Негізгі пассивтік шоттар капиталдар мен қорлардың өзгерісінің алынған қаржыландырудың, несиенің, қарыздың, ұйым міндеттемелері мен кредиторлармен есеп айырысулардың есебін жүргізуге арналған. Сальдо тек кредиттік болуы мүмкін, ол меншікті және қарыздық қорлану көздері мен басқа ұйымдар мен жеке адамдар алдындағы борыш сомасын көрсетеді. Бұл шоттардың кредитінде қорлану көздері мен борыштардың нақты бары мен артуы, ал дебетінде олардың азаюы көрсетіледі.