Қара металлургия. Темір кеннін өндіру.1980 жылдың өзінде дүние жүзінде сату салмағындағы өндірілген темір кені жылына 1 млрд т асты. Ол ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-да, КСРО-да, Францияда, Швецияда. өндірілгенннен бірнеше есе асады.
Бүгінгі таңда негізгі темір кенін өндіруші елдерге Қытай, Аустралия, Бразилия жатады. Дүние жүзілік нарыққа шығарылатын темір кенінің 2/3 бөлігі Аустралия мен, Бразилияның үлесіне тиеді. Қазіргі кезеңде Қытайда темір кенін өндіру көлемі артуда. Аталған елде 2002 ж. — 231 млн т; 2003 ж. — 261; 2005 ж. — 426; 2007 ж. — 707; 2010 — 900 млн т темір кені өндірілді. (50-кесте)
50-кесте.Дүние жүзінің ірі аймақтарының темір кенін өндірудегі үлесі, %
Аймақтар
|
1950 ж
|
1970 ж
|
1990ж
|
2010ж
|
Батыс Еуропа
|
33,0
|
18,9
|
4,3
|
1,3
|
КСРО/ТМД
|
15,7
|
27,5
|
23,5
|
8,0
|
Солтүстік Америка
|
41,0
|
20,2
|
11,0
|
4,0
|
Орталық және Оңтүстік Америка
|
2,8
|
9,6
|
22,4
|
16,6
|
Азия
|
2,1
|
9,1
|
22,5
|
49,9
|
Африка
|
4,5
|
6,8
|
4,8
|
2,9
|
Аустралия және Мұхит аралдары
|
1,0
|
8,0
|
11,5
|
17,4
|
Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін бұл шикізат түрін өндіруден Батыс Еуропа елдері
көшбасшы болып дүние жүзіңнде өндірілетін темір кенінің: 1913 ж.-55%, 1938 ж-40% өндірді. Ол кездегі Солтүстік Американың темір кенін өндірудегі үлесі сәйкесінше 35 және 20% құрады. Соғыстан кейінгі кезеңде өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде сарқылуына байланысты жетіспеушілік туындады. Алыстан тасмалдаудың қымбаттығы жаңа кен орындарын игеруді ынталандырды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін дамушы елдерде темір кенін өндіру біршама артты 1950 жылы Солтүстік Америкада дүние жүзінде өндірілетін темір кенінің 40%, Батыс Еуропада 33% өндірілді. Қазір Азияда дүние жүзіндегі темір кенінің 50% жуығын береді
Достарыңызбен бөлісу: |