12.4 Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің шаруашылығы. Көлік кешені сыртқы экономикалық байланыстары Өнеркәсібі. Отын-энергетика өнеркәсібі мұнай тапшылығына байланысты тас көмір мен қоңыр көмірге негізделген.Тас көмірдің аса ірі қоры Польша жеріндегі Жоғарғы Силезия мен Острава-Корвин, Болгариядағы Орталық Марица кен орындарында шоғырланған. Соңғы кезде атом энергетикасы кеңінен қолданылуда. Оларға дүние жүзіндегі ірі Козлодуй (Болгария), Трнава (Словакия), Пакш (Венгрия) атом станциялары жатады. Сонымен қатар Румыния мен Югославия бірлесіп жасаған Дунайдағы "Темір қақпа" деп аталатын су электр станциялары жүйесін (оның қуаты 2,1 млн кВт/сағат, электр энергиясы өндіретін) жатқызуға болады.
Металлургия өнеркәсібі соғыстан кейінгі кезеңде аймақ елдерінің (Балтық бойы елдерінен басқа) барлығында дерлік қарқынды дамыды. Түсті металлургия жергілікті шикізат, ал қара металлургия өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізатты пайдаланады. Польшадағы Краков пен Катовице, Чехиядағы Острава мен Орталық Чехия металлургия базасы, Словакияның Кошице қаласындағы Орталық Словакия комбинаты, Венгриядағы Дунайуварош комбинаты, Румынияның Галац қаласындағы толық циклді комбинаттары аймақтағы ең басты қара металлургия базалары болып табылады.
Венгрия әлемге ірі боксит-алюминий өнеркәсібімен әйгілі. Ол боксит өндіру, глинозем шығару, алюминий қорыту және одан әр түрлі бұйымдар жасау сияқты төрт сатыдан тұрады. Сонымен қатар алюмииий өндірісі Словенияда (Драва өзеніндегі СЭС-тер тізбектері қасында) да жақсы жолға қойылған.
Машина жасау өнеркәсібі — аймактағы ең маңызды өнеркәсіп саласы. Әсіресе Чехияда машина жасау өнеркәсіптің маманданған жетекші саласы, сыртқа машина жасау өнімдерінен прокат стандары, ұста-пресс, кәсіпорындаға қажетті құрал-жабдықтар, есептеу техникалары, тұрмысқа қажетті техника түрлерін көптеп шығарады. Ірі орталықтары — Прага, Пльзень және Брно қалалары.
Пльзеньде аса ірі Шкода комбинаты орналасқан. Польша ауыр машина жасау, станоктар, жолаушы және жүк вагондары, кеме жасау, электронды жабдықтар (ірі орталықтары — Варшава, Познань, Вроцлав, Гданьск); ал Румыния тракторлар мен комбайндар, электровоз, автомобиль, мүнай өнеркәсібіне кажетті бұрғылау қондырғылары (ірі орталықтары Бухарест пен Брашов); Венгрия электровоз, жолаушы вагоны, өзен кемелері, дизельді пойыз, автобус (Икарус), электротехникалық және электронды есептеуіш машиналар жасауға маманданған. Болгарияда әр түрлі машиналар жасау орталығы — София, кеме жасау — Варна, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау — Русе қаласында орналасқан. Балтық бойы елдері электротехника, тұрмысқа қажетті техникалық бұйымдар шығаруға маманданған.