5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет36/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117
Газ өнеркәсібі. Табиғи газ өндіру өткен ғасырдың екінші жартысында ғана дамыды. Казіргі уақытта кемел дамыған елдердің отын-энергетика балансыныі іш-інде газ бен көмірдің үлестері шамамен бірдей. Ресей мен АҚШ-қа өндірілетін дүниежүзілік газ көлемінің шамамен жартысы келеді. Өзге елдер бұлардан анағұрлым артта (Канада, Нидерланды.т.б.)
Газ ішкі сондай-ақ халықаралық магистралдық газ құбырлары жүйесі арқылы тасылады. Ресей газының дені өндірілетін Батыс Сібірден ол Ресейдің еуропалық бөлігіне, Украйнаға ,Беларусьқа, Шығыс және Батыс Еуропаға тасылады.
АҚШ-та газ құбырлары желісінің негізгі бағыты Оңтүстіктен Солтүстік Шығысқа қарай. Нидерландыдан газ Батыс Еуропаның басқа елдеріне жіберіледі. Кейбір газ құбырлары теңіз түбі арқылы төселген: Солтүстік теңіз қайраңы кен орындарынан Ұлыбританияға, Норвегияға, ГФР-ге ,Алжирден Сицилия аралына тартылған.
Газ тасмалдаудың енді бір әдісі оны сұйық күйінде газ тасушы арнайы кемелермен тасу болып отыр. Ол экспорт порттарында газды сұйылтатын және импорт порттарында оны қайтадан калыпты газға айналдыратын қымбат қондырғылар салуды талап етеді. Осы себепті газды осылай теңізбен тасйтын тұрақты «тізбектер» (Таяу Шығыс-Жапония, Австралия-Жапония) қалыптастырылуда (9.3-сурет).

9.3-сурет. Дүние жүзінде табиғи газ өндіретін және тұтынатын басты аудандарының карта-сызбасы

Газды ең көп экспорттайтын ел-Ресей, одан соң Нидерланды, Канада (АҚШ-қа экспорт) және Норвегия келеді. Газды негізгі импорттаушы ел-Жапония.Газды құрлық аралық тасмалдау қиын болғандықтан, өндірілетін газдың 85 пайызы өндіруші елдерде тұтынылады. Осы жағдай Таяу Шығыс елдерінің даму мүмкіндігін шектеп отыр, ал дүние жүзіндегі газ қорының үштен біріне жуығы осы елдерде (9.11-кесте).


Табиғи газең арзан және экологиялық таза отын. Негізгі газ өндіруші елдер болып Еуропа мен Солтүстік Америка саналады
Табиғи газды өндіруден жетекші елдер: Ресей, АҚШ, Канада, Катар, Иран, Норвегия, ҚХР, Сауд Арабиясы, Индонезия, Нидерланды. Құрлықта газ өндіруден жетекші елдер – бұл Сауд Арабиясындағы Аль-Гавар, теңізде (шығанақ) – Солтүстік күмбез, Оңтүстік Парсы – Катар (Солтүстік күмбез), Иран (Оңтүстік Парсы). Әлемдік нарыққа барлық өндірілген газдың 20%-ы түседі. Газды экспорттаудан жетекші елдер:Ресей → Еуропа елдері, ТМД;Канада, Мексика → АҚШ;Нидерланды, Норвегия → Батыс Еуропа;Алжир → Батыс Еуропа, АҚШ;Индонезия, Таяу Шығыс елдері, Аустралия → Жапония (9.3-сурет)..

9.11-кесте. Табиғи газ өндіруден дүние жүзі бойынша көш басшы елдер (1950–2010жж.), млрд. м3







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет