Тау-кен өнеркәсібі. Дүниежүзілік шаруашылықты минералды шикізаттармен қамтамасыз ету ең алдымен осы салаға байланысты. Ол көптеген елдерде дамыған, алайда оның өнімінің 2/3-сін ТМД елдері, АҚШ, Қытай, Канада, Австралия, Оңтүстік Африка Республикасы өндіреді.
70-жылдардың ортасына дейін дамушы елдер Батыстың экономикасы дамыған елдері үшін негізгі миниралдық шикізат берушілер болды. Алайда шикізат дағдарысының шабуылынан кейін Батыстан минералды шикізат шаруашылығының бүкіл айқындамасы түбірімен қайта қаралады. Ол шикізатты үнемдеуге және негізінен өз байлықтарын пайдалануға бағдарланады. Осының нәтижесінде Канаданың, Австралия мен Оңтүстік Африка Республикасының рөль артты.
Канада – уран, никель, мырыш және қорғасын, темір кенін, молибден, алтын және күміс, титан, калий тұздарын, асбест, күкірт өндіретін және сыртқа шығаратын дүние жүзіндегі жетекші ел. Австралия – темір кенін, титан, боксит, уран, қорғасын және мырыш, никель, алтын, соңғы жылдары алмас өндіретін және сыртқы шығаратын жетекші ел. Оңтүстік Африка Республикасы – платиндтар, алтын, марганец, хромит, ванадий, алмас, уран, асбест өндіріп, сыртқа шығаратын дүние жүзіндегі жетекші ел.
Солай бола тұрса да, қазіргі кезде дүниежүзілік тау – кен өнеркәсібінде дамушы елдердің рөль өте үлкен болып отыр. Азия елдерінен мұның ең алдымен Үндістанға, Малайзияға, Индонезияға, Сауда Арбиясына, Африка елдерінен – Заирге, Замбияға, Мароккоға, Нигерияға, Зимбабвеге, Ботсванаға қатысы бар. Латын Америкасы елдерінен-Бразилияны, Чилиді, Мексиканы, Венесуэланы атауға болды.
ҒТР қорлардың концентрациясына, алаптар мен кен орындарының ЭГЖ-сына, ашық әдіспен өндіру мүмкіндіктеріне көтеріңкі талаптар қойды. Бірақ мұнда ашық әдіспен өндірудің айналадағы ортаға тигізетін теріс әсерін де ескеру керек.
Өңдеуші өнеркәсіп.
Ұқстаушы өнеркәсіп салаларына металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ағаш өңдеу, цемент, жеңіл, тамақ өнеркәсібі және басқа да көптеген салалар жатады. Бұлардың негізгі түрлерін қарастырайық.
Металлургия(грек.metallurgeo- металл өңдеймін) – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Металлургия өңдеуші өнеркәсіптің бұл саласы күрделі технологиялық сатылардан: кен өндіру, бастапқы металды бөліп алу, алынған металдың сапасын жақсарту және т.б. тұрады. Қара металлургия өндірістің басқа салаларымен (тау-кен, көмір, энергетика, түсті металлургия, химия) тығыз байланысты. Бұл белгілі дәрежеде оның орналасуына да ықпал етеді. Қазіргі кезде қара металлургия кәсіпорындары: кокстелетін көмір алаптарына; темір кен орындарына; теңіз порттарына жақын орналасуымен ерекшеленеді.
АҚШ, Ресейдегі, Қытай мен Украинадағы, Германиядағы байырғы металлургия орталықтары алғашқы фактордың ықпалымен қалыптасқан. Шойын қорытудағы негізгі отын – таскөмірден алынатын металлургиялық кокстың дүниежүзінде өндірілу көлемі 350 млн т-дан асады. Кокстелетін көмір қоры шектеулі, қазіргі кезде оны өндіруден Қытай алдыңғы орында. Бұрын-соңды темір кеніне бай аудандардың барлығында да қара металлургия дамыған сала болып табылады. Соңғы жылдары дамушы елдердің салыстырмалы түрде арзан, құрамындағы темір үлесі 60%-ға жететін "бай" кендері айрықша сұранысқа ие болып отыр. Қазіргі кезде байырғы кен орындарының қоры таусылуға жақын, оның басты шоғырлану ауданы Шығыс Еуропа болып отыр.
2013 жылы дүниежүзі бойынша жылына 2,950 млрд т темір кені өндіріледі. Темір кенін сыртқа шығаруда оның қоры мол Бразилия мен Аустралия, Қытай менҮндістан айрықша көзге түседі. Дүниежүзінде жылына шамамен 800 млн т болат балқытылады, оның 80%-ы дамыған елдер үлесіне тиесілі. Темір кені мен кокстелетін көмірді сырттан сатып алатын Жапония болат өндіруден дүниежүзінде жетекші орын алады. Тайвань мен Корея Республикасының металлургия өнеркәсібі де импорттық шикізатқа негізделген. Бұл елдердегі металлургия орталықтары жағалауда шоғырланған.