5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Халықаралық қаржы-несие қатынастары



бет72/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Халықаралық қаржы-несие қатынастары - халықаралық экономикалық қатынастардың жас әрі біршама белсенді нышары болып табылады. Оның екі бағыты бар. Олар: халықаралық займдар мен несиелер және шетелдік тура қаржыландыру (әсіресе өндіріс пен қызмет көрсету нысандарын салуды қаржыландыратын тура инвестиция).
Қапиталды бірінші және басты экспорттаушылар метраполия елдер (Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Бельгия) болды. Капиталдың басым бөлігі олардың бұрынғы отар немесе жартылай отар елдерінде өндіруші өнеркәсіп пен плантациялық шаруашылықты дамытуға бағытталып отырды. ҒТР басталған кезеңнен бастап өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету қаржыландыруға бас назар аударыла бастады. Шетелдердің тура инвестициясының басым бөлігі экономикасы дамыған елдер арасында жүзеге асырылады. Шетелдерде қаржы-несие қызметінің басты үш орталығы: Жапония, АҚШ және Батыс Еуропа қалыптасты. Капиталл экспорттайтын жаңа екі орталығына мұнай доллардарының ағыны Батыс Еуропаға түсетін мұнай өндіруші Парсы шығанағы елдері мен Сингапурды, Сянган м Тайваньды қамтитын «Азия жолбарыс» елдері енеді
Дүние жүзінің басты қаржы орталықтарына Лондон, Нью-Йорк, Цюрих, Майндағы Франкфурт, Люксембург, Сингапур және т.б. қалалар кіреді.
Халықаралық өндірістік ынтымақтастық. Заттай тетіктей мамандануды, бірлесіп өнім өндіруді, құрылыс саласында ынтымақтастықты, бірлескен кәсіпорындар құруды қамтитын халықаралық мамандану мен кооперацияны қамтиды. Халықаралық өндірістік ынтымақтастық машина жасау өнеркәсібінің автомобиль, зымыран-ұшақ жасау саласында жақсы дамыған. Мысалы, Ұлыбритания мен Франция жылдам ұшатын «Конкорд» әуе лайнерін жасайды. Өскенмендегі Азиявто зауытында Қазақстан мен Чехия бірлесіп «Шкода» жеңіл автомобилін шығарады.
Ғылыми-техникалық байланыстар. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық ҒТР-ға, тек өндіріс пен ғылыми-зерттеу саласындағы мемлекетаралық мамандануға негізделген халықаралық экономикалық байланыстардың маңызды нышандарының бірі. Ол ғылыми-техникалық білім (патенттер, лицензиялар) алмасуды, сонымен қатар, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Мысалы Халықаралық ғарыш бекетінде ғарышты зерттеу, қоршаған ортаны қорғау саласында бірлескен зерттеулер жүргізу.
Трансұлттық корппорация (ТҰК) – бұл экономиканың қандай да бір саласына халықаралық ауқымда күшті ықпал ететін ірі фирма (немесе әр түрліелдер фирмаларының бірігуі).
ХХI-ғасырдың басында дүниежүзінде 70 мың ТҰК мен оның 850 мың филиалдары болды. Олардың 50 мыңы әртүрліелдерде орналасқан іргелі компаниялар. ТҰК үлесіне дүниежүзілік өндірістің 50%-ы және сыртқы сауданың 2/3 бөлігі тиеді. Дүние жүзінің бірінші ондыққа енетін әрбір ірі ТҰК айналымдағы қаржы қоры бірнеше жүз миллиард долларды құрайды (31-кесте).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет