Электротехника және электронды өнеркәсібі. Электротехника және электронды өнеркәсібі ірі көлемді күрделі, әсіресе энергетикалық құрал-жабдықтар, электроны, радио және телефон аппараттарын сонымен қатар электронды тұрмыстық техникалар шығаруға мамандануымен ерекшеленеді. Ұлыбритания мен Италия тоңазытқыш пен кір жуатын машиналарды, ал Нидерландның «Филипс» фирмасы радиоқабылдағыштар мен телевизор, электр шамдарын, рентген аппараттарын және тағыда басқа күрделі медициналық құрал-жабдықтар шығарудан дүниежүзінде жетекші орын алады.. Батыс Еуропадағы машина жасау кешенінің жалпы даму деңгейіне қарай төмендегі топтарға бөлуге болады:
1) Германия – машина жасаудың жоғарғы даму дәрежесіне ие, көп салалы машина жасау өнеркәсібінің шикізатын экспортқа шығару жөнінен алдыңғы орындағы ел;
2) Франция, Ұлыбритания мен Италия машина жасау өнеркәсібінің ірі ауқымдылығымен көп салалығымен ерекшеленеді;
3) Швейцария, Австрия, Швеция, Нидерланды, Бельгия, Норвегия, Финляндия-машина жасау кешенінің жеке салаларын экспорттау жөнінен жоғары даму дәрежесіндегі елдер;
4) машина жасау кешені орташа дәрежедегі елдер – Испания, Дания ;
5) машина жасау өнеркәсібінің даму деңгейі төмен елдер – Греция, Португалия, Исландия. Бұл елдерде машина жасау кешені өнеркәсіптің 18-23% құрайды. Металл өңдеу, күрделі емес машина шығару, көліктік құрал – жабдықтарды жинауға үлкен мән берілед.
Батыс Еуропаның химия өнеркәсібі. Батыс Еуропа әлемде химия өнеркәсібі жөнінен жетекші рольге ие. Мұнда әлемде өндірілетін барлық химикаттардың 1/5 бөлігі шығарылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін химия өнеркәсібі көптеген салалары дами бастады. Әсіресе, импорттық шикізат көзі ретінде пайдаланылатын мұнай – химия саласы жоғары дамыды.
Өнеркәсіп салалары негізінен теңіз порттарына жақын маңда салынды. Бірақ, соңғы уақыттарда бұл саланың өсу темпі баяулап, кризисті жағдайлардың жоғарылауы байқалып отыр. Басты себептері: «дәстүрлі» химикаттарға сұраныстың азаюы, өндірістің құрылымдық-технологиялық қайта құрылуы, химикаттардың өте төмен бағада импортталуы.
. Енді Батыс Еуропаның ірі 10 өндіріс корпорациясының 3-еуі фармацевтика саласына маманданған. Аймақтағы өндіріс өнімінің жалпы құнының 20 пайызын химикаттар құрайды. Әсіресе, жұқа органикалық синтезді товарлар үлкен экспорттық мәнге ие.
Көптеген елдер мынадай салалар бойынша маманданған: Германия – бояу заттар мен пластмасса, Франция синтетикалық каучук, Бельгия – химиялық тыңайтқыштар мен сода, Швеция мен Норвегия – электро және вғаш химиясы, Швейцария фармацевтика саласына және т.б. Аймақтың барлық химия өнеркәсібінде Германияның ролі одан кейін Франция мен Ұлыбританияның ролі жоғары.