Ауыл шаруашылығы. Қолайлы табиғат жағдайлары субтропиктік және тропиктік белдеулерде ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді игеріп ауыл
шаруашылығының көптеген түрлерінен жылына екі—үш рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде Перудің өңделетін жерлерінің ½ бөлігі, Мексиканың 25%, Чилидің 23%, Эквадордың 16% суармалы. Аталған елдерде суды егін суаруға қолдану біршама күрделі қаржы бөлуді қажет етеді .
Қазіргі кезеңде аймақтағы капиталистік аграрлық қатынастар дамығанына қарамастан отарлауға дейінгі ірі жер иеленуші латифундистік және минифундилік қатынастар әлі де басым. Бразилияда басқа мемлекеттер сияқты қолданбаған жерлерді игеруде. Жақсы өнім алу үшін агротехникалық шаралар қолданылады. Плантацияларда негізінен кофе, какао, банан тағыда басқа дақылдар өсіріледі. Латын Америкасындағы өсімдік шаруашылығы өнімінің 2/3 бөлігі басқа мемлекеттерге экспортталады. Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау Латын Америкасының экономикасының дамуына әсер етеді.
Қант құрағы – ауыл шаруашылық дақылдардың ішінде ең көп тараған. Оның мемлекеттің барлық аймақтарда кең тараған қанты құрағының егіс көлемі мен өндірілетін өнім мөлшері жағынан Бразилия дүниежүзінде бірінші, ал Куба екінші орын алады. 1999 жылы Бразилияда 339 млн тонна қант құрағы жиналды. Қант құрағы сонымен қатар негізінен Мексикада өсіріледі. Орталық Америка елдерінде өсірілген қант құрағы көп мөлшерде Европа нарқына экспортталады.
Кофе негізінен тропикалық Америкада өндіріледі. Ол негізінен жылу мен ылғалды қажет етеді. Негізінен әлемдік нарықта Колумбия және Орталық Америка кофе ағаштары маңызды орын алады. Бразилияның кофе өндіретін плантациялары Сан-Паулу, Парана штатында орналасқан. Сонғы 20 жылда бұл жерлерде өнім өндіру мөлшері төмендеді. Қазіргі кезде кофе Бразилияның Минос – Жераис штатында дамып келеді [19].
Астық шаруашылығы – бұл негізінен шетел инвестицясы әрекетін пайда болған, ал оның шығыны негізінен ішкі рынокта байқалады. Ұлттық егін шаруашылығына қарағанда бұл түр ішкі және сыртқы бағаға көңіл аударады. Шығаратын өнімдерінің ішінде күріш пен бидайға көңіл аударады.. Сол сияқты жүгерімен мен арпаны Бразилияда, Мексикада, Аргентинада соя өсіру тез қарқынмен дамуда. Таулы аймақтарда орналасқан қалаларда шаруашылықтың түрлерінде гүл өсіру, жеміс – жидек өндіреді. Кейде АҚШ – қа жақын орналасқан қалалардың рыноктарында жұмыс істейді.