Сыртқы экономикалық байланыстары. Сауда – Батыс Европа елдері үшін ішкі экономикалық байланыстардың ең маңызды түрі. Оның ауқымы мен маңызы 2 дүние жүзілік соғыстан кейін ҒТР нәтижесінде күрт артты.Әсіресе дүние жүзі импортта энергия тасымалдаушылар мен минералды шикізаттың және экспортта машиналардың және өндірістік құрал – жабдықтардың, химикаттардың ролі маңызды. Барлық сыртқы сауда өнімі бойынша Германияның машина жасау кешені Жапониядан кейін екінші орынды алады, сол сияқты Италияның, Францияның көрсеткіштері де зор. Ұлыбритания мен Ирландия саудаға ЭВМ шығарудан алда. Сыртқа сауда айналымының бағасы көптеген елдерде ( әуелі Германия сияқты да үлкен елдерде ) ЖІӨ 1/3 дейін көбейеді.Сыртқы сауда айналымы Батыс Европада АҚШ пен Жапонияға қарағанда 2 есе жоғары, және Бельгияда Люксембургпен қоса алғанда 22-25 мың долларды, Нидерланды мен Швейцарияда 3-5 мың долларға дейін жетеді.
Дүние жүзілік сауданың 40-45 пайызы осы аймақтың үлесіне тиеді.Бұл АҚШ – қа қарағанда 3 есе көп. Соңғы жылдары экспорт бағасы бойынша импортты жоғарлатты. Греция , Испания, Италия үшін сауда бәсең , ал Германия ең ірі тұрақты белсенді сыртқы саудасы бар ел. Ол экспортқа көп мөлшерде машина және құрал – жабдықтар шығарумен түсіндіріледі.
Сыртқы сауда операцияларының 60%- дан астамы аймақ елдерінің өзара саудасының үлесіне келеді, бұны аймақ елдерінің коммерциялық құрамдасуының жоғары деңгейі дәлелдейді, тағы 16 %- дан – АҚШ – пен, Жапониямен және т. б . экономикасы дамыған нарықтық елдермен саудасына келеді; 20 пайызы – дамып келе жатқан елдер үлесіне және 4-5 пайызы – бұрын Кеңес мемлекеттерінің үлесіне тиеді.ЕС – да Нидерландының , Бельгияның және Люксембургтің экономикасы күштірек интеграцияланған . Бұлар Европалық интеграцияның тарихи ядросы.Товарлардың басты мемлекетаралық ағымдары : Германия – Франция және Германия – Нидерланды.
12.3 Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің табиғат ресурстары мен жағдайы даму ерекшеліктері. Халқы мен еңбек қорлары Аймақ құрамына Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Сербия, Черногория, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония, Албания, Балтық бойы елдері — Латвия, Литва, Эстония кіреді. Орталық және Шығс Еуропа елдері XX ғасырда тарихи-әлеуметтік және экономикалық даму жағдайының ортақтығымен ерекшеленген.
Аймақтың саяси картасының қалыптасуына, негізінен, XX ғасырдағы, әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы кезеңдегі саяси оқиғалар себепші болды. Югославияда монархиялық билік құлатылып, 6 республикадан тұратын Федерациялық Республикасы жарияланды. 1944-1945 жж. шекаралары анықталды.
1946 жыл Албания, 1947 жылы Болгария мен Румыния республика ретінде жарияланды. Румыния, Болгария, Венгрияның Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі шекаралары қалпына келтірілді. 1989-1990 жж. Болгария, Румыния, Чехословакия, Польша, Венгрияда саяси жүйе түбегейлі өзгерді.
1991 жылы КСРО ыдырауы негізінде Эстония, Литва, Латвия тәуелсіздігін жариялады. Югославия ыдырап, оның орнында Словения, Македония, Босния және Герцеговина, Сербия және Черногория пайда болды. 1993 жылы Чехословакия Чехия және Словакия Республикаларына бөлінді.
Орталық және Шығс Еуропа елдері Балтық, Адриат және Қара теңіздері аралығындағы біртұтас аумақтық бөлікті алып жатыр. Аймақтың бес елі арқылы Дунай өзені ағып өтеді, ол Венгрия мен Словакия елдерінің мұхитқа шығу мүмкіндігін туғызады.