5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Халықаралық қаржы-қаражат жүйесінің құрылымы



бет74/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Халықаралық қаржы-қаражат жүйесінің құрылымы. Әлемдік қаржы жүйесін халықаралық рынок және оның қатысушы топтарына –мемлекттер,орталық банктер,қаржы мекемелері,ұлттық банктер,сақтандыру компаниялары,
зейнеткерлік және инвестициялық қорлар кіреді.
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесінде ең басты мәселе қаржы-валюта қатынастары. ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын жеделдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын құруды, әртүрліелдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздеді. Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді
Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Қаржы нарығы біріне бірі байланысты және бірін бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма қол ақшаны ғана емес, сондай – ақ қолма – қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды. Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады. Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді. Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арнауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе теңдігі;
2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма – қол және қолма – қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресуртарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі.
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:
1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арсында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою.
3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғату; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.
Валюталық қатынастар жеке елдердің экономикалық дамуына ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет