұлттық  дәстүр  мен  әдет-ғұрыпты  түсініп,  өз  ұлтына  деген 

сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетін құрметтеуге үйренеді. 

Еңбекке  үйрету  барысында  оқушылар  ептілікке,  бұйымдарды  тез  және 

саналы жасауға дағдыланады, шығармашылық қабілеттері артады.  

Қазіргі  заман  талабын  жете  түсінген  әрбір  ұстаз  өз  Отанын  шексіз 

сүйетін  білімді,  іскер,  адамгершілігі  мол  парасатты,  мәдениетті  жан-жақты 

жетілген  ұрпақ  даярлауға  міндетті.  Әрбір  ұстаздың  мақсаты  мен 

міндеттерінің  жүзеге  асуы  өз  пәндерінен  оқушыларға  үздіксіз  білім  беру, 

сабақ сайын ұлттық-рухани тәрбиені бойына сіңіріп отыру. 

 

Әдебиет 

1.

 

Х.Арғынбеков. Қазақ халқының қолөнері. 



2.

 

«Халық – ғажап тәлімгер». Алматы, «Рауан», 2000. 



3.

 

«Өнерпаздық өрнектер». Алматы, 2002. 



4.

 

О. Сатқанұлы. Еңбек сабағында қазақ өнеріне баулу.  



5.

 

С.Касимов. Қазақ халқының қолөнері. 



 

 

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА 



ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

Л.Б. Амирова, А.Б.Жунусова 



№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы 

 

Жеке  тұлға»  –  бұл  адамның  психикалық,  рухани  мәні,  ол  әртүрлі 



жинақталған қасиеттер жүйесіне тән: 

- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы; 



92 

 

-  өзіне  және  өзімен  –  өзінің,  дүниеге  және  дүниемен  қатынастарының 



жүйесі; 

- айналадағы қоршаған әлемді және өзін – өзі жете түсінуі; 

- қажеттілік жүйесі; 

- шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жүйесі. 

Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  ғылыми  –  теориялық  мазмұны 

оқушылардың білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты 

қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені ол оқу – тәрбие 

үрдісінің 

тиімділігін 

арттырып, 

білікті, 

шығармашыл, 

белсенді 

оқытушыларды жетілдіруге септігін тигізеді. 

Білікті,  шығармашыл  ұстаз,  жоғарыда  айтылғандай,шәкірттердің 

белсенділігін  арттыра  да  біледі.  Шәкірт  білімділігі,  белсенділігі  мақсатты 

бағытталған  педагогикалық  технологиялардың  себебінен  деп  толық  айтуға 

болар.  Білім  берудің  негізгі  мақсаттарын  жүзеге  асыруға  бағытталған 

педагогикалық  инновация  қажеттілігі  мына  себептерге  байланысты  өте 

қажет-ақ: 

1. Сапа менеджементі жүйесі терең, тиянақты білім беруді талап етуіне 

орай озық технологтяларды пайдалану; 

2. Қазіргі заманғы педагогикалық қызметті ұйымдастыру-инновациялық 

үрдістерге  себеп  болады  және  сапалы  жаңа  білімді  қалыптастыруға  ықпал 

жасайды; 

3.  Инновациялық  қызмет  педогогтің  кәсіби  өсуін,  тұрақты  өзін  –  өзі 

жетілдіруін,  озық  тәжірибелерді  зерделеп  игеруін  қамтамасыз  етіп, 

шығармашылық жауапкершілік сезімін арттырады. 

4.  Инновациялық  білім  –  педагогикалық  әлемде  жаңа  құндылықтарды 

қалыптастырып, қарым – қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игереді; 

5. Инновациялық үрдістер – педагогикалық сапалылық пен белсенділікті 

қалыптастырып,  кәсіби  шеберлігін  шығармашылықпен  үйлестіру  арқылы 

талаптар  деңгейінде  еңбек  етуге  жеткізеді.  А.М.  Саранов  «Инновациялық 

білім  беру  жүйесін  дамытудың  теориялық  негіздері»  атты  еңбегінде  атап 

көрсеткендей,  «Инновациялық  процесс  –  жаңаны  пайдалану  идеяларынан 

туындайды». 

Инновациялық  оқыту  –  білім  берудің  ерекше  түрі.  Ол  «Жаңа 

жағдайларда  даму  қабілеттілігін  бірлесе  шешуді  ойластырады.  «Қалай 

нәтижелі оқыту керек?» –деп атап көрсетеді М. Чаманов. 

Соңғы  жылдары  Қазақстан  білім  беру  жүйелерінде  П.Эдниевтің 

бірліктерді  ірілендіру  технологиясы,  Д.Эльконан  мен  В.Давыдовтың  дамыта 

оқыту  технологиясы,  Ш.Аманашвилидің  ізгілікті  тұлғалық  технологиясы, 

В.Шаталовтың  оқу  материалдарының  белгі  және  сызба  үлгілері  негізінде 

қарқында  оқыту  технологиясы,  М.Чамановтың  проблемалық  оқыту 

технологиясы, 

М.Жанпейісованың 

модулді 

оқыту 


технологиясы, 

В.Монаховтың,  Қазақстанда  Ж.Қараевтың,  т.б.  технологияларын  ұстаз 

қауымы  шеберлікпен  пайдаланып  жүр  деп  айтуға  болады.  Әрқайсысының 

өзіндік  ерекшелігі  бар.  Мысалы,  модульдік  әдіс  оқушылардың  теориялық 



93 

 

білімді аз уақытта меңгеріп, шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік 



береді. 

Бірлескен  ұжымдық  іс  –  әрекетке  негізделген  бұл  технология  тиімді 

пайдаланылған жағдайда ғана нәтижелі болмақ. 

Ол нәтижелер: 

- оқушының өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп, алуы; 

- өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы; 

- оқуға деген қызығуының артуы; 

- іскерлік дағдысының қалыптасуы; 

- мақсатқа өз бетімен ұмтылуы; 

- ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы. 

- шығармашылықпен айналысуына талпынысы; 

- ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы; 

- өзіндік пікір айтуы. 

Бастауыш  саты-бұл  оқушы  тұлғасы  мен  санасының қарқынды дамитын 

құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны тұлға 

етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. 

Президенттің  Жолдауында:  «Ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігі  бірінші 

кезекте  білім  деңгейімен  айқындалады»  деген  байламы  жеке  адамның 

құндылығын  арттыру,  оны  дайындайтын  ұстаз  жауапкершілігінің  өсуі, 

тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.  

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. 

Қазіргі мектеп  жағдайындағы  білім  берудің ұлттық моделіне өту  оқыту 

мен  тәрбиелеудің  соңғы  әдіс-тәсілдерін,  жаңа  инновациялық  педагогикалық 

технологияны 

игерген, 

психологиялық-педагогикалық 

диагностиканы 

қабылдай  алатын,  педагогикалық  жұмыста  қалыптасқан  бұрынғы  ескі 

сүрлеуден  тез  арада  арылуға  қабілетті  және  нақты  тәжірибелік  іс-әрекет 

үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға  икемді,  шығармашыл  педагог-зерттеуші, 

ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. 

Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейіне  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру 

жаңа  педагогикалық  технологияны  ендіруді  міндеттейді.  Сондықтан  оқу-

тәрбие  үрдісіне  жаңа  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  енгізу  оқушылардың 

білімге  деген  қызығушылығын,  талпынысын  арттырып,  өз  бетімен  ізденуге, 

шығармашылық еңбек етуге жол салу.  

Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен 

тұрады: 


І. Жаңа идеяны іздеу 

Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру 

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру 

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу 

Оқу –тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану  

IV. Жаңалықтарды бекіту 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, 

әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім 



94 

 

мекемелерінің  педагогтеріне  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  тиімділігіне  қарай 



пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.  

Бастауыш  мектеп  -  оқушыны  тұлға  етіп  қалыптастырудың  алғашқы 

баспалдағы. 

Инновациялық  технологиялардың  бастауыш  мектептігі  білім  сапасын 

арттыру: 

• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану; 

• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру; 

•  Міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра  отырып,  мүмкіндік 

деңгейлерін ашу; 

•  Инновациялық  технологияларды  сынау  арқылы  тиімділігін  арттыру, 

мектеп жағдайына бейімдеу; 

Бастауыш  сынып  мұғалімдері  өз  сабақтарында  оқушылардың  тілін 

дамытуда,  өздік  жұмыс  жасау,  өз  дағдыларын  қалыптастыруда  өз  ойларын 

еркін жеткізе алуға баулуда. 

Заман  талабына  сай  технологияларды  қолдану  ауқымы,  түрлері  өзгеріп 

отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. 

Инновациялық технологиялар: 

• Жобалау технологиясы; 

• Саралап даралап оқыту;  

• Дамыта оқыту технологиясы;  

• Модульдік оқыту технологиясы;  

• Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;  

• Сатылай комплексті талдау; 

• VTS бағдарламасы;  

• Деңгейлеп оқыту технологиясы.  

Инновациялық технология нәтижелері: 

1. Түрлі  әдістерді  пайдалану  сабақтың  нақты  мәнін  терең  ашуға 

көмектеседі. 

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды. 

3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың. 

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың. 

5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. 

6. Оқушылардың  қабілеттері,  сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы, 

шығармашылық белсенділігі артады.  

7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне 

деген кәсіби сенімін қалыптастырады. 

Педагогикалық  үрдісте  жаңа  технологияларды  енгізіп,  интерактивті 

оқытуды  пайдалану  мұғалімдерді  шеберлік  жағынан  шыңдайтындығына  дау 

тудырмайды.  «Білім  туралы»  Заңда  қабылданған  білім  беру  жүйесінің  жаңа 

моделі  2004  жылы  ЮНЕСКО  ұсынған  халықаралық  білім  жүйесіне 

сәйкестендірілген.  Осы  заңның  8-бабында  білім  беру  жүйесі  басым  міндеті 

ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 

халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу деп аталып отыр.  


95 

 

Қазіргі  білім  беру  саласында  оқытудың  озық  технологияларын 



меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. 

Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интелектуалды,  кәсіптік, 

адамгершілік,  рухани  азаматтық  және  де  басқа  көптеген  адами  келбетінің 

қалыптасуына  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үлгісін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі. 

Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты 

дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.  

Педагогикалық  технологияларды  талдау  барысында  мына  факторлар 

ескерілуі керек: 

• Алынып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай 

болуы; 

• Тиімділігі, жүйелілігі және басқа жақтары. 



ХХІ  ғасырда  барлық  елдер  бірінші  орынға  білім  беру  сапасын  қояды. 

Оның  өлшемі  тек  сауаттылық  деңгейімен  (жазу,  оқу,  есептеу)  өлшенбейді, 

оның критерийі –функционалдық сауаттылық.  

Бұл  проблемаларды  шешуде  жаңа  технологиялардың  атқаратын  орны 

бөлек.  Болашақта  өркениетті  елдердің  жоғары  технологиясын  меңгерту, 

дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.  

Болашақтың  бәсекесіне  қабілетті  XXI  ғасыр  шәкіртін  тәрбиелеу  білім 

беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз –ізденімпаз 

ғалым,  нәзік  психолог,  тынымсыз  еңбеккер,  ортаның  ұйтқысы,  жан-жақты 

шебер,  терең  қазыналы  білімпаз,  гуманист,  белсенді  патриот  болғанда  ғана 

қоғамның  мықты  да  білікті,  жоғарғы  мәдениетті,  жан-жақты  дамыған, 

шығармашылығы  жоғары  жеке  тұлғаны  қалыптастырып,  тәрбиелейтінімізге 

нық сенімдімін. 

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік 

психолог,  жан-жақты  шебер,  тынымсыз  еңбеқор,  терең  қазыналы  білімпаз, 

кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. 

Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз 

үйренгендіктің  арқасында  жеңілдей  түседі».  Олай  болса,  жас  ұрпаққа 

үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын. 

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты, 

Білімдік бар биікке шығар саты. 

Ең алғаш басталады осы адамнан, 

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты... 

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді, 

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, - 

деп,  Сәбит  Мұқанов  айтқандай,  үнемі  сыйлы,  қадірлі,  сүйікті  болып, 

шәкірттерімізді  білім  нәрімен  сусындатып,  белестерге  жете  берейік. 

Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. 

Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз 

бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың 

алар орны ерекше. 


96 

 

Әдебиет 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б. 

2.  Қазақстан  Республикасында  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3 – 4 б.б. 

3.  Б.А.  Тұрғынбаева.  Мұғалімнің  шығармашылық  әлеуметін  біліктілікті  арттыру 

жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет 

4.  К.Құдайбергенова.  Құзырлылық  –  тұлға  дамуының  сапалық  критерий  //  «Білім 

сапасын  бағалаудың  мәселелері:  әдіснамалық  негізі  және  практикалық  нәтижесі»  атты 

халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б.б. 



 

 

АКТИВНЫЕ И ИНТЕРАКТИВНЫЕ ФОРМЫ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ 

МАТЕМАТИКИ 

 

Н.В. Анзельм 

Михайловская СОШ, Железинский район, с. Михайловка 

 

«Опыт – дитя мысли,  

а мысль – дитя действия. Нельзя учить людей только по книгам»  

Дизраэли Бенджамин  

(английский государственный деятель и писатель) 

 

Актуальной  задачей  современной  школы  является  реализация 



компетентностного  подхода  в  образовании,  а  именно,  формирование 

ключевых компетентностей, обобщенных и прикладных предметных умений, 

жизненных  навыков.  В  связи  с  этим  главная  цель  учителя  заключается  в 

организации  эффективной  передачи  наиболее  ценного  опыта  так,  чтобы 

ученики  смогли  максимально  качественно  овладеть  им.  При  этом, 

продвигаясь  по  пути  приумножения  знаний,  они  обрели  бы  потребность  в 

обучении, смогли бы найти свое собственное «Я» в этом мире, максимально 

раскрыть  свой  личностный  потенциал  и  реализовать  его  с  пользой  для 

общества.  Поэтому  в  работе  учителя  должны  оптимально  сочетаться 

современные  формы,  методы,  средства  обучения,  при  которых  развивается 

личность каждого ученика.  

Каким же образом нужно построить обучение, чтобы процесс познания стал 

обоюдно интересным, значимым и для педагога и для учащегося?  

Педагогика  предлагает  различные  пути:  воспитание  ответственности, 

развитие  мотивации,  адаптирование  учебного  материала  к  учебным 

возможностям учащего и др. Современная образовательная ситуация требует 

поиска и освоения новых форм учебных взаимодействий между участниками 

процесса обучения. 

Основные  методические  инновации  связаны  с  применением  активных 

или,  как  их  еще  называют,  интерактивных  методов  обучения.  Хотелось  бы 

уточнить само понятие. Слово «интерактив» пришло к нам из английского от 

слова interact (inter – взаимный, act – действовать). Интерактивный означает 



97 

 

способность взаимодействовать или находиться в режиме беседы, диалога с 



чем-либо 

(например, 

компьютером) 

или 


кем-либо 

(человеком). 

Следовательно,  интерактивное  обучение  –  это,  прежде  всего,  диалоговое 

обучение,  в  ходе  которого  осуществляется  взаимодействие.  Этот  подход 

оказался  для  меня  наиболее  реальным  путем  обеспечения  положительной 

мотивации  учащихся  к  изучению  математики,  формирования  устойчивого 

познавательного интереса учащихся к предмету, повышения качества знаний, 

создания педагогических условий для развития способностей учащихся. 

Главной особенностью использования методов интерактивного обучения 

является  вынужденная  интеллектуальная  активность,  так  как  сама 

организация  учебного  процесса  призвана  активизировать  мышление  его 

участников. По этому поводу А.Франц говорил: «Чтобы переваривать знания, 

надо поглощать их с аппетитом». 

Приоритет  среди  интерактивных  методов  принадлежит  играм, 

упражнениям  и  заданиям,  цель  которых  –  стимулировать  познавательный 

процесс.  

Интерактивное  обучение  –  это  обучение,  погруженное  в  общение.  При 

этом «погруженное» не означает «замещенное».  

Общение может проходить как на вербальном, так и невербальном уровне.  

Психологами  было  установлено,  что  в  условиях  учебного  общения 

наблюдается 

повышение 

точности 

восприятия, 

увеличивается 

результативность  работы  памяти,  более  интенсивно  развиваются  такие 

интеллектуальные  и  эмоциональные  свойства  личности,  такие  как  – 

устойчивость  внимания,  умение  его  распределять;  наблюдательность  при 

восприятии;  способность  анализировать  деятельность  партнера,  видеть  его 

мотивы, цели; воображения (в данном случае имеется в виду умение ставить 

себя  на  место  других).  В  условиях  общения  активно  протекают  процессы 

самоконтроля,  отчетливее  осознаются  «провалы»  и  «сомнительные  места» 

(те части материала, которые не один из партнеров не может воспроизвести).  

Интерактивное обучение одновременно решает несколько задач:  

-  развивает  коммуникативные  умения  и  навыки,  помогает  установлению 

эмоциональных контактов между учащимися;  

-  решает  информационную  задачу,  поскольку  обеспечивает  учащихся 

необходимой  информацией,  без  которой  невозможно  реализовывать 

совместную деятельность;  

- развивает общие учебные умения и навыки (анализ, синтез, постановка 

целей и пр.), то есть обеспечивает решение обучающих задач;  

-  обеспечивает  воспитательную  задачу,  поскольку  приучает  работать  в 

команде, прислушиваться к чужому мнению.  

Интерактивное обучение отчасти решает еще одну существенную задачу. 

Речь идет о релаксации, снятии нервной нагрузки, переключении внимания, 

смене форм деятельности и т. д.  

Как  можно  использовать  интерактивную  доску  на  уроках  математики? 

например: 



98 

 

1) экран для демонстрации презентаций и электронных дисков;  



2)  электронное  пособие,  применяя  коллекцию  клипов  из  галереи 

изображений программного обеспечения интерактивной доски;  

3) традиционная, по принципу «пишем-стираем»;  

4)  создание  собственных  интерактивных  уроков  с  помощью  базового 

программного  обеспечения  доски  и  стандартных  программ:  Excel,  Word, 

Power Point;  

5)  методическая  копилка,  для  созданных  и  сохраненных  файлов  по 

различным темам курса математики. 

Таким образом, используя такую доску, мы можем сочетать проверенные 

методы  и  приемы  работы  на  обычной  доске  с  набором  интерактивных  и 

мультимедийных  возможностей.  Учеными  экспериментально  установлено, 

что при устном изложении материала обучаемый за минуту воспринимает и 

способен переработать до одной тысячи условных единиц информации, а при 

«подключении» органов зрения до ста тысяч таких единиц.  

Технологии интерактивного обучения. 

Использование  тех  или  иных  методов  зависит  от  разных  причин:  цели 

занятия,  опытности  участников  и  преподавателя,  их  вкуса.  Очень  сложно 

классифицировать  интерактивные  методы,  так  как  многие  из  них  являются 

сложным 

переплетением 

нескольких 

приёмов: 

однако 

основные 



интерактивные  подходы  можно  назвать.  Это  творческие  задания,  работа  в 

малых  группах,  обучающие  игры,  использование  общественных  ресурсов, 

социальные проекты и другие внеаудиторные методы обучения. Остановлюсь 

на обучающих играх, которые наряду с творческими заданиями и работой в 

малых  группах  являются  основным  приёмом  на  интерактивных  занятиях. 

Условно выделю несколько видов обучающих игр: 

– ролевые игры и имитация, 

– деловые игры и моделирование, 

– образовательные игры. 

В  начале  урока  математики  рекомендуется  проводить  разминку  в  виде 

устного  счёта,  которая  имеет  целью  привлечь  или  сконцентрировать 

внимание  учащихся  к  теме  урока,  а  если  это  в  середине  урока,  то  дать  им 

разрядку. Разминкой может служить любое интересное упражнение или игра. 

Приведу примеры. Задания для устного счёта написаны на доске, к каждому 

заданию  варианты  ответов  (один  верный).  Каждый  ответ  подписан  каким-

нибудь  действием,  например:  “похлопать  в  ладони”,  «взять  себя  за  нос», 

«закрыть  глаза»,  «присесть  около  стола»,  «скрестить  руки  на  груди» и  тому 

подобное. Ученики решают задание, находят правильный ответ и выполняют 

действие.  Задания-действия  можно  заменить  забавными  фигурами,  которые 

показывают  данные  действия:  человек  с  поднятыми  вверх  руками,  человек 

присел около парты, человек стоит на одной ноге и т.д. Такой интерактивный 

устный  счёт  служит  хорошей  мотивацией  для  изучения  новой  темы, 

демонстрирует важность внимательности и совместности действий.  


99 

 

Интерактивная игра «Тридцать три», которую можно провести во время 



изучения  темы  «Признаки  делимости  на  3  и  9»  в  5-м  классе,  активизирует 

внимание,  а  также  позволяет  физически  размяться.  Правила  просты.  Мы 

начинаем  считать  по  рядам;  один  ученик  говорит  –  «один»,  второй-«два»  и 

так  далее  по  очереди.  Те  участники,  которым  предстоит  сказать  число, 

содержащее  3  (например  3,  13,  23  и  т.д.),  а  также  число,  кратное  трём, 

должны  вместо  того  подпрыгнуть  и  хлопнуть  в  ладони.  Тот,  кто  ошибся  и 

произнёс  вслух  число,  выбывает  из  игры.  При  этом  счёт  продолжается  со 

следующего за выбывшим участником или начинается снова. 

Интерактивный  метод  «каждый  учит  каждого»  используется  на  уроке 

при  изучении  нового  материала  или  при  обобщении  основных  понятий  и 

идей.  Метод  «Мозаика  (ажурная  пила)»  позволяет  учащимся  получить 

большое  количество  информации  в  течение  короткого  промежутка  времени, 

он служит способом решения сложной проблемы, требующей определённых 

знаний.  

Очень  эффектным,  интересным  и  продуктивным  методом  обучения 

является интерактивная «карусель». Это образовательная игра пригодна и для 

проведения  урока,  и  для  внеклассного  мероприятия  (например, 

олимпиада).Данный  метод  вовлекает  всех  учащихся  в  образовательную 

деятельность, даёт возможность коллективного поиска решения задач, обмена 

идеями, 


информацией, 

математическими 

знаниями. 

А, 


так 

как 


математическая  «карусель»-это  соревнование  между  группами,  то  урок  в 

такой форме разжигает у детей не только спортивный азарт и волю к победе, 

но и мотивирует учащихся к получению более широких познаний в области 

математики. 

Интерактивные  методы  обучения  требуют  определённого  изменения 

жизни  класса,  а  также  большого  времени  для  подготовки  как  от  учащегося, 

так  и  от  педагога.  Начинайте  с  постепенного  использования  этих  методов. 

Как  педагогу,  так  и  ученикам  необходимо  привыкнуть  к  ним  и  получить 

определённый  опыт  их  использования.  Лучше  тщательно  подготовить 

несколько  интерактивных  занятий  в  учебном  году,  чем  часто  проводить 

наспех подготовленные «игры». Использование интерактивных методов  – не 

самоцель. Это лишь средство к достижению той атмосферы в классе, которая 

лучше  всего  способствует  пониманию  духа  права  и  гражданского  общества 

как духа сотрудничества, взаимопонимания, доброжелательности. 

Заключение  

В контексте выше сказанного следует, что интерактивная доска подобна 

музыкальному инструменту, который без таланта композитора и исполнителя, 

увы,  молчит.  Следовательно,  современному  учителю  необходимо  научиться 

умело,  использовать  имеющийся  на  вооружении  технический  арсенал  – 

революционный  инновационный  продукт  технического  прогресса,  для 

эффективной организации учебного процесса. И, тогда ваши ученики станут 

чуть  талантливее,  самостоятельнее,  активнее,  а  главное  творчески 

мыслящими,  и  тогда  не  учитель  будет  заполнять  собой  все  пространство 


100 

 

урока,  а  его  ученики.  Еще  в  20-е  годы  руководитель  школы  имени 



Достоевского  В.Н.  Сорока-Росинский  сформулировал  весьма  ценный 

принцип: «Поменьше учителя – побольше ученика». 

И тогда каждый учитель, применяющий на своих уроках интерактивную 

доску, сможет сказать: «Это про меня!» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет