5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Батыс Еуропаның шаруашылығы. Көлік кешені. Сыртқы эклономикалық байланыстары



бет79/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117
12.2 Батыс Еуропаның шаруашылығы. Көлік кешені. Сыртқы эклономикалық байланыстары
Аймақтың минералды ресурстары алуантүрлі болғанымен көптеген пайдалы қазбалардың қоры сарқылуға айналған. Германия мен Ұлыбританиядағы таскөмірдің, Франция мен Швециядағы темірдің мол қоры ХІХ ғасырда қара металлургияның дамуына қолайлы жағдай тудырды. Бірақ геологиялық құрылысының күрделілігіне байланысты Батыс Еуропа елдеріндегі қазір кезеңде өндірілетін тас көмірдің өзіндік құны жоғары.
Батыс Еуропаның отын-энергетика кешені. 12013 жылы Батыс Еуропада дүниежүзінде өндірілетін табиғи газдың 7,6%, мұнайдың 3,8%, электр энергиясының 16,3% өндірілді. 2013 жылы Батыс Еуропада 3157млн тонна мұнай өндірілді. Оның 90% Солтүстік теңіздің қайраңында өндірілді. Аймақ жылына 630 млн тонна мұнай тұтынады. Оның негізгі бөлігін Таяу және Орта Шығыстан, Африкадан, Ресей мен Қазақстаннан импорттайды.
Импорттық мұнайды тасмалдау үшін теңіз порттарынан тұтыну орталықтарына құбырлар торы тартылған. Оның ішіндегі ең маңыздылары Мұнай өңдеу заводтарының қуаты жылына 600 млн тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді.
Аймақта 2013 жылы 256 млрд текше мерт табиғи газ өндіріледі. Оның ¼ бөлігі Нидерландының солтүстік-шығысындағы Гронинген кен орының үлесіне тиеді.
Тас көмірді тұтынатын маңызды сала электр станциялары мен кокс өндіру болып табылады. Аймақта жылына 40-50 млн тонна кокс өндіріледі.
Қазіргі кезде көмір өндіру Ұлыбритания мен Германияда шоғырлануда. 2013 жылы Германияда 196,0 миллион тонна таскөмір өндірілді. Францияда көмір өндіру күрт төмендеп, Нидерланды мен Белгияда мүлдем тоқтатылды. Бұл елдердегі ең маңызды ірі көмір алаптарына Рур (Германия), Иоргшир, Нортумберленд-Дарем және Оңтүстік Уэльс (Ұлыбритания) жатады.
Батыс Еуропа елдері дүниежүзінде өндіретін электр энергиясының 1/6 бөлігін өндіреді. Батыс Еуропаның электр энергетикасында су электр станцияларының үлесінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Су электр станцияларының үлесі 20%, атом электр станцияларынікі 30%. Норвегия, Швеция және Швецарияда электр энергиясы негізінен су электр станцияларында өндіріледі.
Ірі су электр станциялар жүйесі Рона мен оның салаларында, Рейнде, Швецияағы Лулэвел, Испаниядағы Дуэро өзендерінде салынған. Батыс Еуропада дүниежүзіндегі атом электр стнцияларының 1/3 бөлігі шоғырланған. Атом энергиясын тұтыну отын қоры аз Францияда басым. АЭС қуаты жөнінен Франция тек АҚШ-тан ғана артта. АЭС Францияны аймақтағы электр энергиясын экспорттайтын елге айналдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет