5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Қызмет көрсету алмасуының нышаның бірі халықаралық туризм болып табылады



бет71/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Қызмет көрсету алмасуының нышаның бірі халықаралық туризм болып табылады. Демалу сипатын ақындайтын уәжіне сәйкес туризм төменде көрсетілген топтарға жіктеледі:

  • емделу, денсаулықты жақсарту және дәрігердің бақылауында ем алу мақсатын көздейтін емдік-шипажайлық сапарлар;жабайы табиғатпен танысу мақсатындағы экологиялық туризм;

  • елдің халықтың тарихымен, мәдениетімен және халқымен танысуды көздейтін тарихи-мәдени туризм (ғылыми-танымдық туризм);

  • қасиетті орындарға барып, діни жоралғыларды жасуды көздейтін зиараттық және діни туризм, ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен, тұрмысымен танысуды көздейтін этникалық туризм;

  • денсаулықты нығайтуды, спорттық жетістіктерді ынталандыруды көздейтін спорттық туризм; қауіп-қатер мен қиындықтардан өту мақсатын көздейтін оқиғалық және экстремалдық туризм; мерекелік думандарға қызығушылықтан туындайтын фестивальдық туризм;

  • іскерлік немесе бизнес-туризм, шопинг-туризм және т.б.

Қазіргі кезеңде коммерциялық туризм жақсы дамып келеді. Қозғалу тәсілдеріне қарай автомобильдік, теміржолдық, теңіздік, авиациялық, өзен туризмі болып бөлінеді. Халықаралық туризмде автомобиль (жеңіл автомобильдер мен автобустар) және авиация туризмі ең басты рөл атқарады. Соңғы жылдары теңіз кемелерімен саяхаттау (круиз) туризмі (Жерорта теңізінде, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Кариб теңізінде саяхаттау) жедел дами бастады. Осыған орай қазіргі кезеңде саяхатқа қолайлы кемелер жасалуда. Қонақ үй желілерін, мотелдерді, туристік фирмаларды, ақпараттық-жарнамалық қызметті, әртүрлісәндік бұйымдар өндіретін кәсіпорындарды қамтитын туризм индустриясы ерекше орын алады.
Халықаралық туризм маңызды табыс көзіне айналды. Одан түсетін табыс көлемі жөнінен АҚШ бірінші орын алады. Шетел туристерін өзіне тартатын «үлкен үштік» елдері Франция, Испания және Италия енетін басты аймаққа Батыс Еуропа жатады. Азияда туристерді Қытай, Малайзия, Таиланд, Түркия; Солтүстік Америкада АҚШ, Латын Америкасында Мексика туристерді көп қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет