5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет69/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   117
Дүниежүзілік нарық – бұл халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын бір-бірімен халықаралық экономикалық қатынастар арқылы өзара байланысқан жеке елдердің ұлттық нарықтарыныңжиынтығы. Бастапқы кезеңінде халықаралық саудаға әртүрліелдер арасында ресурстардың әркелкі таралуы негіз болса бүгінгі таңда технологияларда қолданылатын ресурстарды тиімді пайдаланудағы айырмашылықтардың маңызы күннен-күнге артуда.
Дүниежүзілік сауда әртүрліелдер жүзеге асыратын сыртқы сауда негізінде қалыптасады.
Сыртқы сауда төленетін сырттан әкелінетін (импорттан) және сыртқа шығарылатын (экспорттан) тауарлардан тұрады. Жекелеген елдердің сыртқы саудасы төменде көрсетілген көрсеткіштермен сипатталады:
- тауар айналымының көлемімен (экспорт пен импорттың жиынтығымен);
- экспорт пен импорттың арасалмағы болып табылатын сыртқы сауда сальдосымен. Егер экспорт импорттан артық болса ел белсенді сауда балансына немесе оң сальдоға, ал экспорт импорттан кем болса енжар (пассивті) сауда балансына немесе теріске ие болады. Экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылық таза экспортты түзеді;
- экспорт пен импорттық квота – жалпы ішкі өнімдегі экспорт пен импорттың сәйкескелетін үлесі. Ұлттық өндіріс көлеміндегі экспорт пен импорттың үлесі елдің халықаралық саудаға енуі мен экономикасының «ашықтық» дәрежесін көрсетеді;
- экспорттық әлеует (экспорттық мүмкіндік) – өз экономикасына зиянын тигізбестен белгілі бір елдің сатылған өнімнің үлесі;
- сыртқы сауда құрылымы сауда жүргізілетін елдерді қамтитын субъектісі мен ел сататын өнім түрлерін құрайтын объектілерден тұрады.
Елдің сыртқы саудасының жағдайы мен оның даму деңгейін өндірілетін тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігі айқындайды.
Дүниежүзілік сауда төменде көрсетілген үш басты көрсеткіш: 1) айналымы; 2) тауардың құрылымы; 3) географиялық таралуы арқылы ерекшеленеді (11.4-кесте).
Сыртқы сауда айналымы дүниежүзілік сауданың көлемі мен қарқынын айқындауға мүмкіндік береді. Ол туралы ұғымды кесте мен суреттегі деректер береді. (11.2-сурет)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет