50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет44/46
Дата07.04.2017
өлшемі6,98 Mb.
#11245
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

Әдебиет 

1. Керімбаева  Р.  Дидактикалық  ойындар  //  Ғылыми  әдістемелік  журнал  «Қазақстан 

мектебі». – 2006. – №1. 

2. Омаров Қ. Ұлттық ойындар – асыл қазына // Ғылыми әдістемелік журнал «Қазақ- 

стан мектебі». – 2004. – №11. 

3. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. – Алматы, 1974. 

4. Матыжанов Қ. Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы. – Алматы, 1989. 

5. Ұзақбаева С.А Тамыры терең тәрбие. – Алматы, 1995. 

6. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1994. 

7. Сағыңдықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1983. 

 

 



ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

МОДЕЛІ 

 

С.С. Шаншарова 



Үштерек ауылындағы орта мектеп, Ақсу қаласы 

 

Ұлы ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин: адамгершілікке тәрбиелеу 



құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі, – деп түйіндеген. Егер білім алушылардың 

құқықтық, азаматтық, мәдени білім деңгейі жоғары болса, ол жеке тұлғаның 

жан-жақты үйлесімді дамуына әсер етеді. 

Білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігі мен азаматтық белсенді- 

лігін  қалыптастыруда  мемлекет  тарапынан  жүргізіліп  отырған  кемел  саясат 

негізінде  педагогикалық  ұжымның  құзыреттілігі  жеке  тұлғаның  дамуына, 

қоғамның болашағы екенін толыққанды түсінуіне тікелей ықпал жасайды. 

Ұрпақ мәселесі ұрымтал екенін уақыт көрсетіп отыр. Бір сәт көзден таса, 

көңілден  ұмыт  қалдырсаң,  жас  шыбықтай  теңселіп  тұрған  ұл  мен  қыз  бір 

жағына  тартып  кетері  анық,  сол  себептен  біз  бүгінгі  таңдағы  қоғамның 

мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білуіміз қажет.  

Мектебімізде  жасөспірімдерге  әлеуметтік  жауапкершілік  пен  азаматтық 

белсенділікті  бойына  сіңіруге  бағытталған  тәрбие  саласы  қызметкерлерінің 

«бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығара  білген»  ұйымшыл,  жүйелі 

жұмысының  шоғырланған  қоғамдық  ортасы  құрылып,  нәтижелі  қызмет 

атқарып отыр. 

Күтілетін нәтиже: 

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алатын, құқықтық 

білімі  жетік,  өз  бостандығы  мен  құқықтарын  қорғай  білетін,  өзінің 

мақсаттарын жүзеге асыруға қабілетті, өзге адамдардың мүдделеріне нұқсан 

келтірмейтін, талапшыл, адал, шыншыл азамат.  

Тәрбие  жұмысын  жаңадан  келген  оқушыны  әлеуметтік  психологиялық 

зерттеуден  бастаған  жөн.  Онда  сынып  жетекшісі,  психолог,  әлеуметтік 

педагог сауалнамалар алып, жеке, топтық әңгіме жүргізіп, мектеп ережесімен 

таныстырады.  Сонымен  қатар  ата-анасымен  тығыз  байланыста  болып, 

тұрмыс жағдайын бақылау актін түзіп, оқушының статусын анықтайды.  



416 

 

Балалардың  статусы  анықталған  соң,  ерекше  бақылауды  келесі 



оқушылар қажет етеді: 

– Жетім; 

– Мүгедек, мүмкіндігі шектеулі; 

– Тәуекел тобы; 

– Аз қамтамасыз отбасы; 

– ІІБ есебінде тіркелген; 

– Сәтсіз отбасы; 

– Толық емес отбасы (Өгей әке немесе өгейшешемен тұратындар). 

Жұмыс бағыттары: 

– Баланың психикасының дамуын зерттеу;  

– Сәтсіз дамуының коррекциясы; 

– Психологиялық алдын алу және коррекция;  

– Ата-аналарға психологиялық және педагогикалық кеңес беру;  

– Мамандыққа баулу.  

Оқу  жылының  басында  5–11-сынып  оқушыларының  тәрбиелік  деңгейі 

зерттелінген.  8-орыс  сыныбында  мәдениеттік  деңгейінің  көрсеткіші  өте 

төмен, екі бала «Тәуекел тобында» тіркеуде тұрған.  

Осы сыныпта психолог бес жүйелі коррекциялық жұмыс жүргізді, түрлі 

іс-шараларға  қамтылып,  ол  оқушылардың  мінез  –  құлықтары  түзелді. 

«Тәуекел  тобында»  тіркеуде  тұрған  Давальченко  Егор  мен  Никитаның 

үлгерімі артып, екпінділер қатарына қосылды. Олардың екеуі де мектепішілік 

пән олимпиадаларының жүлдегерлері атанды. 

Давальченко Егор қалалық олимпиадаға қазақ тілінен қатысып, ІІІ орын- 

ды иеленді. Жас полиция көмекшілерімен бірге құқық бұзушылықтың алдын 

алу қалалық іс-шараларына белсенді қатысты.  

Сахаба Мейрамхан ұрлық жасап, ІІБ КЖТБ тіркелген болатын, 7-сынып 

оқушысы  оқу  жылы  барысында  себепсіз  сабақ  босатқан  жоқ.  Ол  – 

мектепішілік  пән  олимпиадаларының  жүлдегері,  оқу  озаты,  мектепішілік, 

қалалық  іс-шаралардың  белсенді  қатысушысы,  23.06.2011  ІІБ  тіркеуінен 

үлгілі тәртібі мен жетістіктері үшін шешілді. 

Мамандыққа  баулу  жұмысы  мектебімізде  7-сыныптан  басталады. 

Психологтың  көмегімен  баланың  қай  салаға  бейім  екенін  анықтап,  сол 

саладағы  мамандықтар  туралы  іскерлік  ойындар  мен  тәрбие  сағаттары 

арқылы келешекке дұрыс мақсат қоя біледі.  

«Әділет»  құқықтық  клубы  5–10-сынып  оқушыларының  арасында  өз 

жұмысын нәтижелі атқарып келеді. Клубтың негізгі жұмыс бағыты Қазақстан 

Республикасының  Заңдарымен  жасөспірімдерді  таныстыратын  дәріскерлер 

тобының  «Үгіт  бригадасынан»,  мектептің  адам  құқығын  қорғаушысы 

омбудсман  қызметі  «Тәртіп  сақшысынан»,  жеке  жүргізілетін  «Құқық 

бұзушылықтың  алдын  алудан»,  жүйке  –  жүйесіне  белсенді  әсер  ететін 

заттарды  қолданудың  алдын  алу  жұмысын  кең  ауқымда  жүргізіп, 

оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін салауатты өмір сүруге бағыттауды 

өзектендіруден тұрады. 


417 

 

«Әділет»  клубының  тікелей  басшылығымен  «Жұлдыз»  газеті  ай  сайын 



жарыққа  шығып,  онда  ауыл,  мектеп  өмірінде  өтіп  жатқан  қоғамдық 

мәселелерге, құқықтық талдау жасалынып, салауатты өмір салтын насихаттау 

жұмысы жүйелі жарияланып отырады.  

Қазақстанның  жас  патриоттарын  тәрбиелейтін  1–7-сынып  оқушыла- 

рының  «Азамат»  балалар  ұйымының  мектептегі  тәрбие  моделінде  алатын 

орны ерекше болса, жоғарғы сынып оқушыларының «Жас ұлан» патриоттық 

клубы  ел  мен  жердің  нағыз  иесін  тәрбиелеуге  қызмет  атқарады.  Білім 

алушылардың  азаматтық  белсенділігі  мен  әлеуметтік  жауапкершілігін 

қалыптастыратын  ардагерлерге  жәрдем  беру,  кіші  жастағы  балалармен 

жұмыстар,  балалар  әлеміндегі  игі  істеріне  және  әлеуметтік  жобаларына 

қатысу, спорттық сайыстарға, фестивальдарға, нақты шешімдер қабылдайтын 

пікірталастарға қызығушылықпен, жоғары белсенділікпен қатысады.  

2011  жылдың  ақпан  айында  мектеп  психологымен  бірігіп  «Әлеуметтік-

психологиялық-педагогикалық идеялар фестивалі» атты қалалық іс-тәжірибе 

алмасу семинарын ұйымдастрып, тәжірибемізді шыңдай түстік.  

Жеке  тұлғаның  азаматтық  белсенділігін  қалыптастыруда  қоғамның 

атқаратын  рөлі  өте  айрықша.  Өткен  оқу  жылынан  мектебімізде 

ұйымдастырылған  қоғамдық  қабылдау  бекеті  едәуір  мәселелерді  шешті  деп 

айтуға  болады.  Айта  кеткен  жөн  болар,  біздің  бастамамызды  «Нұр  Отан» 

демократиялық  партиясы  қолдап,  мектептен  тыс  қалалық  «Қоғамдық 

қабылдау»  біздің  мектебімізде  өтілді.  Мектеп  оқушылары,  ата-аналары  мен 

ауыл  тұрғындарының  қордаланған  сұрақтарына  қалалық  «Қоғамдық 

қабылдау»  бекетінде  ауыл  әкімі,  халыққа  қызмет  көрсету  орталығы, 

жұмыспен  қамту  әлеуметтік  орталығы,  әділет  басқармасы,  ІІБ  қызметкері, 

ауыл  дәрігері,  білім  бөлімінің  тәрбие  секторының  меңгерушісі,  мектеп 

директоры,  психолог,  әлеуметтік  педагог,  мектеп  медбикесі  шақырылып,  өз 

мәселелерінің шешімді жауаптарын тапқандар да аз болған жоқ. 

Мектебіміздегі өзекті мәселелердің қаралатын орны: 

– Сынып жетекшілері секциясы; 

– Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі; 

– Директор жанындағы кеңес; 

– Жасөспірімдер құқығын қорғау комиссиясы. 

Оқу жылы барысында дәстүрлі «Бос уақытыңды қалай өткізесің?» атты 

жасырын  сауалнама  алынды.  Нәтижесінде:  11%  үйге  көмектесемін,  44% 

сабақ  қараймын,  23%  аулада,  стадионда  ойнаймын,  22%  теледидар  көріп, 

кітап оқимын деп жауап берді.  

Жүйелі  атқарылған  жұмыстың  нәтижесі  ретінде  келесі  кестені 

ұсынамын: 

 

Оқу жылы 

2008–2009  2009–2010  2010–2011  2011–2012 

ІІБ қылмыс жасағандар 





Тәуекел тобы 





Сәтсіз отбасы 





Алдын алу кеңесі 

12 

11 


12 



418 

 

Оқу жылы 



2008–2009  2009–2010  2010–2011  2011–2012 

ЖҚҚК (КЗПН) 





Ата-аналық құқынан айырылғандар 





Панажайға орналастырылғандар 





Нашақорлар 





Темекі егетіндер 





Спиртті ішімдік ішетіндер 





 

Тәжірибемізбен бөлісе отырып, Мағжан Жұмабаевтың «Бала тәрбиесі  – 



бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. 

Баланы  дұрыс  тәрбиелеу  үшін  әркімнің  өз  тәжірибесі  жетпейді.  Басқа 

адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деген сөзімен қорытындылаймын. 

 

Әдебиет 

1. Әлеуметтік педагог // Бас редакторы Ф.Б. Әбиева. – Алматы. – №1,2,3 2009, 2010, 

2011 жыл. 

2. Мектептегі  сыныптан  тыс  жұмыстар  //  Редактор  Ә.  Ибраимова.  –  Алматы.  – 

№2,3,4 2010 жыл. 

3. Шишковец  Т.А.  Справочник  социального  педагога:  Для  5–11  кл.  –  2  изд.  пере- 

работанное, дополненное. – М.: ВАКО, 2009. 

 

 

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫП



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСКЕ БАУЛУ 

 

А.А. Шарбақбаева 



Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебі 

 

Қазіргі  заман  ағымына  байланысты  оқушылардың  білімге  қызығуын 



арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуды. Сол себепті оқытудың 

әртүрлі  технологиялары  жасалып,  мектеп  тәжірибесіне  енгізілуде.  Педаго- 

гикалық  технология  бойынша  оқушылардың  тіл  мәдениетін  білім,  білік, 

дағды  арқылы  дамыту  керек.  Әр  оқушының  деңгейіне  қарай  бағдарлама 

дайындаң қажет. Ол үшін әртүрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының 

жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың 

ерекшеліктерін  ескере  отырып  беру  керек  –  жаңа  технологияны  жүзеге 

асыруда мұғалім белсенді болуы керек. 

«Сын  тұрғысынан  ойлау»  стратегиясы  бұл  технология  жұмыс  істеу 

барысында  мол  тәжірибе  жинауға  болады.  Әртүрлі  әдіс-тәсілдер  тиімді 

қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа 

әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушының  нені  білетітін,  нені  меңгеретін,  нені 

меңгергенін  білуге  болады.  Соның  нәтижесінде  оларда  намыс  пайда  болып, 

жанындағы  оқушыдан  қалып  қалмау  үшін  сабаққа  дайындалу  ынтасы  арта 

түседі.  Дидакт  –  ғалымдардың  айтуынша,  дәстүрлі  дидактикада  жеті 

кемшілік бар екен: 

1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді. 


419 

 

2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді. 



3. Даму жан-жақты емес, сыңаржақ бағытта жүргізіледі. 

4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді. 

5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар. 

6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді. 

7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана. 

Жүздеген  жылдар  бойы  қалыптасқан  ескі  жүйені  бұзу  үшін  оқытуды 

жаңаша үйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс: 

1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру. 

2. Ұжымдық іс-әрекеті ортақ қарым-қатынас құралы ету. 

3. Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту. 

«Оқу  мен  жазуды  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  технологиясынан, 

стратегияларын  сабақта  қолдану  барысында  көрсеткен  нәтиже:  оқушының 

оқуға  қызығуы  артады,  іскерлік  дағдысы,  ойлау  белсенділігі,  тапқырлығы, 

өзіне  деген  сенімі  қалыптасады.  Сабақ  оқушының  ой-өрісін  дамытып,  жан-

жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға 

көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқу-білімді өз ізденісімен, өз 

білімділігімен  алады,  іскерлік  дағдылары  қалыптасады.  Әрбір  технология 

жаңа  әдіс-тәсілдермен  ерекшеленеді.  Осы  тәсілдерді  мұғалім  іздену  арқылы 

жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге қызығуы артып 

қоймай,  мұғалім  жаңалығы,  ізденісі,  қолданған  әдісі  арқылы  ерекшеленіп, 

оқушы жүрегінен орын алады.  

«Сын  тұрғысынан  ойлау»  жүйесі  оқытуды  жаңаша  ұйымдастырудың 

негізгі  міндеттерін:  қызығушылықты  ояту,  мазмұнды  ашу,  рефлексия  (ой-

толғаныс)  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етіп,  оқушылар  оқу  үрдісін 

басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың 

көлемі  азайып,  ұжымдық  іс  –  әрекет  білім  игеруде  орта  қарым-қатынас 

құралына  айналады,  балалардың  деңгейіне  қарап  сараланып,  ерекшелігіне 

қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды. 

Сын тұрғысына ойлау сабақтарының алғы шарттары: 

1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. 

2. Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау. 

3. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру. 

4. Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау. 

5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау. 

6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау. 

7. Баланың  дүниетанымының  кеңіп,  рухани  өсуіне  әр  сабақта  жағдай 

жасау. 

8. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. 



Оқушыларға: 

1. Мұғалімге  тәуелдіктен  арылып,  өзінің  білім  игеру  қызметін  өздері 

басқаруға; 

2. Білім  қажеттілігі  мен  маңыздылығын  түсініп,  қажетті  іс-әрекетті 

белсене және өз бетінше орындауға; 


420 

 

3. Жеке  ерекшелігі  мен  қабілетіне  сай  тапсырмаларды  өзі  таңдап,  іздеп 



тауып, белсене орындауға; 

4. Білім  мен  мәдени  құндылықтарды  игеру  ісін  топтасып  және 

ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға

5. Құр мәлімет алумен шектелмей, әсерлі сабақтар барысында өз пікірін 

ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргізуге; 

6. Ой-қрісі  ғана  емес,  рухани  және  әлеуметтік  жағынан  өздерін-өздері 

дамытып, тәрбиелеуге көмектесу. 

Мұғалім:  

1. Нақты нәтижеге бағытталған мақсат-міндеттер жүйесін жасау; 

2. Оқушыларды  дербес  танымдық  іс-әрекетке  жұмылдыруға  жағдай 

жасау; 

3. Қойылған  мақсатқа  сай  нәтижеге  жетуге  оқушылар  әрекетін 



ынталандыру, оң экономикалық фон (көңіл-күй) қалыптастыру; 

4. Оқушылармен бірге алынған нәтижелерді сараптау жұмысын жүргізу. 

«Сын  тұрғысынан  ойлау»  стратегияларын  падалана  отырып,  шығарма- 

шылық ізденіске баулу сабағымыздан мысал келтіре кетейік. 

Сынып: 8 

Тақырыбы: «Сарыарқа»  

Мақсаты: 

а) оқушылардың  өткен  білімдерін  еске  түсіре  отырып,  жаңа  сабақты 

салыстырмалы түрде меңгерту; 

ә) Сарыарқа  физгеографиялық  аймағының  табиғи  ерекшеліктерін 

оқушылармен бірлесе, қосымша мәліметтерді пайдалана отырап талдау; 

б) оқушыларды  шығармашылық  ізденіске,  туған  өлке  табиғатын 

қастерлей білуге, ойларын тиянақты талдап жеткізе білуге тәрбиелеу. 

Көрнекілігі:  Қазақстанның  физикалық  картасы,  атлас,  фотосуреттер, 

видеоматериалдар,  қосымша  әдебиеттер,  шығармашылық  жұмыстар.  Ақын-

жазушылар шығармалары. 

Номенклатура:  Ұсақ  шоры,  Ақсораң,  Қызыларай,  1939  жылғы  Нью-

Йорк,  «екінші  Швейцария»,  «Жұмбақтас,  Жеке  батыр,  Оқжетпес,  Бурабай, 

Ертіс – Қарағанды, т.б.» 

Әдіс  –  түрі:  Дәстүрлі  емес.  Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегияларын 

пайдалана отырып, шығармашылақ ізденіске баулу. 

І. Ұйымдастыру бөлімі. 

ІІ. Қызығушылықты ояту. 

Ауызша сұрақтар: 

1) Солтүстік  Қазақ  жазығының  негізгі  атауы  қандай  және  не  себепті 

аталған? 

2) Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері қандай? 

3) Қандай табиғат зонасында орналасқан? 

4) Топырағы қандай, шаруашылықтың қай түріне қолайлы? 

5) Қандай экологиялық проблемалары бар

Тест. 


421 

 

Топтастыру: Жазық, Аласа тау, Биік тау ... 



Аласа тау – Мұғалжар, Үстірт, Сарыарқа ... 

Күйтабақтан «Сарыарқа» күйін тыңдау. 

ІІІ. Мағынаны тану 

Куәгерлер әңгімесі. Интернет арқылы «Сарыарқа» жеріне саяхатқа барып 

келген  оқушылардың  суреттеп  баяндауы.  Фото,  бейнематериалдарды 

пайдаландық. 

Оқулықпен, қосымша әдебиеттермен жұмыс. 

Жигсо әдісімен топқа бөліне талдау. 

1-топ: Географтар – географиялық орны, геологиялық құрылысы. 

2-топ: Геоморфологтар – жер бедері, пайдалы қазбалары. 

3-топ: Климатологтар, гидрологтар – климаты, өзен – көлдері. 

4-топ: Биологтар – табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары. 

5-топ:  Экологтар  мен  шаруашылық  министрі  –  шаруашылық  маңызы 

мен қорғалатын аймақтары. 

Дәптермен, атласпен жұмыс. 



Автор  орындығы.  Қосымша  суреттерді  пайдалана  отырып,  жалпы 

сыныпқа талдау жұмысы. 

Сурреттер:  Ұлытау,  Биші  қайыңдар,  Қарқаралы  тауы.  Тас  құрбақа 

көрінісі, Шыңғыстау. 

Сауал менен, жауап сізден ... 

1. Неліктен Сарыарқаны «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп атайды? 

2. Неге Көкшетау «екінші Швейцария» атанған? 

Қосымша мәліметтер: 

– Көлемі 1 млн. шқ

2

 

– Сарыарқа сөзіне түсінік беру. 

– 1939 жылы Нью-Йоркте өткен халықаралық көрмеде Бурабай жүлделі 

орынға ие болған. 

– Ертіс-Қарағанды каналы 1962-1974 жылдар аралығында салынған. 

ІV. Толғаныс. 

1. Ақындар  арнауын  талдау,  өлеңдер  бойынша  табиғат  әсемдігін 

сипаттау. 

2. Жұмбақ  сөз  шешу.  Тақырыпқа  қатысты  сөздердің  әріптеріндегі 

орындарын ауыстыру арқылы жасырын сөзді табу: АРАЛ, ҚАР ЫҚ, ОР САҚ 

АҢ, КЕШ ӨК УАТ. 

3. Болмасаң  да  ұқсап  бақ  ...  табиғат  сұлулығын  баяндайтын  бір  шумақ 

өлең құрастыру. 

V. Қорытынды: «Ой толғаныс» 

Сабақты қорыту кезеңінде «Сарыарқа» тақырыбына төмендегідей сызба 

арқылы жинақтауға болады 

 

Сарыарқа 



422 

 

VІ. Бағалау парағы 



VІІ. Үйге тапсырма. 

1. §43 оқу. 

2. Шығармашылық  тапсырма:  Сарыарқа  сұлулығын  баяндайтын  эссе 

жазу. 


3. «Шың» кітабынан 111-бетті оқу. 

4. Кескін картаға жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру. 

Нағыз  өз  ісінің  шебері  ғана  жоғары  жетістіктерге  ие  бола  алады.  Ал 

білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, 

оларды  білімге  қызықтыру-біздің  міндетіміз.  Білім  беру  кезінде  бала  білім 

алады,  сана  сезімі  өседі,  жақсы  әдет-ғұрыпқа,  мәдениетке,  әдептілікке, 

үлкен –  кішіні  сыйлауға  үйренеді.  Сабақтың  қызық  өтуіне  көптеген 

факторлар  әсер  етеді.  Ең  қажеттісі  –  мұғалімнің  әдіскерлік  шеберлігі.  Сол 

үшін мұғалімге қажет үлкен қасиет-өз ісін сүюі және балаларды сүюі. 

 

Әдебиет 

1. Қазақстан мектебі 6/2009. 

2. «Дауыс  пен  көрініс»  Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлау  туралы  ұлттық 

журнал №1 «5» 2001, №2/2002. 

3. «География және табиғат» Ғылыми педагогикалық журнал 6/20. 

 

 

ТАНЫМДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛИЫҚ 



 

С.Б. Шаяхметова 

№12 жалпы білім беретін орта мектеп, Семей қаласы 

 

Ерте  заманнан  –  ақ  адам  өзін  қоршаған  дүниенің  заңдылықтарын  және 



өзін-өзі, өзінің табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. 

Адам өмірі қоршаған ортада өтетіндіктен, сол қоршаған ортаның ішкі сырын 

білуді  ғасырлар  бойы  арман  еткен.  Оның  сан  алуан  сырларын  балаларға 

ұғындыру, таныстыру мәселесі ерте заманның өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер 

назарында болған.  

Айналадағы  заттар  мен  құбылыстар  жөніндегі  деректер  жиынтығы 

әдетте  білім  деп  аталады.  Білімді  саналы  және  берік  меңгеріп  алуға 

бағытталған балалар психикасының белсенді әрекетін туғызатын мұғалімнің 

әдістері мен тәсілдері оны дамытып, жетілдіре түседі. Сондықтан мұғалімнің 

сабақ  үстінде  алға  қоятын  басты  міндеттерінің  бірі  баланың  зейінін  тудыру 

және оны ұйымдастыру болып табылады.  

Оқыту  үрдісінде  балалардың  сыртқы  дүние  нәрселері  мен 

құбылыстарын  саналы  түрде  қабылдауының  нәтижесінде  балалардың 

сезгіштігі  күшейіп,  түйсігі  дамиды.  Оқушылардың  оқу  материалын 

қабылдауын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім оқыту үрдісінде көрнекілікті 

кеңінен  пайдалануы  керек.  Ал  ойлауды  дамыту  міндетін  алға  қоюдың  және 

оны  шешудің  әртүрлі  жолдары  болады.  Бұған  алдымен  салыстыру,  ажырату 


423 

 

және жалпылау  тәсілдері  жатады.  Негізінен  қоршаған  дүниені білу  танымға 



байланысты.  

Таным  –  адам  санасын  дамытудың  негізгі  және  ол  арқылы  адам  өзін 

қоршаған  ортаны  игеруге  де  үйренеді.  «Таным»  –  философиялық  ұғым: 

«айналадағы материалдықтың адам санасында бейнеленуі». Қоршаған дүние 

обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары 

санада  бейнеленеді.  Көру,  сезіну,  түйсіну  арқылы  сезім  мүшелерімізге 

материалдық  заттар  әсер  етеді  де,  біз  оларды  қабылдаймыз.  Қабылдаған 

дүниені  танып  білеміз.  Сезім  арқылы  таныған  дүниені  ғылыми  біліммен 

байланыстырғанда  ғана  білім  қалыптасады.  Қабылдау  барысында  сыртқы 

сезім  мен  ішкі  сезімдер  біріге  отырып,  танымды  нақтылай  түседі.  Таным 

арқылы  заттар  мен  құбылыстардың  басты  белгілері  ұқсастықтары  мен 

айырмашылықтары  жайындағы  бейнелі  қабылдау  нәтижесінде  ұғым  туады. 

«Таным... өмірлік қызмет барысында іске асады». 

Р. Қоянбаевтың  «Қысқаша  педагогикалық  сөздік»  кітабында  танымға 

былай  деп  түсінік  береді:  «Таным»  обьективті  шындықты  адамның  ойында 

бейнелейтін  және  қайта  жаңғыртатын  қоғамдық  іс-әрекеті.  Ол  заттардың 

пәніне  дәлірек  жетудегі  күрделі  және  қарама-қайшылықты  процесс  барысы 

негізінде қаралады.  

Танымның негізгі және білімнің ақиқаттығының шарты – тәжірибелік іс-

әрекет.  Сол  себепті  де  оқушылардың  оқу  іс-әрекеті  танымдық  іс-әрекет 

ретінде  жүзеге  асады,  себебі,  оның  оқу-әректінің  нәтижесі  оның  таным 

өрісінің  жаңа  шеңберіне  алып  келеді,  ол  үшін  жаңа  білім,  білік  пен 

дағдылардың көзі ашылады.  

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға 

қоғам  өзінің  ғасырлар  бойы  жиналған  асыл  мұрасын,  дағды  –  тәжірибесін 

береді.  Қоршаған  заттар  мен  құбылыстар  жайында  білім  алып,  оны  нақты 

қабылдау барысында оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен 

затты  не  құбылысты  көру  әрекеті  арқылы  түрін,  түсін,  пішінін,  көлемін 

анықтаса,  ұстап  сезіну  арқылы  оның  күйін,  қатты-жұмсақтығын  және  басқа 

да  сапасын  айқындайды,  ал  құбылысты  бақылау  іс-әрекеттері  негізінде  ой 

қорытып,  заттарды  салыстырып,  айырмашылығы  мен  ұқсастығын  табу 

нәтижесінде оларда ғылыми ұғымның негізі қаланады.  

Оқыту-қоғамдық  құбылыс.  Оның  міндеттері  мен  мақсаттары  мен 

мазмұны қоғам қажеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан тәрбие 

берудің басты құралы болып табылатын оқыту үрдісінде балалардың ғылыми 

дүниетанымын  қалыптастыру,  олардың  рухани  дамуын  жетілдіру 

мұғалімдердің басты міндеттеріне кіреді.  

Баланың оқуы-жалпы адамның дүнитану үрдісінің өзгеше бір формасы. 

Дүниетану  заңдары  барлық  адамдарға  бірдей  ортақ  болады.  Адамның 

дүниетану  әрекеті  бірыңғай,  бір  сатылы  емес,  диалектикалық  сипатта 

болатындығын және оның белсенді әрекет екенін есте сақтау керек. Өйткені 

оқушының  таным  әрекеті  мұғалімнің  басшылығымен  іске  асырылып 

отырады.  


424 

 

Оқыту үрдісінде оқушылардың білімге деген қызығуын қалыптастыру – 



өте  маңызды  мәселе.  Ал  оқыту  қалай  болса,  солай  жүрмейді,  ұйымдасқан 

түрде  жүзеге  асырылады.  Сондықтан  оқыту  мазмұнының  өзіне  тән  әдістері, 

ұйымдастыру формалары мен нәтижесі болады. Ол жастарға білім беру мен 

дағдыны  меңгеруді  көздейді.  Оқушы  білім  алу  үшін  оқу  үрдісінде  өзінің 

танымдық  қабілеттерін  арттырады.  Кейбір  авторлар  оқытуға  анықтама 

бергенде,  оны  оқушының  ойлау  әрекетін  басқару  деп  қарайды.  Мұндай 

анықтама  да  дұрыс  сияқты,  бірақ  оқушының  танымдық  әрекеттері  ішінде 

ойлау әрекеті де жетекші рөл атқарады. Дегенмен, бұл көзқарас толықтыруды 

қажет  етеді.  Өйткені  оқушының  танымдық  әрекеті  тек  ойлаумен  ғана 

шектелмейді.  Оқыту  баладан  ойлау  әрекетімен  қатар  басқа  да  психикалық 

үрдістерді: сезімдер мен эмоцияларын, мотивтер мен қызығушылығын, жігері 

мен қабілеттерін, т.б. жеке бастық қасиеттерін керек етеді.  

Оқу  ойынға  қарағанда  күрделі  болғандықтан,  балалардың  кейбіреу- 

лерінің  оқуға  ықыласы  бола  бермейді.  Оларды  оқуға  үгіттеу  арқылы  тарту 

қиын.  Сондықтан  оқуға  деген  ықыласты  тудыру  үшін  тапсырмаларды 

орындата отырып, осыдан нәтиже шыққанда ғана мадақтау керек.  

Орындалған тапсырма үшін қуану кейінгі тапсырманы орындауға түрткі 

болады.  Әдетте,  ықыластың  тікелей  және  жанама  түрі  бар.  Тікелей  ықылас 

оқушының сондай нәрсеге қызығуынан туады. Ал жанама ықылас сол нәрсе 

қызық  болса  да,  жалпы  сабақ  үлгерімін  жақсартқысы  келгендіктен  болады. 

Ықыластың соңғы түрі бастауыш сынып оқушыларының өмірінде негізгі рөл 

атқаруы тиіс.  

Кіші  жастағы  оқушылар  көпке  дейін  тапсырманы  қалай  орындаудың 

тәсілін жақсы білмейді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы 

келіп тұрады. Солай болу олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, 

оқуға әлі төселмегендіктен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйртпегендігінен 

кездеседі.  

Бастауыш  мектепке  тапсырма  балаларға  мынадай  екі  түрлі  жолмен 

беріледі:  біріншіден,  берілген  тапсырманы  орындау  үшін  жауапты  бала 

өздігінен  іздестіреді;  екіншіден,  тапсырма  жауап  іздестіру  ретінде 

берілмейді.  Оны  орындау  үшін  соның  үлгісі  беріледі.  Мысалы,  тақпақты 

жаттау үшін оның мәтіні беріледі. Оған өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді.  

Сондықтан мәтінге ғана сүйене отырып, бала оны жаттап алады.  

Ал  тапсырманың  соңғы  түрі  өте  сирек  кездеседі.  Баланың  оқу  әрекеті 

деп тапсырманы орындаудың бірінші түрін және өзекті мәселелерді орындай 

білуді айтады. Бұл үшін оқушы алдын ала дайындық жұмысының өтуі тиіс. 

Егер  бала  тиісті  дайындық  кезеңдерінен  өтпей,  оның  бір  немесе  бірнеше 

тізбегін орындауға үйренбей, тастап кетсе, тапсырманы орындай алуы мүмкін 

емес.  Бұл  жерде  оқу  жағдаяты  деп  отырғаны  күрделі  жұмбақ  мәселелерді 

шешу үшін осыған орай жағдайды еске алу керек деген мағынаны білдіреді.  

Ал оқу әректінің келесі бір бөлшегі тиісті бір мағлұматтарды пайдалана 

отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Оны оқыту әрекеті дейді. Міне, 



425 

 

сол  сияқты  жеке  әрекеттер  орындалған  соң,  олардың  қалай  орындалғанын 



баланың өзі тексере білуі шарт.  

Егер  орындалғаны  дұрыс  болып  келсе,  бала  келесі  тапсырманы 

орындауға  көшеді.  Қате  болса,  соны  қайтадан  орындауға  көшеді,  мұны 

«қайта оралу хабары» деп атайды.  

Мұғалім  тек  қана  баға  қояды.  Оқу  әрекетінің  бұл  құрамы  бастауыш 

мектеп балаларының жұмысында жиі кездеседі.  

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңын  жүзеге  асыруға 

арналған  тұжырымдамада  «Қоғамымыздың  ірге  тасын  нығайту  үшін  ең 

алдымен  адамгершілік,  ізгілік,  имандылық  тәрбиесін  көркейту  керек» 

делінген. Балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-

сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам-мұғалім. Ал жаңа 

заманның тарихын жазатын, әділ бағасын беретін, толықтыратын бүгінгі жас 

ұрпақ.  

Сондықтан да елімізде жүріп жатқан өзгерістердің мәнін әділ пайымдау 

бәрінен  бұрын  жастарды  тәрбиелеп  жатқан  біздерге,  мұғалімдерге  үлкен 

жауапкершіліктер керек.  

Тәрбие мен білім – егіз. Білімсіз тәрбие берілмейді. Олай болса сапалы 

білім  беру  үшін  саналы  тәрбие  керек.  Халыққа  білім  беру  мәселелеріне 

байланысты шағын кешенді мектептердегі оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын 

дұрыс жолға қою – әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. Шерхан 

Мұртаза: «Ғылымы, білімі құнсыз ел еш уақытта алға жылжи алмайды» деп 

оқу  орындары  мен  мектеп  арасындағы  байланысты  күшейте  отырып, 

оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беру мәселесін шешсек, Қазақстан-

2030 барысын тәрбиелеуге болатынына ешкім күмін келтіре алмайды. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет