50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет25/47
Дата12.03.2017
өлшемі6,59 Mb.
#8987
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47

Әдебиет 

1. Математика және физика әдістемелік журналы. № 4 – 2011 ж. 

2. Қазақстан мектебі: №3 – 2006ж. 

3. Ақпараттық – әдістемелік журнал: №5 – 2009 ж. 

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРА 



ОТЫРЫП, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ  

 

А.З. Джаубаева 

№18 жалпы орта білім беретін мектеп, Екібастұз қаласы 

 

Егеменді  еліміздің  өсіп  келе  жатқан  ұрпағын  ойлы  да  іскер,  өзіне-өзі 

сенімді,  интеллектуалдық  деңгейі  биік  азамат  етіп  тәрбиелеуде  мектептің 

алатын  орны  ерекше.  Бастауыш  саты  –  білім,  дағды,  іскерліктің 

қалыптасуының  бастамасы  болып  табылады.  Біздің  міндетіміз  –  жеке 

тұлғаны  дамытып,  білімге  деген  сенімін  нығайту,  оқуға  қызығушылығын 

оятып, ынтасын арттыру. 

Қазіргі  заманғы  ғылыми-техникалық  үрдістің  қарқыны  білім  беру 

жүйесінің  алдына  үлкен  мақсаттар  мен  жаңа  міндеттер  жүктейді.  Жас 

ұрпақты  жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасатты,  ой-өрісі  биік,  бәсекеге 

қабілетті  азамат  етіп  тәрбиелеу  –  қоғамымыздың  ең  өзекті  мәселесі.  Бұл 

мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. 



228 

 

Бастауыш 



сынып 

оқушыларының 

танымдық 

қызығушылығын 

дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана 

емес,  сонымен  бірге  баланың  маңызды  психикалық  қызметтерін,  ақыл-ой 

жұмысының  тәсілдерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  оқу  процесін 

жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның 

ойлау  мен  практикалық  әрекеттері  арқылы  ғана  дамиды.  Ойлауға  үйренетін 

сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. 

В.В.  Давыдовтың  пікірінше:  «Дамыта  оқыту  –  оқыту  мақсаты, 

міндеттері,  әдіс-тәсілдері  баланың  даму  заңдылықтарына  сәйкестендірілген 

оқыту».  Оқыту  арқылы  баланың  психикасында  жаңа  құрылымдар  пайда 

болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да 

жаңа  сапаға  ие,  шығармашыл,  қабілетті  адамдар  тәрбиелеу  үшін  дамыта 

оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз [2]. 

Оқыту  барысында  баланың  ақыл-ойын,  қиялын,  т.б.  танымдық 

үрдістерін  дамытып  қоймай,  баланы  әртүрлі  әрекеттің  субъектісі  болып 

қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды. 

Дамыта  оқытуды  ұйымдастыру,  балаға  ақыл-ой  әрекетін  меңгеруге 

жағдай  жасау  деп  қарастыру  керек.  Дамыта  оқыту  үрдісінде  оқушы  оқу 

әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге 

мүмкіндік алады. 

Дамыта  оқыту  сабақтағы  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  ерекше 

қарым-қатынас. Мұғалім. бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті үйымдастырып, 

оқушының шығармашылығын арттырады. 

Дамыта 

оқытуда 


баланың 

ізденушілік-зерттеушілік 

әрекетін 

үйымдастыру  басты  назарда  ұсталады.  Осыған  байланысты  Д.Б.  Эльконин, 

В.В.Давыдовтардың жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан тұрады:  

1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 

2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыру. 

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі. 

Сабақты  жақсы  оқитын  оқушылармен  ғана  белсенді  жұмыс  істеп  қана 

қоймай,  барлық  баланың  дамуы  үшін  қолайлы  жағдай  туғызып,  қабілеті 

жеткен  жерге  дейін  еңбек  ету  ойластырылса,  әр  оқушының  оқуға  деген 

қызығушылығы артады [3]. 

Білім  негізі  бастауыштан  басталатыны  белгілі.  Бастауыш  сынып 

оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді 

ұнатады.  Зейіндері  тұрақсыз  болғандықтан,  бір  сарынды  оқудан  тез 

жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында 

оқушыларға  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру  үшін  жан-жақты  іздене 

отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: 

«Оқушылардың  сабақа  деген  қызығушылығын,  ынтасын  оятып, 

танымдық  белсенділіктерін  арттыра  отырып,  шығармашылық  қабілеттерін 

дамытуға жағдай жасау». 

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта- 

ықыласының, қүштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап 


229 

 

тұрған материалын түсіну үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған 



білімін  кеңейтіп  толықтыру  үшін  өздігінен  кітап  оқуы,  бақылау,  тәжірибе 

жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды 

саналы  қайталауда,  жаңадан  білім  алуда,  оның  жолдары  мен  дағдыларына 

үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.  

Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау 

эксперименттер  жүргізу  жұмыстарында,  бір  сөзбен  айтқанда,  оқу  үрдісінің 

барлық кезеңінде қажет. 

Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғүрлым 

толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі». 

Танымдық 

белсенділік 

көп 


түрлі 

тұлғалық 

қатынастардың 

қалыптасуымен  тығыз  байланысты.  Танымдық  әрекеттің  белгілі  бір  ғылым 

саласымен  таңдаулы  қатынасы,  танымдық  әрекеті,  оларға  қатысу  және 

қатысушылармен  танымдық  қарым  -  қатынасы  маңызды  келеді.  Сонымен 

бірге адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен 

белсендіруде  танымдылық  белсенділік  тұлғаның  шындықты  қайта  қүру 

әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. 

Баланың  жеке  тұлғасында  танымдық  белсенділігінің  дамуы  бес-алты 

жас  аралығында  қарқынды  келеді.  Бұл  әсіресе  баланы  логикалық 

тапсырмаларды  белсенді  орындауы,  жауап  кілтін  табуға  ширақ  келуі,  білуге 

деген  ұмтылысы  танымдық  ойындар  арқылы  оқу  әрекетінің  міндеттерін 

шешуде айқын көрінеді. 

Оқу  үрдісінде  оқушының  белсенділігі,  негізінен  екі  түрлі  сипатта 

болады: сыртқы және ішкі белсенділік. 

Сыртцы  белсенділік  дегеніміз  –  оқушы  әрекетінің  сыртқы  көріністері 

(белсенді  қимыл  қозғалыстары,  практикалық  әрекеттері,  мұғалімге  зейін 

қойып қарауы, әрекеті, т.б.), бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы 

да мүмкін. 

Оқушының  ішкі  белсенділігіне  оның  белсенді  түрде  ойлау  әрекеті 

жатады. 


Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. 

Оқыту  үрдісінде  оқушылардың  белсенділігін  дамытуды  мақсат  еткен 

мұғалім  сабақтың  барлық  кезеңерінде  олардың  ой  дербестігін  дамытуға 

тырысады. 

Оқушыда  белсенділік  бір  қалыпта  болмайды,  оның  қарапайым  және 

күрделі шығармашылық, т.б. белсенділік түрлері болады. 

Соңғысы  оқушының  логикалық  ойлау  қабілеті  мен  дербестігін  керек 

етеді.  Оқушыларда  жас  ерекшеліктеріне  және  психикалық  даму  дәрежесіне 

қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, 

таным, 


өзін-өзі 

тәрбиелеу, 

қызығушылық, 

шығармашылық, 

т.б. 

белсенділіктер. 



Мұғалімнің  шығармашылық  ізденісінің  ең  бастысы  –  оқушының  ойлау 

қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру. 



230 

 

Баланы  бастауыш  сыныптардан  бастап  шығармашылық  ойлауға, 



қалыптан  тыс  шешімдер  қабылдай  алуға,  практикалық  эрекеттерге  дайын 

болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.  

Шығармашылық  –  бүкіл  тіршіліктің  көзі.  Адам  баласының  сөйлей 

бастаған  кезінен  бастап,  бүгінгі  күнге  дейін  жеткен  жетістіктері 

шығармашылықтың  нәтижесі.  Бұған  бүкілхалықтық,  жалпы  және  жеке 

адамның  шығармашылығы  арқылы  келдік.  Әр  жаңа  ұрпақ  өзіне  дейінгі 

ұрпақтың  қол  жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс-әрекетінде 

сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада 

таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. 

Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу 

жұмыстарының  нәтижесінде  қол  жеткізуге  болады.  Сондықтан  мұғалім 

оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді: 

1.  Жаттығу  жүмысы  пәннің  мәніне,  тақырыпқа  логикалық  байланыста 

болуы керек. 

2.  Жаттығуларға  сұрақтар  жүйесі  оқушылардың  ойлау  қабілетін 

дамытарлықтай болуы тиіс. 

3.  Жаттығу  жүмысы  сабақтың  барлық  кезінде  болуы  керек.  Жаңа 

сабақты  түсіндіруде,  бекіту  кезінде,  білімді  тексеруде,  сондай-ақ  қайталауда 

да қолданылады. 

Қазіргі  таңда  білім  саласының  алдында  дайын  білімді,  дағдыларды 

меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, 

тың  жаңалықтар  ашатын,  біртума  ойлау  қабілетімен  ерекшеленетін  жеке 

тұлға  қалыптастыру  міндетінің  тұрғаны  баршамызға  белгілі.  Осы  орайда, 

оқушылардың  шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамытудың  маңызды  мәселе 

екендігі туындайды.  

Ғылыми  зерттеулерге  сүйенетін  болсақ,  оқушы  шығармашылығын 

дамытуда 

«шығармашылық 

тапсырмалар» 

үлкен 


рөл 

атқарады. 

Шығармашылық  тапсырма  ретінде  біз  оқушыдан  ұдайы  тек  ақпарат  өндіру 

емес,  шығармашылықты  талап  ететін  тапсырмаларды  қарастырамыз.  Себебі 

тапсырмалар  белгісіздіктің  кіші  және  үлкен  элементтерінен  және  бірнеше 

дұрыс жауаптардан тұруы мүмкін.  

Шығармашылық тапсырма кез- келген интерактивті әдістің мазмұны мен 

негізін  құрайды.  Оның  айналасында  жариялылық  пен  ізденімпаздықтың 

негізі  пайда  болады.  Шығармашылық  тапсырмалар  оқу  барысына  үлкен 

мағына беріп, оқушыларды ынталандырады.  

Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек: 

1. Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды; 

2. Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады; 

3. Оқушылардың өмірімен байланыста болады; 

4.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруда  дамыта 

оқытудың өзіндік алатын орны ерекше. 



 

231 

 

Әдебиет 

1.Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Рауан, 1992. 

2.Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – М.: Педагогика, 1986. – 

3.Эльконин Д. Б. Детская психология. М.: Просвещение, I960.- 175 с 

2. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. -Алматы: Рауан, 1982. –  

4. Занков Л.В. Дидактика и жизнь. – М.: Просвещение, 1968. – 200 с. 

5. Бастауыш мектеп журналы №5, 1998ж. 

6. Бастауыш мектеп №3,4, 2010. 

7. Дамыта оқыту технологиялары Б.А Тұргынбаева. «Алматы», 2000. 

8. Қазақстан мектебі, Алматы №  8, 2003 ж. 

9. Мен және бәрі,бәрі,бәрі Алматы. «Аруна» 2006 ж. 

10. Бастауыш сыныпта оқыту журналы №1, 2006 ж. 

 

 



«ДАМЫТА ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

А.Қ. Джұмабекова 



Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі, Железин ауданы, Еңбекші ауылы 

 

Қазіргі  заман  ағымына  байланысты  оқушылардың  білімге  қызығуын 



арттыру  үшін  мұғалімдерге  жаңа  талаптар  қойылуда.  Сол  себепті  оқытудың 

әр  түрлі  технологиялары  жасалып,  мектеп  тәжірибесіне  енгізілуде.  Жан-

жақты  ізденістің  нәтижесінде  білім  беру  саласында  жаңа  педагогикалық 

технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. 

Технология  –  белгілі  бір  істегі  адамның  әдісі,  шеберлігі.  Осы  шеберлік 

арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік 

береді.  Мұғалім  үнемі  шығармашылықпен,  ізденіспен  жұмыс  жасап  отырса, 

жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, 

оған  өзіндік  қолтаңбасын  қосып  отырса  –  оқушы  тәрбиелеу  мен  білім 

берудегі жетістігі сол болмақ.  

Қазіргі 

педагогикалық 

әдебиеттерден 

50-ден 


астам 

оқыту 


технологиялары  қолданысқа  енгізілгені  белгілі  болып  отыр.  Солардың  бірі- 

«Дамыта  оқыту»  технологиясы.  Дамыта  оқыту  оқушылардың  ізденгіштік-

зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:  

- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек, 

-  іс-әрекеттің  бастапқы  кезеңі  –  оқушылардың  алдына  олардың  әрекет 

жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін 

қою, 

-  осы  міндеттерді  шешуді,  яғни  іздену  іс-әркетін  ұйымдастыру,  мұнда 



үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне 

тартуы қажет, ол үшін екі шартты орындау керек: 

1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы 

болу керек. 

2)  Ол  оқушылар  жүргізіліп  жатқан  ізденуді  шын  мәнінде  жүзеге  асыру 

керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек. 



232 

 

3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын 



ұйымдастырып,  оның  басқа  міндеттерді  шешу  үшін  қаншалықты 

пайдалануға болатынын түсіндіреді.  

Дамыта  оқытуда  баланың  ізденушілік  –  ойлау  әрекетін  ұйымдастыру 

басты  назарда  ұсталады.  Ол  үшін  бала  өзінің  бұған  дейінгі  білетін 

амалдарының,  тәсілдерінің  жаңа  мәселені  шешуге  жеткіліксіз  екенін 

сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-

ықыласы  артады,  білім  алуға  әрекеттенеді.  Сабақ  мұндай  жағдайда 

төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады. 

 

 

 



1.  Бала  дамуының  жақын  аймағы  –  баланың  тек  үлкендердің  көмегі 

арқылы атқара алатын істері. 

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз 

істей алатын істері. 

3.  Баланың  дамуы  бірінші  аймақты  меңгеру  арқылы  жүзеге  асады. 

Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны 

игерген кезде дамуға өріс ашылады. 

Дамыта  оқытуды  ұйымдастыру,  балаға  ақыл-ой  әрекетін  меңгеруге 

жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту - сабақтағы ерекше ахуал, 

мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  ерекше  қарым-қатынас.  Мұғалім  бұл 

жағдайда  дайын  білімді  түсіндіріп  қоюшы,  бағалаушы  емес,  танымдық  іс-

әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық  істердің ұйытқысы.  Тек  осындай оқыту 

ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. 

Дамыта  оқыту  жүйесінде  оқушылардың  ойларын  жетілдірудің  маңызы 

зор. Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы 

өз  оқу  әрекеті  арқылы  қол  жеткізеді.  Сабақтың  алғашқы  ізденіс  кезеңінде 

жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше 

шешуге  талпынады.  Сөйтіп,  олар  осы  мәселе  туралы  өз  білімдерінің 



233 

 

жеткіліксіз,  таяз  екенін  сезіну  арқылы  сабаққа  деген  қызығушылықтары 



оянады,  ішкі  түрткілері  пайда  болады.  Екіншіден  –  дамыта  оқытуда  оқушы 

жоғары  қиындықтағы  мәселелерді  шеше  отырып,  өзінің  санасының 

саңылауларын  ашады.  Әр  оқушы  өзінің  деңгейіне  дейін  дамуға  қол  жеткізе 

алады.  "Жақсы  оқушы”,  "Жаман  оқушы”  ұғымының  болмауы,  балаларды 

танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. Үшіншіден – 

оқушының  жеке  басын  дамытатын  басты  құрал  –  ол  өзінің  әрекеті.  Сол 

себепті  дамыта  оқытудағы  оқыту  әдістері  оқушыны  белсенді  жұмыс 

жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. 

Төртіншіден  –  дамыта  оқыту  жүйесінің  нәтижелі  болуы  оқушы  мен 

мұғалімнің арасындағы  жаңаша  қарым-қатынасы  арқасында  ғана өз  жемісін 

береді.  

Тарих  пәні  мұғалімдерінің  міндеті  –  мәдениетті  түрде  білімді,  іскер, 

жеке  тұлғаны  дамыту,  ұлтымыздың  рухын  көтеру,  осы  мақсатқа  жететіндей 

тиімді жол іздеу. Педагогикалық психология бойынша оқушының мәдениетін 

білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының жек жұмыс қабілетін 

ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере 

отырып  беру  қажет.  Мектептің  оқу  үрдісіне  енгізіліп  жүрген  технологиялар 

теориялық  тұрғыдан  дәлелденіп,  тәжірибеде  жақсы  нәтиже  көрсетіп  жүр. 

Дамыта оқыту – оқушының жеке тұлғасын, оның біліктерін дамыту. Сондай-

ақ  қазақ  халқы  өзінің  мыңдаған  жылғы  өмір  сүру  тәжірибесіне  сүйене 

отырып,  мағынасы  терең  нақыл  сөздер,  мақал-мәтелдер  және  тұрмыстық 

салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қалдырған. Ал оны күнделікті өтілетін 

сабақ  барысында  қалай  пайдалануға  болады?  Алдымен  сабақтың  тәрбиелік 

жағын  ерекше  ескеріп,  оқушылардың  өз  халқына  деген  сүйіспеншілігін 

арттыру  және  оны  қалыптастыру  үшін  мүмкіндігінше  халықтық  педагогика 

элементтерін көбірек пайдалану жағын қарастырамыз. Ол үшін бағдарламада 

көрсетілген  материалды  жоспарлағанда  сол  тақырыпқа  сай  халықтық 

педагогика  элементтерінің  қандай  түрін  пайдалануға  болатындығын  қоса 

жоспарлау  қажет.  Мұның  өзі  сабаққа  пайдалануға  болатын  материалдарды 

алдын  ала  дайындауға  мүмкіншілік  береді.  Сондықтан  мұғалімнің  мұндай 

мәліметтерді  жинауы  үшін  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  үнемі  ізденіс 

үстінде болуына тура келеді. 

Біріншіден,  дәстүрлі  емес  сабақтарды  өту  арқылы  оқушылардың  ой 

толғауын,  білімін,  қабілетін  кеңейтуге  болады.  Білімді  даяр  күйінде  бермей, 

оқушылардың  алдына  белгілі  бір  мәселені  міндет  етіп  қойып,  оны  олар 

халқымыздың озық салт-дәстүрін пайдалана отырып, ізденіп шешуі тиіс. Бұл 

арқылы  олар  проблемалық  жағдай  туған  кезде  оны  дұрыс  шеше  білу 

тәсілдерін  үйренеді.  Мұның  нәтижесінде  өз  бетінше  өмір  сүре  алатын 

шығармашыл  азаматтар  тәрбиелейміз.  Екіншіден,  оқушыларға  қазіргі  заман 

талабына  сай  жоғары  дәрежеде  сапалы  білім  мен  тәрбие  беруде  халықтық 

педагогиканы  пайдаланып  оқыту  –  бүгінгі  күн  талабы.  Дамыта  оқытуда 

баланың  ізденушілік-зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыру  басты  назарда 

ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің 


234 

 

жаңа  мәселені  шешуге  жеткіліксіз  екенін  сезетіндей  жағдайға  жетуі  керек. 



Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға 

әрекеттенеді.  Үшіншіден,  қазіргі  таңдағы  талаптарға  сай  білімді,  әсіресе 

білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың 

жаңа  әдістерінің  ішіндегі  ең  маңыздысының  бірі  –  ынтымақтастықта  оқыту 

технологиясына ұлттық педагогиканы енгізу.  

Оның негізгі ерекшеліктері:  

• Топтар алдын ала мұғалім басшылығымен жасақталады; 

• Көбіне топтар тең шамалас, әртектес болады; 

• Топтық тапсырманың әр мүшесі әр бағытын орындайды; 

• Жеке оқушының емес, топтың жұмысы бағаланады; 

• Топ атынан сөйлейтін оқушыны өзге топ не мұғалім таңдайды; 

• Жеке білімді тексеру бөлек жүргізіледі. 

Өмір бір орында тұрып қалмай, әрдайым жаңалықтармен толықтырылып 

отырады. Сондықтан өмірдің жаңалықтарына бет бұрып, жаңаша білім беру 

тәсілдерін  ойлап  табу  –  әр  пән  мұғалімінің  негізгі  мақсаты.  Білім  беру 

саласының дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру 

еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен 

педагогикалық  технологияларды  тиімді  пайдалануды  қажет  етеді.  Оқыту 

үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру  мұғалімнің  оқушының  өзін-өзі  дамытуына 

қолайлы  жағдай  жасай  отырып,  оның  шығармашылығының  өздігінен  іс-

әрекет  ету  даралық  қабілеттерінің  артуына  себін  тигізеді.  Мұндай  жаңа 

технологияларды  пайдаланып  оқыту  барысында  оқытушыға  қойылатын 

негізгі  талап  оқушының  берген  жауабын  түзету,  берілген  тапсырманы 

орындау  жолдарын  көрсету,  оқушыға  өз  ойын  рет-ретімен  толық  жеткізуді 

үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, 

оған  пікір  еркіндігін  сездіру  оқушының  сол  сабаққа  деген  қызығушылығын 

арттырады. 

Сонымен 


қатар 

сабақ 


барысында 

техникалық 

жабдықтарға, 

көрнекіліктерге  жүгіну  оқытушыға  уақытты  үнемдеуге,  аз  уақыттың  ішінде 

бірнеше  оқушының  білімін  бағалауға,  бағдарламадағы  материалды  қай 

дәрежеде  меңгергенін  айқындауға  мүмкіндік  береді,  бұл  оқушының  білім 

деңгейін  қадағалаудың  ең  тиімді  тәсілі.  Себебі,  оқушының  білімін  тексеру, 

оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі. 

Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіздік шыңынан орын алып, халық санасы 

жаңарған  мезгілде  оқушыға  білім  беру,  соның  ішінде  тарихты  оқыту 

талаптары түбегейлі өзгерді. Тарих мұғалімінің алдында үлкен жауапкершілік 

бар. Өйткені тарихты оқыту – отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеп өсіру деген 

сөз.  Тәуелсіз  Қазақстан  тарихын  оқушы  өзін  сол  оқиғалар  арасында 

жүргендей  қызықты  өткізу  оқытушыдан  ерекше  шеберлікті  талап  етеді.  Ал 

бұл  талапты  орындау  үшін  мұғалім  көп  ізденіп,  заман  талаптарына  сай 

білімге ие болып, әлем жаңалықтарымен де таныс болуы керек. 

Жаңа  технологияны  білім  беру  саласында  тиімді  пайдалану 

оқушылардың  өзіндік  жұмысының  сапасын  арттыруға  көмектеседі.  Тәуелсіз 



235 

 

Қазақстанның  келешегі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақ  –  ұлттың  ұлт 



болып қалуының кепілі.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1. Байсейтова А. Шығармашылық белсендікті арттыру. 

2. Жайтапова А.Ә. Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту тұрғысынан. 

3. Кусаинов Г.М. Педагогикалық технологиялар. 

4. Кобдикова Ж. Оқытудың жаңа технологиясы. 

 

 

ИНФОРМАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ НА УРОКАХ РУССКОЙ 



ЛИТЕРАТУРЫ В СТАРШИХ КЛАССАХ 

 

А.А. Дорофейчик  

школа №18, г. Павлодар 

 

Всякое  познание  начинается  с  удивления.  Удивление  есть  момент 



пробуждения  интереса  к  предмету  изучения.  В  преподавании    литературы 

особое  значение  приобретает  развитие  интереса  к  предмету  у  любого 

ребенка.  Необходимо,  чтобы  каждый  урок  литературы  был  радостным  и 

интересным,  активизировал  творческие  силы  учащихся,  наконец,  давал  не 

только  знания,  расширяющие  кругозор,  но  и  поставил  ребенка  перед 

ситуацией нравственного выбора, принятия в жизни правильного решения. С 

этой  целью  преподавание  нужно  построить  как  курс  развития  речи  и 

мышления. 

Закон  «Об  образовании»  Республики  Казахстан  от  27  июня  2007  года 

нацелен  на  повышение  уровня  образования.  Традиционные  методы  не 

отвечают  ни  потребностям  обучения,  ни  требованиям,  предъявляемым 

учащимся.  Анализ  учебно-воспитательного  процесса,  работа  с  учащимися 

показывают,  что  нынешняя  система  образования  не  формирует  гибкости 

мышления,  не  учит  школьников  приспосабливаться  к  быстроменяющимся 

условиям жизни и даже мало способствует развитию творческого мышления 

учащихся [1]. 

В  последнее  время  замечен  низкий  уровень  подготовки  учащихся, 

проявление  пассивности,  безынициативности,  а  также  снижение  интереса  к 

учебе,  неспособность  к  мобильности.  На  нынешнем  этапе  формируется 

социальный заказ на всесторонне развитых, одаренных и талантливых людей, 

способных  к  самостоятельной  работе,  умеющих  действовать  в  условиях 

неопределенности,  ощущающих  потребность  в  непрерывном  образовании 

[1]. 

Актуальной  задачей  педагогической  информатики  становится  помощь 



учителям-словесникам  в  достижении  одной  из  главных  целей  – 

формирования  культуры  чтения  в  условиях  современной  информационной 

среды,  тем  более,  что  навыки  использования  телекоммуникаций,  умение 


236 

 

читать и писать гипертекстовые и гипермедийные документы могут быть уже 



отнесены к базовым для современной культуры [3].  

В  основе  информационной  культуры  читателя  лежит  информационно-

компьютерная грамотность, под которой понимается система компьютерных 

знаний  и  умений,  обеспечивающая  необходимый  уровень  получения, 

переработки, передачи, хранения и представления значимой информации.  

Информационно-компьютерная  грамотность  является  важной  частью 

знаний и умений юного читателя.  

С  помощью  компьютерных  технологий  можно  создать  специальные 

обучающие  программы,  тренажеры,  демонстрировать  видеоматериал.  Так, 

например,  программа 

PowerPoint 

поможет 


учителю 

организовать 

презентации  для  последующего  показа  во  время  выступления  на  уроке-

семинаре  или  конференции,  подготовки  раздаточного  материала  для 

учащихся. Таково основное назначение этой программы. Но возможности ее 

так разнообразны, что она идеально подходит для создания мультимедийных 

учебных  пособий:  с  красочной  графикой,  видеосюжетами,  звуковым 

оформлением, анимацией.  

Эти учебные пособия можно использовать и для сопровождения уроков-

лекций,  и  для  подготовки  дополнительных  материалов,  которыми  ученики 

могут  воспользоваться  во  внеурочное  время.  Можно  также  использовать 

презентации как одну из форм представления творческих работ учеников.  

Одной из возможностей использования мультимедийных технологий на 

уроке  является  подготовка  и  проведение  интегрированных  уроков.  Можно 

провести урок литературы в компьютерном классе, например, подготовив для 

этого  мультимедийную  презентацию  с  ярким  видеорядом  (иллюстрациями, 

видеоклипами, звуком).  

Такую  презентацию  учитель  может  подготовить  сам,  используя 

материалы, найденные в Интернете, отсканированные иллюстрации из книг и 

энциклопедий, а также материалы электронных энциклопедий или поручить 

создание презентации учащимся. Эта презентация может быть использована 

во  время  урока-лекции,  урока-беседы  или  как  мультимедийное  пособие  для 

самостоятельной работы учеников при подготовке к уроку.  

Использование  информационных  технологий  поможет  осуществить 

речевое  развитие  старшеклассников  комплексно,  с  учетом  подготовки 

выпускников  школы  к  общению  в  различных  сферах,  к  овладению 

различными речевыми стилями.  

Доклады  и  сообщения  являются  широко  распространенными  видами 

устного  монолога  учащихся  девятых–одиннадцатых  классов  на  уроке 

литературы. Школьники выступают с докладами при изучении обзорных тем, 

на  уроках,  посвященных  биографии  писателя,  при  анализе  художественных 

произведений, 

на 

заключительно-обобщающих 



занятиях, 

уроках 


внеклассного чтения.  

Выработка умений готовить такие выступления способствует усилению 

практической 

направленности 

изучения 

литературы, 

воображению 


237 

 

школьников  интеллектуально-речевыми  умениями,  развитию  творческих 



способностей,  подготовке  к  активному  участию  в  коммуникативной 

деятельности.  

Однако  на  практике  подготовленные  учащимися  устные  доклады  и 

сообщения на литературные темы далеко не всегда могут удовлетворять как 

по  содержанию,  так  и  по  форме;  ученики  не  владеют  должными  умениями 

подбирать  и  организовывать  материал,  нередко  ограничиваются  пересказом 

текста одного из источников, читают написанное, не отрываясь от контекста, 

оказываются  не  в  состоянии  установить  во  время  выступления  контакт  с 

аудиторией, управлять вниманием слушателей.  

Всего  этого  можно  избежать,  если  предложить  учащимся  создать 

собственный  мультимедийный  проект  (вместо  традиционного  реферата  или 

доклада)  с  использованием  изученных  на  уроке  информатики  (или 

самостоятельно) способов обработки и представления информации в разных 

программных  средах.  Кроме  презентаций,  ученики  могут  создавать  базы 

данных о поэте или писателе.  

Базы  данных,  их  создание  и  работа  с  ними  изучаются  в  базовом  курсе 

информатики, так что для учеников не составит труда собрать материалы для 

небольшой базы данных и создать ее [3].  

Такое  задание  будет  очень  полезно  ученикам,  поскольку  предоставляет 

возможность  поработать  с  интересной  информацией,  расширяющей  их 

кругозор, а также закрепить навыки, полученные на уроках информатики, и 

применить  их.  Учителя  литературы  и  информатики  могут  оказать  ученику 

консультационную помощь на этапе сбора и структурирования информации. 

Под структурированием понимается выделение из всего объема информации 

объектов, которые можно описать, используя определенные признаки.  

Рассмотрим  процесс  структурирования  на  примере.  Так,  в  базе  данных 

собрана  информация  о  произведениях  писателя  эпохи  классицизма. 

Описываемым  объектом  служит  текст  одного  из  его  произведений.  К 

описывающим  его  характеристикам  относятся:  содержание,  название 

произведения,  время  написания,  история  создания,  стиль  писателя.  Можно 

добавить  такие  характеристики,  как  произведения  живописи  или  зодчества, 

созданные  во  второй  половине  XVIII  века,  техника,  в  которой  выполнены 

работы  художников  данного  периода,  размеры  полотен,  в  каких  музеях  или 

частных коллекциях они сейчас хранятся, и т.д.  

При  создании  базы  данных  вся  информация  заносится  в  таблицу,  в 

строках  которой  расположены  описываемые  в  базе  объекты,  а  в  столбцах  - 

названия  характеристик  этих  объектов.  Параллельно  для  каждого  объекта 

создается форма в виде формуляра книги в библиотеке.  

Ученики,  которые  увлекаются  программированием,  могут  с  помощью 

учителя  информатики  и  литературы  подготовить  тесты  в  какой-либо  среде 

программирования.  Например,  в  среде  Delphi  можно  подготовить  тест  для 

использования  в  качестве  интересного  задания  школьной  олимпиады  по 

литературе.  Можно  за  основу  взять  тест  классического  сценария:  выбор 


238 

 

одного  или  нескольких  ответов  на  предложенный  вопрос,  но  с 



использованием графических изображений.  

Также  можно  подготовить  тесты  для  проверки  на  интегрированном  с 

информатикой  уроке.  Сценарий  можно  выбрать  любой.  Например,  выбор 

ответа  путем  перемещения  соответствующей  правильному  ответу  картинки 

(поместить  рядом  с  портретом  автора  изображение  эпизода,  созданного  им 

литературного произведения).  

При  работе  над  созданием  мультимедийных  тестов,  учащимся 

предоставляется  уникальная  возможность  творческого  переосмысления  и 

систематизации  приобретенных  знаний  и  навыков,  их  практического 

применения, 

а 

также 


возможность 

реализации 

своего 

общего 


интеллектуального  потенциала,  вкуса  и  способностей.  Дать  учащимся 

почувствовать  вкус  к  самостоятельной  творческой  работе,  ощутить 

собственную успешность. 

 Существенным  является  также  и  то,  что  работа  по  созданию  тестов 

позволяет  ученику  накопить  определенный  опыт  работы  с  информацией  и, 

что  очень  важно,  с  оцифрованной  информацией,  с  различными  ее  типами. 

Постепенно  растет  уверенность,  что,  столкнувшись  с  реальной  жизненной 

ситуацией,  ученик  не  испытает  растерянности,  а  наоборот,  приобретет 

чувство удовлетворения от возможности проявить свою компетентностность 

и свой профессионализм.  

Возвращаясь  к  формам  уроков,  можно  предложить  такие  комбинации, 

как  работа  с  электронной  энциклопедией  по  определенному  заданию  с 

последующим 

тестированием, 

поиск 

информации 



в 

электронной 

энциклопедии  с  последующим  устным  или  письменным  изложением, 

содержащим анализ этой информации и т.д.  

Такие уроки, которые дают учащимся навыки работы с информацией, ее 

отбора  и  анализа,  очень  важны.  Они  способствуют  приобщению  юных 

читателей не только к литературе, но и к другим видам искусства: живописи, 

архитектуре, классической музыке. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет