Кенсіз пайдалықазбалар ішінде минералды тыңайтқыштар өндіретін шикізат қорларының маңызы зор. Фосфориттер мен апатиттер ─ бағалы фосфор құрамды шикізат. Фосфориттіңәлемдегі ірі қоры негізінен Африканың солтүстік-батысында шоғырланған. Қоры жөнінен алғашқы орынды Марокко (Юсуфия кен орны), одан кейінгі орындарда Ресей, АҚШ, Қытай елдері топтастырылған. Шикізаттың бұл түрі сонымен қатар: Қазақстан (Қаратау), Батыс Сахара, Алжир, Тунис, Сенегал және Иордания мен Израильде кездеседі. Апатиттің Ресейде (Хибин) мол қоры шоғырланған. Калий тұздары негізінен Канада, АҚШ, Ресей, Беларусь, Украина, Франция, Германияда өндіріледі. Басқа да кенсіз қазба байлықтарына ─ ас тұзы, асбест, кварц, құрылыс материалдары, бағалы тастар түрлері т.б. жатады.
4.3. Дүниежүзінің энергетикалық ресурстары Бастапқы (энергетикалық) байлықтарға көмір, жанғыш тақтатас, шымтезек су энергиясы мен атом энергиясымен ядролық ХХ ғасырдың басына дейін ағаш энергетикалық байлық саналып келді содан кейін оны біртіндеп көмір алмастырды.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап оны мұнаймен табиғи газ, атом энергисы алмастырды. Қазіргі кезде әр 14-15 жыл сайын энергияны тұтыну мөлшері екі есе артуда.
Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің соңғы МИРЭС деректеріне сәйкес жер қойнауынан өндірілетін органикалық отынның дәлелденген (барланған) қоры 1220 млрд.т. Органикалық отынның қорының 60% таскөмір, 27% мұнаймен табиғи газ, қалғанын тақтатас, қоңыркөмір, шымтезек пен ағаш құрайды. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде өндірілетін бүкіл отынның 30% таскөмір, 67% мұнаймен газ, 3% ядролық отын мен энергияның балама көздері құрады.
1990 жылдардың соңында дүниежүзіндегі мұнайдың барланған қоры 130-140 млрд немесе 200 млрд.т. шартты отынды, табиғи газ 140 трлн м3 немесе 150 млрд. т. шартты отынды құрады. Дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 77% жалпы қорының 41% ОПЕК-ке мүше елдердің үлесіне тиеді. 1960 жылы дүниежүзінде өндірілген мұнайдың көлемі 1053 млн т. табиғи газдың көлемі 454 млрд. м3 болса 2014 жылы мұнайдың анықталған қоры 238,2 млрд.т., таскөмірдікі 891,5 млрд т., табиғи газдыкі 185,7трлн м3 құрады ол көрсеткіш 3400 млн.т., 2420 млрд. м3 құрады. 2000 жылғы мұнайдың дәлелденген қоры мүмкіндігі бар мұнай қоры 45 жылға жетеді. Негізгі экспорттаушы елдер Сауд Аравиясындағы мұнай қоры шамамен 90, Кувейдтікі 140, Ирандікі 70 жылдан кейін таусылады. 1990 жылдардың ортасындағы дүниежүзілік энергетикалық кеңестің бағалауы бойынша (МИРЭС) таскөмір мен қоңыр көмірдің өндіруге мүмкіндігі бар қоры 4850 млрд.т. шартты отынды құрайды.
Көмірдің барлық түрлерінің қоры жөнінен шетелдердің ішінде АҚШ, Ресей, ҚХР, ОАР, Австралия, ГФР, Үндістан жетекші орын алады. Алуға мүмкіндігі бар таскөмірдің 30% АҚШ-та, (1/4), ТМД елдерінің аумағында (1/5) астамы ҚХР (1/5) және ОАР шоғырланған.
Дүниежүзіндегі уранның қоры 2,4 млн. т. барлық жұмыс істеп тұрған ядролық энергетикалық реакторлар жылына 58 мың тонна байытылған уранды тұтынады. Уранның қазіргі қоры 40 жылға жетеді. АЭС ядролық отын ретінде уран мен плутонды қайта байытып қолдану мүмкіндігінде ескеру қажетті.
Дәстүрлі емес энергия көздері (жел, күн, толысу, қайту күшінің, мұхит ағыстарының және жердің ішкі энергиясы) пайдаланудың маңызы зор.Энергетикалық байлықтарды пайдалану өркениеттің дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.